Салтанатты шарада облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қоныс той иелерін қуанышымен құттықтап, баспана кілтін табыс етті.
Пәтерге ие болу бақыты бұйырған жандардың арасында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі бақылаушылық қызмет бөлімінің бастығы, әділет капитаны Бахтияр Махатов та бар.
Айта кетейік, Бахтияр Қанатұлы 2008 жылдың сәуір айынан бері құқық қорғау органында қызмет етіп келеді.