• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда болған ірі әуе апаттары

Бүгін Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Елімізде болған ірі ұшақ апаттарының хронологиясын ұсынамыз.

25.12.2024
0
Қазақстанда болған ірі әуе апаттары
63
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Forinsurer басылымының 1974-2024 жылдардағы әлемдегі ең ірі ұшақ апаттарының статистикасы бойынша, әуе трагедияларының негізгі себебі — адам факторы (экипаждың немесе диспетчердің қателігі).

Ең қорқынышты ұшақ апаты 1977 жылы екі авиалайнердің қатысуымен Канар аралдарында болды: голландиялық KLM Tenerife Boeing-747 әуежайдан ұшуға тырысқанда тұманда PanAm Boeing-747-ге соқты. Соқтығысу нәтижесінде 578 адам қаза тапты. Әуе лайнерлерінің қақтығысы тілдік кедергінің салдарынан болды: голландиялық ұшқыштар испан акцентімен ағылшын тілінде сөйлейтін диспетчердің командаларын дұрыс түсінбеген.

1985 жылы соңғы 40 жыл ішінде бір ұшақ құлаған кезде ең көп жолаушы қаза тапқан ұшақ апаты болды. Жапондық Boeing-747 бортында 524 адам болды, олардың төртеуі ғана құтқарылды. Бұл апаттың себебі — сапасыз жөндеу.

1974-2024 жылдардағы әлемдегі ең ірі ұшақ апаттарының тізімінде Қазақстан да бар. Бір байқағанымыз, Қазақстанда адам көп қаза тапқан әуе апаттары желтоқсан-қаңтар айында болған.

Қазақстанда болған ірі ұшақ апаттары

Ми-8 ұшағының апаты

2009 жылы 8 қыркүйекте Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасының «Арлан» барлау-іздеу тобының Ми-8 ұшағы қазақ-өзбек шекарасының маңындағы Өгем шатқалында апатқа ұшыраған.

Тікұшақта экипажды қоса есептегенде 13 адам болған. Ми-8 тікұшағының апатынан 10 адам қаза болды, қалған үшеуі ауыр жараланған.

АН-72 ұшағының апаты

2012 жылы 25 желтоқсан күні Астанадан Шымкентке ұшқан АН-72 ұшағы Шымкент әуежайына 20 километр қалғанда апатқа ұшыраған. Ұшақ радардан жергілікті уақыт бойынша сағат 18:55-те жоғалып кеткен. Борттағы барлық 27 адам (7 экипаж мүшесі, 20 жолаушы) қаза болды. Жолаушылардың ішінде ҚР Кеден қызметінің полковник Тұрғанбек Стамбеков, оның орталық аппараттағы офицерлері және «Оңтүстік» кеден қызметінің әскерилері болған.

CRJ-200 ұшағының апаты

2013 жылы 29 қаңтарда SCAT компаниясына тиесілі Bombardier CRJ-200 ұшағы Көкшетау-Алматы авиарейсінде Алматы облысындағы Қызылту елді мекеніне құлады. Борттағы 21 адамның (5 экипаж мүшесі, 16 жолаушы) барлығы қаза болды. Апатқа ауа-райы мен экипаждың қателігі себеп болған. Экипаж көру мүмкіндігінің нашар жағдайында ұшу биіктігін негізсіз төмендеткен. Экипаждың негізсіз шешімі жер бетімен соқтығысуға алып келді.

Ан-2 ұшағының апаты

2015 жылы 20 қаңтарда Ан-2 ұшағы сағат 15.40 шамасында «Шатыркөл» кен орны ауданында апатқа ұшыраған еді. «Олимп Эйр» серіктестігіне тиесілі ұшақ Балқаштан кен орнына ұшып шыққан. Ұшақтың апатқа ұшырауына тұман себеп болуы мүмкін деген жорамал айтылды. Ұшақтың бортында жеті адам болды, оның үшеуі — экипаж мүшесі.

Ми-2 тікұшағының апаты

2016 жылы 23 қаңтарда Жамбыл облысында апатқа ұшыраған Ми-2 полицияның тікұшағы болып шықты. Апатқа ұшыраған тікұшақтың пилоты қайтыс болды. Ол ауруханада күйік шалғандардың бөлімінде қайтыс болды.

600-N азаматтық тікұшағының апаты

2016 жылы 27 қаңтарда астана уақыты бойынша 17.47-де Алматы облыстық ТЖД-ның Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 15.45-те Алакөл ауданындағы Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ауруханаға «Аспан» акционерлік қоғамының меншігіндегі UP-MD 600-N азаматтық тікұшағының науқас баланы алып шыққаны туралы хабарлама келіп түскенін айтқан болатын. Тікұшақ бортында болған бес адам қаза тапқан.

Ми-8 тікұшағының апаты

2019 жылы 27 наурызда Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Қызылорда облысындағы Жалағаш ауданының маңында Ми-8 тікұшағы апаты салдарынан 13 әскери қаза тапқан. Төрт тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған еді. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және «Алтын жебе» арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған.

Fokker 100 ұшағының апаты

2019 жылы 27 желтоқсан күні таңертең Bek Air әуе компаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Fokker 100 ұшағы әуелі радардан жоғалып кетті. Кейін 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі мінген ұшақтың Алматы маңында апатқа ұшырағаны белгілі болды. Әуелі 15 адам қаза тапқаны хабарланды, кейін Ішкі істер министрлігі мен Алматы әкімінің баспасөз қызметі құрбандар саны 12 екенін және 68 адам жарақат алғанын нақтылады. 2019 жылдың 28 желтоқсаны жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.  Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.

Қазақстанның Көлік министрлігі де төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. 

Төтенше жағдайлар департаменті Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтан 25 адам аман қалғаны мәлімдеді.

«Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтыланыпа жатыр. Алдын ала аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада. 

Тегтер: Ақтаудағы ұшақ апатыұшақ апаты
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты