Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 5 жыл толуына орай «Қазақстан рухани жаңғыру жолында: Бала. Құқық. Тәрбие» атты тақырыбында ғылыми конференция өткізілді
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 5 жыл толуына орай, «Қазақстан рухани жаңғыру жолында: Бала. Құқық. Тәрбие» атты тақырыпта М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің ғимарат залында ғылыми конференция өткізілді.
Аталған іс-шараға Жамбыл облысы соттарының судьялары,Жамбыл облысы әкімдігі өкілдері, Жамбыл облысы және Тараз қаласының прокурорлары, Жамбыл облысының ІІД-нің жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) қызметкерлері, Жамбыл облысының адвокаттар алқасының адвокаттары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, облыстық және қалалық білім басқармасы және оларға қарасты басқа да мекемелердің басшылары, жоғарғы оқу орындарының профессорлық оқытушылар құрамы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар орталығы және БАҚ өкілдері қатысады.
Іс-шараны модератор Е.Дүйсенбаев ашып, конференцияның барысы туралы кіріспе бөлімін түсіндірді.
Ал, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Қауасұлы Рүстембеков, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Сәтбекқызы Құрманбекова, Соттар мен өзара іс- қимыл жүргізу жөніндегі комиссия төрағасы Асылхан Смайылұлы Дармурзаевқа алғы сөздер жеке-жеке беріліп, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 5 жылдық атқарған қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.
— Ғылыми конференцияда «Қазақстандағы бала құқықтарын қорғаудың заңды тетіктері» атты тақырыбында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Заң факультетінің деканы Қ.Е.Нұрманбетов;
— «Бала тәрбиесі – Ұлт тәрбиесі!» атты тақырыбында Тараз қалалық маслихатының депутаты Берікқожа Серікбол Қайратұлы;
«Отбасындағы медиация» атты тақырыбында медиатор Кенжеш Данабаева;
«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың отбасылық нысандарының инновациялық мадельдері: Патронат. Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері. Қабылдаушы отбасылар» атты тақырыпта Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Мұхтар Амангелдіұлы Керімбеков;
«Баланы қорғаудағы мемлекеттің рөлі» атты тақырыбында Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Бақыт Сауқымбекқызы Жақсылықова;
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар. Статистикалық көзқарас» атты тақырыбында Тараз қалалық прокуратурасының аға бөлім прокуроры Индира Саттибаева баяндама жасап шықты.
Ал, арнаулы метептің тәрбиеленушілері Диана Рыбакова мен Екатерина Баркова және Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушісі Жұлдызбай Сымбаттың «Біз бақытты баламыз атты баяндамаларын паш етті.
Ғылыми конференция соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданып, Меморандум жасалып, оған қол қойылып, шақыртылған қонақтар мен мекеме қызметкерлері арнайы алғыс хаттар мен мен ювеналдық соттың ұжымы құрмет грамоталарымен марапатталды.
Сондай-ақ, конференцияға қатысушылардың барлығы жиылып, естелік ретінде суретке түсті.
Қайнар: Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі