• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда онкологиялық дертті емдеудің тәсілдері жаңартылады

Бүгін ОКҚ алаңында Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Қазақстандағы онкологиялық көмекті кешенді жаңғырту туралы айтты.

12.10.2023
0
Қазақстанда онкологиялық дертті емдеудің тәсілдері жаңартылады
101
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Онкологиялық аурулар мәселесі бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үшін басымдық болып қала береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, ерте ме, кеш пе планетаның әрбір 5 тұрғыны обырға шалдығады. Әрбір 8-ші ер адам және әрбір 11-ші әйел осы аурудан қайтыс болады. Өлім бойынша обыр жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін екінші орында. Қазақстанда соңғы 20 жылда онкопатологиямен сырқаттанушылық 25% — ға өсті», — деді В.Дудник.

Сырқаттанушылық статистикасы туралы айта отырып, елімізде жыл сайын 30 мыңға жуық жаңа онкологиялық жағдайлар анықталатынын еске салғанымыз жөн. Елімізде динамикалық бақылауда 217 мыңнан астам пациент бар және олардың жыл сайынғы өсімі шамамен 5%-ды құрайды.

Сонымен қатар, обыр әйелдердің арасында жиі кездеседі және бірінші орында — сүт безі обыры (13%), жыл сайын орта есеппен 5 мың әйелге СБО диагнозы қойылады. Екінші орында — өкпе обыры (10%), үшінші орында – ішек обыры (9%). Елімізде жыл сайын 13 мыңнан астам адам обырдан қайтыс болады.  Ер адамдар обырдан жиі қайтыс болады (53%), бұл өлім құрылымымен байланысты.

В. Дудник түсіндіргендей, ересектерге онкологиялық көмек үш деңгейде жүзеге асырылады.

«Алғашқы көмек тұрғылықты жері бойынша МСАК ұйымдарында көрсетіледі. 2 мыңнан астам тексеру кабинеті және 500-ден астам онколог дәрігердің кабинеті жұмыс істейді. Онкопатологияның ерте диагностикасы (0-I кезең) онкологиялық қызметтің тиімді жұмысын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады», — деді вице-министр.

Ол соңғы жылдары бұл көрсеткіштің өсуі байқалып отырғанын және бүгінгі күні ол шамамен 30%-ды құрайтынын, бұл 5 жылдық өмір сүру ұзақтығын 90%-ға дейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Дамыған жағдайларда 5 жылдық өмір сүру деңгейі 20%-дан аспайды.

Үкімет қабылдаған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде 5 негізгі бағыт іске асырылатын болады.

Бірінші бағыт  «Қауіп факторларының профилактикасы және басқару», оның шеңберінде онкологиялық сақтану және онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау және емдеуді уақтылы бастау үшін скринингтен өту қажеттілігі бойынша халықтың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілетін болады.

Сондай-ақ өлімнің негізгі себебі ретінде өкпе обырын ерте анықтауға скрининг енгізу жоспарлануда.

Жасөспірім қыздардың арасында 2024 жылдан бастап кезең-кезеңімен адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау басталады. Мысалы, Швеция мен Аустралияда HPV вакцинациясын енгізгеннен кейін, вакцинацияланғандардың арасында жатыр мойны обыры жағдайлары тіркелмегені атап өтілді.

Екінші бағыт – «Жоғары тиімді ерте диагностика» шеңберінде скрининг және уақтылы тексеру жүргізу үшін емханалар мен онкологиялық орталықтарда диагностикалық және зертханалық жабдықтарды жаңарту көзделген.  Сондай-ақ, әрбір өңірлік онкологиялық орталықта мамандандырылған зертханалар мен диагностикалық блокты қажетті жабдықтармен жабдықтау жоспарлануда.

Онкологиялық науқастарды сәулелік терапиямен қамтуды 33%-дан ДДҰ ұсынған 50%-ға дейін ұлғайту үшін кешенді жоспар шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының қатысуымен өңірлерде сәулелік терапия жүргізу үшін 16 желілік үдеткіш, сондай-ақ брахитерапия үшін 13 аппарат және жақын фокустық терапия үшін 17 аппарат орнату жоспарлануда.

Бұдан басқа, химиялық және иммундық-онкологиялық препараттар желісі кеңейтіледі, гендік инженерияны, радиофармацевтикалық дәрілік заттарды пайдалана отырып терапия енгізіледі.

ЖАО-ның есебінен Алматы, Атырау, Жетісу, Ұлытау облыстарында және Алматы қаласында жаңа онкологиялық орталықтар салуға ЖСҚ әзірлеу жөніндегі іс-шара енгізілді. Республикалық бюджеттің есебінен Қостанай, Ақтөбе қалаларында радиологиялық және реанимациялық-операциялық блокты реконструкциялау көзделген. «Паллиативтік көмек және оңалту» бағыты бойынша жылжымалы паллиативтік бригадалар, оңалту көмегіне арналған төсек қорының санын ұлғайту көзделген,  ауырсынуды басатын дәрілердің спектрі кеңейтілетін болады.

В. Дудник Астана қаласында онкологиялық көмек көрсету бойынша жоғары технологиялық клиникалардың әлемдік стандарттарына сәйкес келетін, елдің ғылыми-білім беру орталығы болып табылатын Ұлттық ғылыми онкология орталығының құрылысы аяқталатынын еске салды.

Осы орталықтың базасында сәулелік және протондық терапия, радионуклидтік диагностика және терапия орталықтары, ісік геномы зертханасы жұмыс істейтін болады.

«Бұл ауқымды қаржыландырылатын онкология бағдарламасы алғаш рет әзірленді және біз онкологиялық аурулардан болатын өлімнің төмендеуін және онкологиялық науқастардың 5 жылдан астам өмір сүруінің 60%-ға дейін ұлғаюын күтеміз», — деп түйіндеді Денсаулық сақтау вице-министрі.

Тегтер: вице-министрҚР Денсаулық сақтау министрлігіобыр дерті
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты