ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Масс-медиа туралы
Осы Заң масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, олардың құқықтық негіздерін белгілейді жəне сөз бен шығармашылық бостандығына конституциялық құқықты қамтамасыз етуге бағытталған.
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абонент – телерадио хабарларын тарату операторымен телерадио хабарларын тарату қызметтерін алуға шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
2) аккредиттеудің оңайлатылған тəртібі – аккредиттеу картасын беру арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын жəне олардың журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің автоматтандырылған процесі;
3) ақпараттық егемендік – ақпараттық күн тəртібін қалыптастыруда Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық-саяси дербестігін айқындайтын Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің тəуелсіздігі;
4) балалар теле-, радиобағдарламасы – 12 жасқа дейінгі балаларға арналған, осы жастағы топқа тəн сюжеті бар теле-, радиобағдарлама;
5) бас редактор (редактор) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын жəне бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығаруға жəне таратуға тиiстi өкiлеттiктерi бар жеке тұлға;
6) бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым;
7) бұқаралық ақпарат құралын таратушы – бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн оның меншiк иесiмен, баспагермен арадағы шарт бойынша немесе өзге де заңды негiздерде таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
8) бұқаралық ақпарат құралының өнімі – мерзімді баспасөз басылымының немесе аудиовизуалды туындының жекелеген нөмірінің таралымы немесе таралымының бір бөлігі, теле-, радиобағдарламаның жекелеген шығарылымы, сондай-ақ интернет-басылымда орналастырылған ақпарат;
9) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы – бұқаралық ақпарат құралының материалдарын жинауды, əзірлеуді, шығаруды жəне таратуды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;
10) білім беру теле-, радиобағдарламасы – мазмұны телекөрерменді немесе радиотыңдаушыны ғылымның, мəдениеттің, өндірістің, өнердің жəне əлеуметтік өмірдің қандай да бір саласындағы нақты білім жүйесінде оқытуға ба ғытталған, адамдардың көпшілік тобына арналған теле-, радиобағдарлама;
11) бірыңғай медиаплатформа – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға арналған ақпараттық жүйе;
12) дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушы – телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы бар жəне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері бар телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолже тімді карталарды, телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықты тарататын жеке немесе заңды тұлға;
13) дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғысы – теле-, радиосигналды жеке-дара қабылдауға арналған жабдық;
14) дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуі – абонентке көру тілін таңдауға мүмкіндік беретін, телебағдарламада екі жəне одан да көп дыбыстық сүйемелдеудің берілуі;
15) еркін қолжетімді теле-, радиоарна – көру құқығы үшін ақы алынбай адамдардың шектеусіз тобына цифрлық эфирлік жəне спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы таратылатын теле-, радиоарна;
16) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясымен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарлар мен материалдарды жинау, өңдеу жəне əзірлеу қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға;
17) журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) аккредиттеу – журналистi тағайындау рəсiмi жəне оның өкiлеттiгiн мемлекеттiк органның жəне (немесе) ұйымның тануы;
18) журналистің ерекше мəртебесі – журналистің құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, ақпаратты іздеу, сұрату, алу жəне тарату кезінде кеңейтілген құқықтарды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген өзге де ерекше құқықтарды көздейтін журналист мəртебесі;
19) көпарналы хабар тарату – теле-, радиоарналар топтамаларын таратуға арналған телекоммуникациялық жүйе;
20) масс-медиа – бұқаралық ақпарат құралы жəне интернет-ресурс;
21) масс-медиа мониторингі – масс-медиа өнімін жинау жəне оны Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы тұрғысынан, сондай-ақ қоғамның адамгершілік тұрғыдан дамуына зиян келтіруі жəне жалпыадамзаттық, ұлттық, мəдени жəне отбасылық құндылықтарды бұзуы тұрғысынан талдау процесі;
22) масс-медиа өнiмi – бұқаралық ақпарат құралының өнімі, сондай-ақ интернет-ресурста орналастырылған ақпарат;
23) масс-медиа өнiмiн тарату – мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткiзу, үлестiру), теле- , радиобағдарламаларды, аудиовизуалды туындыны эфирге шығару, телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып жəне телекоммуникация желілерінде теле-, радиобағдарламаларды тұтынушыға дейін жеткізу, сондай-ақ ақпаратты интернет-басылымдарда немесе интернет-ресурстарда орналастыру;
24) масс-медиа саласындағы уəкiлеттi орган (бұдан əрi – уəкiлеттi орган) – масс-медиа саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
25) мемлекеттік ақпараттық саясат – мақсаттары ақпараттық егемендікті нығайту жəне қорғау болып табылатын, мемлекет пен қоғам мүдделерін қанағаттандыратын ақпаратты жасауға жəне таратуға бағытталған мемлекеттік шаралар кешені;
26) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралы – жарғылық капиталында мемлекетке тиесілі елу пайыздан астам дауыс беретін акциялары, жарғылық капиталына қатысу үлестері, пайлары бар бұқаралық ақпарат құралы;
27) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралы – жарғылық капиталында мемлекетке тиесілі елу пайыздан кем дауыс беретін акциялары, жарғылық капиталына қатысу үлестері, пайлары бар бұқаралық ақпарат құралы;
28) мерзiмдi баспасөз басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар жəне үш айда кемiнде бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшалары;
29) міндетті теле-, радиоарна – цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желілерін жəне телекоммуникация желілерінде телерадио хабарларын таратуды қоспағанда, уəкілетті орган бекіткен тиісті тізбеге кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылуға міндетті теле-, радиоарна;
30) отандық теле-, радиоарна – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген телерадиокомпаниялар құрған теле-, радиоарна;
31) отандық теле-, радиобағдарламалар – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жəне өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жəне одан тысқары жерлерде жүзеге асыратын телерадиокомпаниялар немесе жеке жəне заңды тұлғалар жасаған теле-, радиобағдарламалар;
32) өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс – өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетуге арналған тапсырыс;
33) порнографиялық жəне арнайы жыныстықэротикалық сипаттағы кино, бейнеөнім – моральдық құндылықтарға сəйкес келмейтін, адамның ар-ожданы мен қадір-қасиетін қорлайтын жыныстық қатынастың натуралды түрде, егжей-тегжейлі тіркелуі не жыныстық əуестіктің қозуына немесе жыныстық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ықпал ететін жыныстық қатынас процесіндегі жалаңаш гениталийлерді көрсету;
3 4) ресми хабар – «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес белгіленген ақпарат иеленуші масс-медиа арқылы беретін жəне (немесе) тарататын ақпарат;
35) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс – мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетуге арналған тапсырыс;
36) ретрансляция – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып жəне теле коммуникация желілерінде теле-, радиобағ дарламаларды, теле-, радиоарналарды қабылдау жəне бір мезгілде не жазып алып тарату;
37) спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялау – телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің тұрғындарын отандық спутниктік құрылғылар қызметтерін пайдалануға ынталандыру мақсатында, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін өтеуге бағытталған, бюджеттен төленетін қайтарымсыз төлемдер;
38) субтитрлер – телебағдарламада қамтылған ақпаратты телебағдарлама түпнұсқасының дыбыстық сүйемелденуін мəтінмен қайталау арқылы тарату тəсілі;
39) телевизиялық абоненттік жалғама – абоненттің цифрлық телевизиялық сигналды қабылдауына арналған жеке техникалық құрал;
40) теле-, радиоарна – кейіннен трансляциялау жəне (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату кестесіне сəйкес қалыптастырылған теле-, радиобағдарламалар мен аудиовизуалды туындылардың, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы;
41) теле-, радиоарналар топтамасы – телекоммуникация желілерінде көпарналы хабар тарату арқылы тарату үшін телерадио хабарларын тарату опе раторы қалыптастырған теле-, радиоарналар жиынтығы;
42) теле-, радиобағдарлама – тиісті атауы, хабар тарату көлемі бар жəне теле-, радиоарнаның басқа бөліктеріне қарамастан пайдаланылуы мүмкін теле-, радиоарнаның мазмұны жағынан аяқталған бөлігі;
43) телерадиокомпания – теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куəлік алған, теле-, радиоарнаның меншік иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға немесе оның филиалы (өкілдігі);
44) телерадио хабарларын тарату – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып жəне телекоммуникациялар желі ле рінде теле-, радиоарналарды ашық немесе кодталған түрде абоненттің жария қабылдауы үшін қалыптастыру жəне (немесе) тарату;
45) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары – теле-, радиоарналар мен теле-, радиобағдарламалар жасауды, қалыптастыруды, таратуды жəне (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін радиоэлектрондық құралдар мен қабылдайтынберетін техникалық құрылғылар жиынтығы; 46) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі – мемлекет меншігіндегі, Қазақ стан Респуб ликасының аумағында теле,- радиосигналдарды таратуды қамтамасыз ететін телекоммуникациялардың техникалық құралдарының жəне телерадио хабарларын таратудың жүйесі;
47) телерадио хабарларын тарату қызметі – теле-, радиобағдарламаларды қабылдау, өңдеу, сақтау, беру, абонентке дейін жеткізу;
48) телерадио хабарларын тарату операторы – теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия алған жеке немесе заңды тұлға;
49) трансляция – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып жəне теле коммуникация желілерінде теле-, радиоарналардың сигналын бастапқы тарату;
50) тілшілер қосыны – бұқаралық ақпарат құралы редакциясының функцияларын жəне осы бұқаралық ақпарат құралы үшін ақпараттық хабарлар жəне (немесе) материалдар жинауды, сақтауды, жасауды (əзірлеуді), сондай-ақ оның өнімін таратуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның оқшауланған құрылымдық бөлімшесі;
51) хабар тарату кестесі – хабар таратудың бағдарламалық тұжырымдамасының нақты кезеңдегі негізгі бағыттарын көрсететін теле-, радиобағдарламалардың тізбесі, реттілігі, атауы, эфирге шығу уақыты;
52) цензура – масс-медианың хабарлары мен материалдарын мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен жəне өзге де ұйымдармен олардың талап етуі бойынша немесе өзге де негiздер бойынша хабарлар мен материалдарды не олардың жекелеген бөлiктерiн таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатында алдын ала келiсуі;
53) шартты қолжетімді карта – дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғыларының сəйкестендіргішін қамтитын, абоненттің телерадио хабарларын тарату операторының қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ететін құрылғы;
54) шартты қолжетімді теле-, радиоарна – көру құқығы өтеулі шарт негізінде қамтамасыз етілетін, телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың шектеусіз тобына тарататын теле-, радиоарна;
55) эротикалық сипаттағы өнім – гениталийлерді қоспағанда, адамдардың сексуалдық қатынастарын, адам денесінің ұятты тұстарын көрсететін жəне порнография элементтерін қамтымайтын баспасөз басылымы;
56) эфирге шығу – аналогтік жəне цифрлық электромагниттi жүйелердi пайдалана отырып, теле-, радиобағдарламаларды, аудиовизуалды жазбаларды трансляциялау.
2-бап. Сөз бен шығармашылық, ақпаратты алу жəне тарату бостандығы
1. Сөз бен шығармашылық бостандығына Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік береді. Цензураға тыйым салынады.
2. Əркімнің заңмен тыйым салынбаған кез келген тəсілмен ақпаратты еркін алуға жəне таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мəліметтер тізбесі заңда айқындалады.
3. Масс-медиа терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жəрдемдесуге міндетті.
4. Мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария eтуге, экстремизмді немесе терроризмдi насихаттауға жəне ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тəсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды, сондай-ақ қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды жəне порнографияны насихаттауға тыйым салынады.
5. Масс-медианы қылмыстық жəне əкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында пайдалануға тыйым салынады. Ескертпе. Осы Заңның мақсаттары үшін масс-медиада насихаттау деп Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпарат туралы қоғамдық оң пікірді қалыптастыру жəне (немесе) шектеусіз адамдар тобын құқыққа қайшы əрекет жасауға немесе əрекетсіздікке итермелеу үшін көзқарастарды, фактілерді, дəлелдерді жəне өзге де, оның ішінде əдейі бұрмаланған ақпаратты тарату түсініледі.
3-бап. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың осы Заңның алдында басымдығы болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3. Ақпаратты онлайн-платформаларда орналастыру, тарату жөніндегі қатынастарды реттеу ерекшеліктері «Онлайн-платформалар жəне онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
4. Осы Заңда республикалық жəне өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бөлігінде реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
4-бап. Масс-медиа қызметінің негізгі мақсаттары, қағидаттары жəне міндеттері
1. Сөз бен шығармашылық бостандығына конституциялық құқықты қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамды ақпараттандыру масс-медиа қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Масс-медиа қызметінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) таратылатын ақпараттың заңдылығы мен анықтығы;
2) объективтілік жəне ашықтық;
3) жеке жəне заңды тұлғалар құқықтарының теңдігі;
4) адал бəсекелестік;
5) жеке өмірге қол сұғылмаушылық;
6) кəсіби жəне əдептік мінез-құлық нормаларын сақтау.
3. Масс-медиа қызметінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) объективті жəне анық ақпаратты əзірлеу жəне тарату;
2) тұлғаны, қоғамды жəне мемлекетті дамытуға бағытталған сапалы отандық контентті жасау;
3) масс-медиа саласында жаңа технологияларды енгізуге жəрдемдесу;
4) өзін-өзі реттеуге ауысу.
5-бап. Масс-медианың таралу тілі
1. Мемлекеттік тіл жəне басқа да тілдер массмедианың таралу тілі болып табылады.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сəйкес масс-медианы алу жəне оны тарату кезiнде əркiмнің ана тiлiн пайдалану құқығын қамтамасыз етедi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында мемле кеттік тілде хабар тарататын отандық теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемі уақыты жағынан:
1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің елу бес пайызынан кем болмауға;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің алпыс пайызынан кем болмауға тиіс. Мемлекеттік тілдегі теле-, радио бағдарламалардың жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, əрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығындағы көлемі:
1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің елу бес пайызынан кем болмауға; 2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің алпыс пайызынан кем болмауға тиіс. Осы тармақтың талабы халықаралық келісімдер негізінде хабар тарататын телеарналарға қолданылмайды.
4. Дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуін пайдаланатын телеарналар негізгі дыбыстық сүйемелдеуді мемлекеттік тілде пайдалануға тиіс.
5. Осы баптың талаптары осы Заңның 24-бабына сəйкес есепке қою рəсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарға қолданылмайды.
6. Отандық теле-, радиоарналардың шетелдік аудиторияға трансляциясы мемлекеттік тілде жəне басқа да тілдерде жүзеге асырылады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің масс-медиа саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) масс-медиа саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын əзірлейді жəне олардың іске асырылуын ұйымдастырады;
2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
7-бап. Уəкілетті органның құзыреті Уəкілетті орган:
1) масс-медиа саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады жəне іске асырады;
2) осы Заңға сəйкес масс-медиа саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;
3) осы Заңға сəйкес бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асырады;
4) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады жəне оның жүзеге асырылуын бақылайды;
5) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен гранттар береді;
6) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының, телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерiнiң жəне телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде нұсқамалар береді;
8) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес келу тұрғысынан сараптауды жүзеге асырады;
9) телерадио хабарларын тарату мақсатында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастырады жəне өткізеді;
10) міндетті теле-, радиоарналар тізбесін жəне телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін қалыптастыру мен бекіту бойынша конкурстар ұйымдастырады жəне өткізеді;
11) «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
12) көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындайды;
13) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;
14) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекітеді;
15) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттардың құнын айқындау əдістемесін əзірлейді жəне бекітеді;
16) масс-медианы мониторингтеуді жүзеге асырады;
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді жəне атқарушы органдарының құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдары:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс істері жөніндегі уəкілетті орган бекіткен үлгілік қағидаларға сəйкес тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы тұрғын үй кешендерінде дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғыларын, кəбілдік коммуникацияларды орналастыру жөніндегі талаптарды белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады жəне оның жүзеге асырылуын бақылайды;
3) уəкілетті орган бекітетін, өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік əдістемесі негізінде өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау əдістемесін əзірлейді жəне бекітеді;
4) телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды жəне телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ жəне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықтарды таратуына тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғысы бар қоғамдық көлікте мемлекеттік теле-, радиоарналардың өнімін жəне (немесе) эфирін трансляциялауға құқылы;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеу
1. Масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату субъектілерінің қызметін лицензиялау арқылы жүзеге асырылады.
2. Бақылау субъектісі өткізетін өнімнің қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық өнімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру жəне жеке жəне заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уəкілетті орган жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес тексерулер жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
4. Осы Заңның 56-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жүргізуді уəкілетті орган мемлекеттік радиожиілік қызметін тарта отырып жүзеге асырады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уəкілетті орган жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары əртүрлі ақпарат көздерінен алынған мəліметтерді салыстыру мен талдау арқылы, оның ішінде уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүргізеді.
6. Мерзімді баспасөз басылымдарының, теле-, радиоарналардың, интернет-басылымдардың, интернет-ресурстардың, телерадио хабарларын тарату операторларының, дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылардың қызметі Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың объектісі болып табылады.
7. Масс-медианың меншік иелері, телерадиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары мен дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылар бақылау субъектілері болып табылады.
8. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу жəне оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша уəкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру жəне оларға əкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша бұзу шылықтар анықталған жағдайда, уəкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жібереді. Ұсыным бақылау субъектісінің жеке өзіне қолын қойғызып немесе оны жөнелту жəне алу фактілерін растайтын өзге де тəсілмен табыс етілуге тиіс. Төменде санамаланған тəсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – пошта жөнелтілімін тапсырысты хатпен алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тəсілмен – уəкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары сұрау салған кезде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына уəкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
11. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, уəкілетті органға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
13. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау массмедиа үшін – күніне бір реттен, телерадиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары, дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылар үшін аптасына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
10-бап. Теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде балаларды қорғау Балалар жəне білім беру теле-, радиобағдарламаларын тарату, оның ішінде жас санаты белгісін қою жөніндегі талап Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасында көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.
11-бап. Өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын ақпарат
1. Адамдардың шектеусіз тобын өзін-өзі өлтіруге баруға итермелейтін, кез келген нысанда таратылатын жəне (немесе) орналастырылатын ақпарат, сондай-ақ өзін-өзі өлтіру тəсілдері туралы ақпарат жəне өзін-өзі өлтіруге шақыру туралы ақпарат өзінөзі өлтіруді насихаттайтын ақпарат деп түсініледі.
2. Мыналарды:
1) өзін-өзі өлтіруді проблеманы шешу тəсілі ретінде көрсетуді;
2) өзін-өзі өлтіруге баруды не өзін-өзі өлтіруге бағытталған əрекеттерді немесе нақты (ойдан шығарылған) əңгімелесушінің немесе үшінші бір адамның өзін-өзі өлтіруге бару ниетін оң бағалауды не мақұлдауды;
3) тікелей немесе айқын ниеті байқалмайтын, бірақ өзін-өзі өлтіруге бару туралы шешім қабылдауға, оның ішінде өзін-өзі өлтіруге барған басқа адамдардың əрекеттерін танымал ететін жəне (немесе) өзін-өзі өлтіруге барған адамдарда пайда болған артықшылықтар туралы тұжырымдар (пайымдаулар) қамтылатын нақты мысалдар келтіру арқылы мəжбүрлейтін тұжырымдардан (пайымдаулардан) тұратын, өзін-өзі өлтіруге баруға итермелейтін дəлелдер, оның ішінде өзін-өзі өлтіруді қазіргі қоғамдағы қолайлы, қисынды жəне заңды əрекет ретінде ұсынуды;
4) өзін-өзі өлтіруге əрекеттену тəжірибесі бар адамдардың көзқарасын, сезімін сипаттауын жəне тақырыпты талқылауын қоса алғанда, өзін-өзі өлтіруге баруы сəтсіз болған əрекетті айыптауды, келемеждеуді;
5) өзін-өзі өлтіруге бару (өзін-өзі өлтіруге баруға əрекеттену), оның ішінде біреудің көмегімен не біреудің қатысуымен, не біреудің бақылауымен жүзеге асырылатын, топтасып жəне (немесе) ассистент көмегімен жасау мақсатында танысу туралы хабарландыруды;
6) өзін-өзі өлтіру тəсілін, оның ішінде өзінөзі өлтірудің неғұрлым ауырсынбайтын, сенімді, қолжетімді, эстетикалық тəсілін таңдау тұрғысынан сауалнаманы (дауыс беруді), тестті, рейтингті қамтитын ақпарат өзін-өзі өлтіруге баруға итермелейтін ақпарат болып табылады.
3. Өзін-өзі өлтіруге бару тəсілдері туралы ақпарат қа мыналар жатады:
1) өзін-өзі өлтіруге барудың, оның ішінде өзінөзі өлтіруге бару əрекеттерінің тізбегін жəне (немесе) ықтимал нəтижелерін (салдарын) суреттейтін (бейнелейтін) процестерді, рəсімдерді сипаттау (көрсету) үшін мəтінді, аудио немесе бейне құралдарды, өзін-өзі өлтіруге арналған құралдарды жəне (немесе) орындарды пайдалану арқылы жасау дың бір жəне одан да көп тəсілі туралы ақпарат;
2) өзін-өзі өлтіруге қажетті жағдайлар жиынтығы туралы, оның ішінде орынды, уақытты, əдісті таңдау, өзін-өзі өлтіруге баруға қажетті дайындық əрекеттері туралы ақпарат;
3) өзін-өзі өлтіруге бару тəсілдерімен байланысты өзге де ақпарат.
