Қоғамдық тамақтану орындарының ең көп саны – Алматы (2 427 мекеме), Астана (2 252) қалалары және Қарағанды облысында (1 333).
Тамақтану орындарының ішінде мейрамханалардың саны айтарлықтай өзгермеген – бір жыл ішінде 55 бірлікке артып, 2 358-ге жеткен. Асханалардың саны 4,3% өсіп, 5 383-тен 5 618-ге дейін жеткен. Ең жоғары өсім кафелер арасында, олардың саны 4 479-дан 5 202-ге дейін көбейіп, 16,1% артқан.
Мейрамханалардың ең көп саны Астанада (524), Алматыда (446) және Ақтөбе облысында (161) шоғырланған. Кафелер саны бойынша Астана (643), Алматы (618) және Қарағанды облысы (589) көш бастап тұр.
2024 жылы тамақтану және сусын бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 1,5 трлн теңгені құрады.
Ұлттық статистика бюросы