Оның сөзінше, Ішкі істер органдарындағы қызмет – ең сұранысқа ие мемлекеттік лауазымдардың бірі.
Полицияға қызметке 18 жастан 35 жасқа дейінгі, құқықтану және педагогика саласында жоғары немесе арнаулы орта білімі бар, Қазақстан Республикасының әскерлерінде әскери қызмет өткерген, бойы ерлер үшін кемінде 170 см және әйелдер үшін 160 см болатын Қазақстан Республикасының азаматтарына рұқсат етіледі.
Қазіргі уақытта полицияда тергеушілер, криминалистер, жедел уәкілдер, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлар және патрульдік полиция инспекторлары бос жұмыс орындары бар.
Бос лауазымдарға үміткерлер компьютерлік тестілеуден, медициналық және полиграфиялық тексеруден, сондай-ақ дене шынықтыру сынақтарынан өтеді.
Сонымен қатар, 11-сыныпты бітіргеннен кейін ҚР ІІМ Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай академияларына түсуге мүмкіндік бар.
Оқуға түсу үшін түлек, ең алдымен, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болуы және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сай болуы, жауапты, ұстамды және қызметке адал болуы тиіс.
Өтінішті аумақтық полиция бөлімінің кадр қызметіне немесе тұрғылықты жері бойынша оқу орнына және электрондық форматта оқу орындарының ресми сайттары арқылы беруге болады.
Өңірлік коммуникациялар қызметі