4. Өзін-өзі өлтіруге баруға шақыру туралы ақпаратқа мыналар жатады:
1) өзін-өзі өлтіруге бару туралы, оның ішінде бопсалау, өтіну, үгіттеу, көндіру, талап ету арқылы тікелей өтініш қамтылатын ақпарат;
2) өзін-өзі өлтіруге баруға шақырумен байланысты өзге де ақпарат.
5. Өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын ақпаратты, өзін-өзі өлтіруге бару тəсілдері мен өзін-өзі өлтіруге шақыру туралы ақпаратты таратуға жəне (немесе) орна ластыруға тыйым салынады.
12-бап. Теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау 1. Жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарлама жергілікті уақытпен сағат он алтыдан жиырма екіге дейінгі кезеңде сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі. Телеарналарда орналастырылатын міндетті хабарлар сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.
2. Осы баптың талаптары осы Заңның 24-бабына сəйкес есепке қою рəсімінен өткен шетелдік телеарналарға қолданылмайды.
13-бап. Масс-медиадағы жарнама Масс-медиадағы жарнама «Жарнама туралы» Қазақ стан Республикасы Заңының талаптарына сəйкес жүзеге асырылады.
14-бап. Масс-медиа өнімін тарату
1. Масс-медиа өнімін таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі не шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ азаматтар немесе ұйымдар жүзеге асырады.
2. Масс-медиа өнімін əзірлеу, жариялау, қайталап көрсету жəне тарату кезінде мынадай жағдайларда:
1) егер осы адам мəдени-бұқаралық ойын-сауық іс-шараларында, мəдениет саласында əлеуметтік маңызы бар, спорттық-бұқаралық іс-шараларда, бейбіт жиналыстарда жəне өзге де жария іс-шараларда болса немесе оларға қатысса;
2) егер таратылатын ақпаратта адамның бет-бейнесі жəне мұндай адамның қызметтік жұмысымен жəне (немесе) жария қызметімен байланысты мəліметтер қамтылса, сондай-ақ оны адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уəкілетті тұлға қолжетімділігі шектелмеген көздерде жарияласа;
3) егер бейнеленетін адамды пайдалану конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тəртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында жүзеге асырылса, бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді.
3. Эротикалық сипаттағы өнімді:
1) стационарлық емес үй-жайларда;
2) мөлдiр ораммен буып-түйiлмеген күйiнде;
3) білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының, балалар мекемелерінің, ғибадат ғимараттарының (құрылысжайларының) үй-жайларында жəне аумақтарында;
4) жасы он сегізге толмаған адамдарға бөлшек саудада сатуға тыйым салынады.
4. Масс-медиада еңбек саласында кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын, жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы ақпаратты орналастыруға тыйым салынады.
5. Масс-медиада ата-анасы жəне өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес жəне биометриялық деректерін, мыналар:
1) құқыққа қайшы əрекеттер (əрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен кəмелетке толмаған адам;
2) əкімшілік жəне (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген жəне (немесе) айып тағылған кəмелетке толмағандар туралы олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты таратуға тыйым салынады. Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының күші ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр жəне (немесе) аса ауыр қылмыстарды жасауда сот кінəлі деп таныған кəмелетке толмағандарға қолданылмайды. Осы тармақта белгіленген шектеулер осы Заңның 67-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға қолданылмайды.
6. Заңды негіздерде жүзеге асырылатын массмедиа өнімін таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары тарапынан кедергі жасауға, заңсыз тəркілеуге, сондай-ақ масс-медиа өнімін жоюға заңды күшіне енген сот шешімi негiзiнде болмаса, жол берiлмейдi.
2-тарау. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
15-бап. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы
1. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жеке жəне заңды тұлғаларға тиесілі. Бұқаралық ақпарат құралы заңды тұлға нысанында да, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi нысанында да құрылуы мүмкiн. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куəлiк бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн таратуға негіз болып табылады.
2. Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi – заңды тұлға немесе осы саладағы қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайларының) 20 пайызынан астамын шетелдiктердің жəне шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтығы жоқ адамдардың тiкелей жəне (немесе) жанама иеленуiне, пайдалануына, оларға билiк етуiне жəне (немесе) оларды басқаруына тыйым салынады.
16-бап. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі
1. Бұқаралық ақпарат құралын иелену, пайдалану жəне оған билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға не жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар бірлестігі бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі болып табылады.
2. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі тиісті шарт негізінде өзінің меншікті, сондай-ақ басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты редакция, бас редактор (редактор), журналист, баспагер, бұқаралық ақпарат құралын таратушы ретінде əрекет етуге құқылы.
17-бап. Бұқаралық ақпарат құралының баспагері
1. Бұқаралық ақпарат құралының өнімін жасауды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға бұқаралық ақпарат құралының баспагері болып табылады.
2. Егер меншік иесі бұқаралық ақпарат құралының əрі баспагері болып табылмаса, бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі мен баспагерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі жеке шартпен айқындалады.
18-бап. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы
1. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы меншік иесінің тапсырмасы бойынша материалдар жинауды, əзірлеуді, бұқаралық ақпарат құралын шығару мен таратуды жүзеге асырады.
2. Редакцияға бас редактор (редактор) басшылық етеді.
