Брифинг барысында Қазақстан-Вьетнам арасында визасыз режимнің енгізілу мерзімі анықталды.
2023 жылғы 21 тамызда Ханой қаласында (Вьетнам) қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім 2024 жылғы 25 мамырдан бастап күшіне енеді.
Келісім екі елдің азаматтары – ұлттық паспорттардың иелері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді. Екі елдің азаматтары Қазақстан немесе Вьетнамға кірген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн, ал 6 айдың ішінде жалпы алғанда 90 күнтізбелік күн бола алады.
ҚР СІМ баспасөз қызметі