Италияның Пезаро қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогі өз мәресіне жетті.
Елжана Тәниева шығыршықпен орындалатын жаттығулар финалында 8-орын, таспамен өнер көрсетуде 5-орын иеленді. Сондай-ақ ел тарихында тұңғыш рет топтық жаттығулар бойынша Қазақстан командасы әлем кубогінің финалында өнер көрсетті. Қыздарымыз шығыршықпен өнер көрсетуде 6-орынға ие болса, доп пен таспа жаттығуларында 8-орынға тұрақтады.
Қазақстандық гимнастшылардың келесі жарысы Азия чемпионаты болмақ.
Дереккөз: aikyn.kz