3. Мыналар: 1) сот əрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) тағайындау кезінде заңда белгіленген тəртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар Қазақстан Республикасының азаматтары;
3) шетелдiктер не азаматтығы жоқ адамдар;
4) сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде, өздерінің кiнəсiнен бұқаралық ақпарат құралын шығару мен тарату сот шешiмiмен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының бас редакторлары (редакторлары) болған Қазақстан Республикасының азаматтары бас редактор (редактор) бола алмайды.
4. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі мен редакция арасындағы қатынастар жарғымен жəне шартпен реттеледі.
19-бап. Интернет-басылым
1. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бұқаралық ақпарат құралы ретінде уəкілетті органда есепке қою рəсімінен өткен интернет-ресурс, оның ішінде ақпарат агенттігі интернет-басылым болып табылады.
2. Қызметі ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға, өңдеуге жəне таратуға бағытталған интернет-басылым ақпарат агенттігі болып табылады.
3. Интернет-басылымның хабарлары мен материалдарында оның атауы мен шығарылған күні қоса берілуге тиіс.
4. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары таратқан кезде ақпарат агенттігіне сілтеме жасау міндетті болады.
20-бап. Шығарылым деректерi
1. Мерзiмдi баспасөз басылымының əрбiр шығарылымында мынадай мəлiметтер қамтылуға тиiс:
1) мерзiмдi баспасөз басылымының атауы;
2) мерзiмдi баспасөз басылымының меншiк иесi;
3) бас редактордың (редактордың) тегi мен аты-жөні;
4) есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куəлiктiң күнi мен нөмiрi жəне оны берген органның атауы;
5) басылымның мерзiмдiлiгi;
6) мерзiмдi баспасөз басылымының жарық көрген күні мен рет нөмiрi;
7) осы шығарылымның таралымы;
8) баспахананың атауы, оның мекенжайы жəне редакцияның мекенжайы. 2. Интернет-басылымдар арнаулы мақсаттағы бөлімде:
1) интернет-басылымның атауын;
2) интернет-басылымның меншік иесінің тегі мен атыжөнін немесе атауын;
3) бас редактордың (редактордың) тегі мен аты-жөнін;
4) есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куəліктің күні мен нөмірін жəне оны берген органның атауын;
5) редакцияның байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефон нөмірін, электрондық поштасының мекенжайын) орналастыруға міндетті.
3. Бұқаралық ақпарат құралы эфирге əрбір шыққан сайын, ал үздiксiз хабар таратқанда тəулiгiне кемiнде төрт рет өзiнiң атауын жариялап отыруға мiндеттi.
21-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының мiндеттi даналары жəне теле-, радиобағдарламалардың материалдарын сақтау
1. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі мерзiмдi баспасөз басылымдарының қағаз жеткізгіштегі мiндеттi тегiн даналарын олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде – ұлттық кiтапханаларға жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына, бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландырылған электрондық нысанда олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жiбереді. Бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландырылған мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық нысандары олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың «орталық» мəртебесі берілген мемлекеттік кітапханасына жiберіледi. Бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландырылған мерзiмдi баспасөз басылымдарының мiндеттi тегiн даналарының электрондық нысандары олар əзірленген күнi уəкiлеттi органға жiберіледi.
2. Теле-, радиоарналар өздерінің эфирге шығарылған теле-, радиобағдарламаларының жазбаларын алты ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өзiнiң эфирлiк жұмысының тiркеу журналында тіркеп қоюға жəне оны осы журналда соңғы жазба жасалған кезден бастап кемiнде бiр жыл сақтауға мiндеттi. Тарихи немесе мəдени құндылығы бар жазбалар Қазақстан Республикасының ұлттық архив қоры жəне архивтер туралы заңнамасында айқындалатын тəртiппен сақталады.
3. Уəкілетті орган мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастырады.
22-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою немесе қайта есепке қою
1. Қазақстан Республикасының аумағында əрекет ететін мерзімді баспасөз басылымдары, теле-, радиоарналар міндетті түрде есепке қойылуға жатады. Бір ұйымның шегінде таратылатын жəне оның қызметін жариялауға бағытталған, таралымы бес жүз данадан кем мерзімді баспасөз басылымдарын, сот практикасының бюллетеньдерін, ресми, нормативтік жəне өзге де актілерді есепке қою талап етілмейді. Осы Заңның 19-бабына сəйкес интернет-ресурстың өз қызметін интернет-басылым ретінде жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды жəне теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
3. Мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды немесе теле-, радиоарнаны есепке қойған кезде, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының, интернетбасылымның немесе теле-, радиоарнаның есепке қойылғанын куəландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тəртіппен алым алынады.
