«Мемлекет басшысының жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.
Барлыбаев туралы не белгілі?
Төлежан Барлыбаев Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген. Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін (Мәскеу) бітірген. Әр жылдары Президент әкімшілігінде, бірқатар елшілікте жұмыс істеді.