• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда 17,9 млн гектар жерге егін егілді

Павлодар облысы әкімдігінде ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен көктемгі дала жұмыстарын жүргізу мәселелері және мемлекеттік қолдау шаралары қаралды.

07.06.2024
0
Қазақстанда 17,9 млн гектар жерге егін егілді
24
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Кеңеске Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов, қаржы институттары мен агроқұрылымдардың басшылары, аудан әкімдері қатысты.

Жиынға қатысушылар Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау, оның ішінде 5 жыл ішінде жалпы АгроӨнім көлемін 2 есеге ұлғайту, өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізу бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады.

Облыс әкімі Асаин Байханов көктемгі егіс жұмыстарының барысы туралы айтып, биылғы маусымның күрделі кезеңіне қарамастан, фермерлер көктемгі дала жұмыстарын сәтті жүргізіп, 15 маусымға дейін аяқтайтынын атап өтті. Майлы және жемшөп дақылдарының егістігін кеңейту есебінен биыл егіс алқабы 20 мың гектарға ұлғайтылып, 1,7 млн гектарды құрайды.

  «Облыс 175 мың тонна көлемінде тұқыммен толық қамтамасыз етілген. 17 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Арзандатылған дизель отынын жөнелту кесте бойынша жеткілікті мөлшерде жүргізіледі. 27 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алынды», — деді өңір басшысы.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров барлық өңірлерде егіс жұмыстары жүргізіліп жатқанын, бүгінгі күнге дейіе 17,9 млн га егіс алқабына дәнді, көкөніс, жемшөп, майлы дақылдар, картоп, қант қызылшасы мен мақта егілгенін атап өтті.

Осы жылдың 15 мамырынан бастап дизель отынын бөлу ережелеріне өзгерістер енгізілді.

Жалпы, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 376,0 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді, өңірлерге 274,4 мың тонна (73%) жөнелтілді. Әкімдіктер мен фермерлердің өтініштері бойынша дақыл түрлері бойынша және бір гектарға дизель отыны шығысының бірыңғай базалық нормативтері алынып тасталды. Егер бұрын дәнді дақылдар бойынша нормативтер 1 гектарға 15 литрді құраса, қазір орта есеппен 17-18 литрді құрайды. Бұл өзгерістер дизель отынын биылғы егін жинау жұмыстарына бөлу кезінде күшіне енеді.

Тыңайтқыштарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында отандық тыңайтқыштар үшін субсидиялаудың 60% ұлғайтылған нормативін көздейтін аванстық субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілді. Сонымен қатар, бөліп төлеу мәселесі отандық тыңайтқыш өндірушілермен пысықталды.

Ағымдағы жылы үкімет көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландырудың барлық мәселелерін шешті.

«Бүгінге дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау бойынша теңдессіз шаралар қолға алынды. Алғаш рет Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына 400 миллиард теңгеге дейін қосымша қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда 687 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтініштер түскен.

Жеңілдікті несиелеудің қосымша көлемін қамтамасыз ету үшін Министрлік субсидиялаудың қолданыстағы тетіктеріне өзгерістер енгізуді көздейді.

Біріншіден, шаруалар 5 пайыздан аспайтын жеңілдетілген мөлшерлемемен несие алады, екіншіден, несиелер бойынша кепілмен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту мақсатында несие шарты сомасының 85 пайызы көлемінде кепілдік тетігі қарастырылған», — деп қорытындылады Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ, министрдің Павлодар облысына жұмыс сапары аясында өңір тұрғындарымен кездесу өтті.

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Тегтер: ауыл шаруашылығы министрлігіАШМдала жұмыстарыегін егу
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский