• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

БҰҰДБ мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейі бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынды

11.03.2021
0
БҰҰДБ мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейі бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынды
364
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 11 наурыз — Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 2020 жылы жүргізген мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейін бағалау жөніндегі әлеуметтік зерттеудің нәтижелерін ұсынды.

Зерттеу Қазақстандағы мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға жаңа ережелер енгізілгеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау деңгейін талдауға бағытталды. Сауалнамаға барлығы 7000 респондент, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, сондай-ақ
тәуелсіз сарапшылар қатысты.

«БҰҰ Даму Бағдарламасымен ынтымақтастық Агенттік қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Біздің ұйымдар көптеген мәселелер бойынша белсенді жұмыс істейді. БҰҰДБ қолдауымен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге байланысты көптеген жобалар жүзеге асырылды, бұл Агенттіктің әлеуетін нығайтуға, Қазақстандағы мемлекеттік қызмет жүйесін  дамытуға және мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға оң әсер етуде. Осы сауалнама Агенттікке мемлекеттік аппарат этикасын жақсарту бойынша одан әрі шаралар әзірлеуде айтарлықтай көмек көрсетеді деп сенемін. Сондай- ақ, бұл кездесу Агенттік пен БҰҰДБ арасындағы мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастықты нығайтудағы тағы бір қадам болады деп үміттенемін», — деді Азамат Жолманов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Стратегиялық даму және халықаралық бағдарламалар департаментінің директоры.

«БҰҰДБ Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен ұзақ мерзімді серіктестікті  жоғары бағалайды, оның аясында бірқатар сәтті жобалар мен маңызды бастамалар жүзеге асырылды. Біз мемлекеттік қызметтегі этика мен адалдық қағидаттарының орындалуына қолдау көрсететін боламыз», — деді Константин Сокульский, Қазақстандағы БҰҰДБ-ның тиімді басқару департаментінің директоры, зерттеу нәтижелерін таныстыруға арналған іс- шарада.

Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің үштен бірі  (37,5 пайызы) мемлекеттік қызметшілердің жартысынан көбі Әдеп кодексін сақтайды деп санайды. 34,9% — ы мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық әдебіне қатысты жағдай жақсарып келеді деп санайды; 31% — ы жағдайдың әрдайым жақсы болып қалатынына сенімді.

Респонденттердің басым көпшілігі мемлекеттік қызметшінің әдепке жат мінез-құлқына, әсіресе немқұрайлылық, назар аудармау, көмек көрсетуден бас тарту, дөрекілік, маңызды ақпаратты жасыру, жеке мүддесіндегі қатысты іс- әрекеттерді түзету үшін қандай да бір шаралар қолданған жоқ.

2020 жылдың нәтижелерін 2017, 2018 жылдардағы нәтижелермен салыстырсақ, айтарлықтай өзгерістерді көруге болады, яғни мемлекеттік қызметшілерге қатысты әдепке сай емес мінез-құлқына байланысты шаралар қабылдауға мәжбүр болған респонденттердің пайызы айтарлықтай төмендеді. Мысалы, егер 2018 жылы 34,7% респондент мемлекеттік қызметшінің әдепке жат мінез-құлқына қатысты шаралар қабылдауға тура келді деп жауап берсе, 2020 жылы мұндай респонденттер үлесі 13,4% болды.

Респонденттердің басым көпшілігі (92,8%) карантин кезінде мемлекеттік қызметшілермен әрекетке түсу барысында әдепке қатысты қандай да бір проблемаларды байқамаған. Тек 10 респондент (0,4%) карантин кезінде әдепке байланысты бұзушылықтарды байқағанын айтты.

Сауалнамаға сәйкес, сұралған мемлекеттік қызметшілердің 85,7% — ы Әдеп жөніндегі кеңеспен және оның шешімдерімен істерді қарау рәсімдерінің әділдігіне сенеді. 2017, 2018 жылдардың нәтижелерімен салыстырғанда мемлекеттік қызметшінің әдебін сақтауға жауапты органдар мен институттар рәсімдерінің
әділдігіне деген сенімнің өскенін көруге болады. 2020 жылы Әдеп кодексінің мазмұнымен танысқан мемлекеттік қызметшілердің саны өсті.

Бұдан басқа, 2021 жылы Агенттік алғаш рет Әдеп жөніндегі уәкілге әдептілік деңгейін айқындау үшін әрбір мемлекеттік органның ресми сайттарында сауалнама орналастыруды ұсынды, оған барлық азаматтар қатыса алады. Осылайша, әрбір азамат сауалнамаға қатыса алады.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейінің және Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің рейтингтері осы жерде қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru

Сауалнама БҰҰДБ мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бірлескен жобасы шеңберінде жүргізілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына  қойылған сұрықсыз  ескерткіші сүрілетін болды

Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына қойылған сұрықсыз ескерткіші сүрілетін болды

3
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

3
Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

29.07.2025
Қытайдан Қазақстанға 10,2 млрд текше метр су келді

Қытайдан Қазақстанға 10,2 млрд текше метр су келді

29.07.2025
Зиянды жұмыс істеген 4 мыңға жуық адам арнайы төлем алды

Зиянды жұмыс істеген 4 мыңға жуық адам арнайы төлем алды

29.07.2025
Тау-кен ісі және геология мамандықтары ҚР-да танымал бола түсуде

Тау-кен ісі және геология мамандықтары ҚР-да танымал бола түсуде

29.07.2025
Судьялардың әдеп стандарттары

Астаналық ерлі-зайыпты ұлының еміне ақша жинап, алаяқтық жасаған

29.07.2025
Қазақстанда жаңа 75 мамандық пайда болды

Қазақстанда жаңа 75 мамандық пайда болды

29.07.2025
Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы көтерілді

Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы көтерілді

29.07.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский