Қазақстан Украина Қарулы күштерінің қажеттілігі үшін ресейлік әскери өнімдерді сатып алу туралы «Укрспецэкспортпен» келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын хабарлаймыз. Мұндай тұспалдаулар Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан таратылған қауесеттерге көңіл аудармауын және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуін сұрайды.
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі