Министр бұл шаралар кәсіби және жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға, сондай-ақ, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын мәлімдеді.
«Бүгінде ШҚО-ның бірқатар ауданында (Қатонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Күршім) жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін түзетіліп, тұрғындар тарапынан оң баға мен қолдау тапты. Қажет болған жағдайда осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде қолданады», — деді Арман Шаққалиев.
Еске салайық, 5 қаңтардан бастап Катонқарағай ауданының 17 ауылы жұмыс күнін 08:00-де бастап, 17:30-да аяқтайтын «жеке» жұмыс кестесіне көшті, ал 24 ақпаннан бастап Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарының тұрғындары да осы тәртіпке өтті.
5 наурыздан бастап Зайсан, Күршім, Тарбағатай және Самара аудандарының тұрғындары да жұмыс күнін бір сағат ертерек бастайтыны белгілі болды.