7 қаңтарда сағат 14:00-ден бастап Ұлытау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Жезқазған — Петропавловск автожолының 137-252 шақырым аралығында (Ұлытау ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр.
Қостанай облысы
7 қаңтарда сағат 14:00-ден бастап Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Жезқазған — Петропавловск автожолының 252-339 шақырым аралығында (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысы шектеледі.
Жолдар 2025 жылғы 8 қаңтар сағат 07:00-де ашылады.
Компания 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын хабарлады.