4. Уəкiлеттi орган мынадай негiздер бойынша:
1) егер уəкiлеттi орган бұрын сол атаумен жəне сол аумақта тарататын не оның атауы бұрын құрылған мерзiмдi баспасөз басылымының, интернет-басылымның, теле-, радиоарнаның атауымен айырғысыз дəрежеде ұқсас мерзiмдi баспасөз басылымын, интернет-басылымды, теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куəлiк берген болса;
2) егер мерзімді баспасөз басылымын, интернетбасылымды есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініштің мазмұны осы баптың 5-тармағының талаптарына сəйкес келмесе не егер теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініштің мазмұны осы баптың 6-тармағының талаптарына сəйкес келмесе;
3) егер мерзiмдi баспасөз басылымын, интернетбасылымды немесе теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алым төленбесе;
4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай мерзiмдi баспасөз басылымын, интернет-басылымды немесе теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтiнiште мерзiмдi баспасөз басылымына, интернет-басылымға немесе теле-, радиоарнаға меншiк құқықтарын басқа тұлғаға беруді растайтын шарттың күні мен нөмірі көрсетілмесе;
5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, атауы (атауының бiр бөлiгi) бірдей жəне тақырыптық бағыты дəл сондай мерзiмдi баспасөз басылымы, интернет-басылым немесе теле-, радиоарна есепке қоюға мəлімделген болса, не атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзiмдi баспасөз басылымы, интернет-басылым немесе теле-, радиоарна мəлімделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған мерзiмдi баспасөз басылымының, интернет-басылымның немесе теле-, радиоарнаның меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куəлiк беруден бас тартады.
5. Мерзімді баспасөз басылымын, интернетбасылымды есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініште мыналар көрсетілуге тиіс:
1) мерзімді баспасөз басылымының немесе интернетбасылымның меншік иесінің – жеке тұлғаның тегі, аты жəне əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сəйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, мерзімді баспасөз басылымының немесе интернетбасылымның меншік иесінің – заңды тұлғаның атауы, бизнес-сəйкестендіру нөмірі, орналасқан жері;
2) мерзімді баспасөз басылымының немесе интернетбасылымның материалдары мен хабарларының тілі (тілдері);
3) шығарылымның болжамды мерзімділігі;
4) негізгі тақырыптық бағыты;
5) таралатын аумағы;
6) бас редактордың (редактордың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе);
7) редакцияның мекенжайы.
6. Теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініште мыналар көрсетілуге тиіс:
1) теле-, радиоарнаның меншік иесінің – жеке тұлғаның тегі, аты жəне əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сəйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, теле-, радиоарнаның меншік иесінің – заңды тұлғаның атауы, бизнес-сəйкестендіру нөмірі, орналасқан жері, ұйымдық-құқықтық нысаны;
2) меншікті жəне ретрансляцияланатын хабар таратуының орташа тəуліктік көлемі көрсетіле отырып, теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты. Өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) трансляцияланатын жəне ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу жəне алты ай бойы сақтау туралы міндеттеме;
2) теле-, радиоарнаның меншік иесінің кірер есігі бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға, оның ішінде: телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық құралдарды орналастыруға жəне пайда лануға арналған арнаулы үй-жайларға (студиялық, аппараттық, қосалқы); шығармашылық персоналды орналастыруға арналған үй-жайларға (редакциялық); əкімшілік-басқару персоналына арналған үй-жайларға мүліктік құқықтарының болуы туралы мəлі меттер нысаны.
7. Мерзімді баспасөз басылымының меншік иесі есепке қою туралы куəлікті алған күннен бастап үш ай ішінде мерзімді баспасөз басылымының өнімін шығаруға кірісу құқығын сақтайды. Теле-, радиоарнаның меншік иелері есепке қою туралы куəлікті алған күннен бастап алты ай ішінде теле-, радио бағдарламаларды таратуға кірісу құқығын сақтайды. Интернет-басылымның меншік иелері есепке қою туралы куəлікті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлар мен материалдарды таратуға кірісуге тиіс.
8. Мерзімді баспасөз басылымының, интернетбасылымның немесе теле-, радиоарнаның шығарылуын сот тоқтата тұрған жағдайларды қоспағанда, мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның немесе теле-, радиоарнаның өнімін шығару мерзімін өткізіп алған, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның немесе теле-, радиоарнаның өнімін шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайларда, уəкілетті органның шешімімен мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды немесе теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куəліктің күші жойылды деп танылады. Егер мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша интернет-басылымның меншік иесінің ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасынан тысқары жерде орналасқаны анықталса, уəкілетті органның шешімімен интернет-басылымды есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куəліктің күші жойылды деп танылады.
9. Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның меншік иесі ауысқан немесе оның атауы, сондайақ басылымның, материалдар мен хабарлардың атауы, тілі, таралатын аумағы, негізгі тақырыптық бағыты жəне шығару мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке қойылуға жатады. Теле-, радиоарнаның меншiк иесi ауысқан не ұйым дық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ теле-, радиоарнаның аты өзгерген жағдайларда ол қайта есепке қойылуға жатады.
23-бап. Масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру, тоқтату тəртібі
1. Уəкілетті органда есепке қойылған масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығару не массмедиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін тарату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін.
2. Тоқтата тұру деп мерзімді баспасөз басылымының бiр немесе бiрнеше нөмiрiн шығаруды, теле-, радиобағдарламаның, теле-, радиоарнаның эфирге шығуын уақытша тоқтату, интернет-басылымның қызметін, сондай-ақ масс-медиа өнімін таратуды тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылғанға дейін уақытша тоқтата тұру түсiнiледi. Масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға жол беріледі.
3. Қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, əлеуметтiк, нəсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық жəне рулық астамшылықты насихаттау немесе үгiттеу, мем лекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария ету, өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тəсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен пре курсорларды, жарылғыш заттар мен жарғыш құрыл ғыларды насихаттау, порнографиялық жəне ар — наулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды та рату, сондай-ақ кино-, бейнеөнімдерді көрсету, бұқаралық ақпарат құралдарын сайлау алдындағы үгiт жүргiзу шарттарын бұзу, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың жəне халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмін ұсынған саяси партияларды ұсынуға жəне сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нəтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын жəне (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы, үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, ереуiлге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мəжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру жəне өткiзу тəртiбi туралы, интернетте авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану, сондайақ осы Заңның 22-бабының 9-тармағында көзделген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды тоқтата тұруға негiз болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау жəне үгіттеу, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, ұлтаралық жəне конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған материалдарды жариялау жəне ақпаратты тарату, сондай-ақ белгіленген мерзімде массмедианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру себептерін жоймау массмедианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтатуға негіз болып табылады.
5. Масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығару не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін тарату меншік иесінің не соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, уəкілетті органға хабарлама жəне (немесе) сот шешімі жіберіледі. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтату оны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куəліктің күшін жоюға алып келеді.
6. Масс-медиа интернет-ресурс болып табылғанда, масс-медианы шығару не масс-медиа өнімін тарату заңды күшіне енген сот шешімі бойынша тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, уəкілетті мемлекеттік органдар, масс-медианың меншік иелері Қазақстан Республикасының аумағында масс-медианы шығаруды не масс-медиа өнімін таратуды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.
7. Масс-медиа интернет-ресурс болып табылғанда, масс-медианы шығаруды не масс-медиа өнімін таратуды тоқтата тұру туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі домендік атты дəл сол немесе қайталанатын атаумен пайдалануға үш айдан аспайтын мерзімге тыйым салуға алып келеді. Масс-медиа интернет-ресурс болып табылғанда, масс-медианы шығаруды не масс-медиа өнімін таратуды тоқтату туралы сот шешімі домендік атты тіркеудің күшін жоюға жəне тіркелуі сот шешімімен жойылған домендік атты дəл сол немесе қайталанатын атаумен бір жыл ішінде пайдалануға тыйым салуға алып келеді.
24-бап. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі
1. Телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында тарататын шетелдік теле-, радиоарналар уəкілетті органда міндетті есепке қойылуға жатады. Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды шетелдік телерадиокомпаниялардың өкілдері жүзеге асырады. Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыру үшін шетелдік теле-, радиоарналардың меншік иелері:
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен заңды тұлғаны міндетті мемлекеттік тіркеуді немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуді жүргізеді;
2) шетелдік теле-, радиоарнаның апта сайынғы хабар тарату көлемінде отандық теле-, радио бағдарламаларды теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің кемінде он пайызы мөлшерінде үш айда бір рет жаңарта отырып трансляциялауды қамтамасыз етеді жəне (немесе) дəл осындай талаптарға сəйкес трансляцияланатын білім беру, мəдени-ағарту, спорттық-ойын-сауық жəне демалу сипатындағы теле-, радиобағдарламалардың мемлекеттік тілге аударылуын қамтамасыз етеді.
3. Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою олардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес келуі тұрғысынан сараптаудан кейін жүзеге асырылады. Діни бағыттағы шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүргізілетін дінтану сараптамасынан кейін жүзеге асырылады.
4. Жарғылық капиталында толық немесе ішінара мемлекеттік акциялар (қатысу үлестері, пайлар) пакеті бар Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік теле-, радиоарналардың меншік иелерінің, сондайақ олармен үлестес тұлғалардың қызметі Қазақстан Республикасының аумағында жарғылық капиталына шетелдік заңды тұлғалар акцияларының (қатысу үлес терінің, пайларының) пакеті жиырма пайыздан аспай қатысатын заңды тұлғаны құра отырып жүзеге асырылады. Мыналар:
1) сот əрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар;
2) тағайындау кезінде заңда белгіленген тəртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар азаматтар;
3) шетелдіктер не азаматтығы жоқ адамдар;
4) сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде, өздерінің кінəсінен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешімімен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар аталған заңды тұлғаның басшысы жəне (немесе) теле-, радиоарнаны эфирге дайындауды жəне оның шығуын жүзеге асыратын адам (редактор) бола алмайды.
5. Шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою теле- , радиоарнаның меншік иесі ауысқан не заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, аты, негізгі тақырыптық бағыты өзгерген, Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рəсімінен өткен жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрылған жағдайларда жүзеге асырылады.
25-бап. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюдан бас тартудың негіздері
1. Уəкілетті орган, егер:
1) өтініш уəкілетті орган белгілеген талаптарға сəйкес келмесе;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алым төленбесе;
3) шетелдік теле-, радиоарнаның материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, экстремизмдi немесе терроризмді, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, əлеуметтiк, нəсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық жəне рулық астамшылықты насихаттауды жəне үгiттеуді, ұлтаралық жəне конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты, сондай-ақ порнографиялық жəне арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино-, бейнеөнiмдердi, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын ақпаратты қамтыса;
4) дінтану сараптамасының нəтижелері бойынша теріс қорытынды болса;
5) шетелдік теле-, радиоарнаның өнімдеріне қатысты Қазақстан Республикасының аумағында оны таратуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі болса;
6) «электрондық үкіметтің» веб-порталында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мəліметтер болмаса, шетелдік телерадиокомпания өкіліне шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куəлік беруден бас тартады.
2. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюдан бас тарту кезінде шетелдік телерадиокомпания өкіліне уəжді бас тарту жазбаша түрде беріледі.
3. Егер шетелдік теле-, радиоарна Қазақстан Республикасының аумағында жаңа заңды тұлғаны немесе филиалды (өкілдікті) құрмай, заңды тұлғаның қызметін тоқтатса немесе филиалды (өкілдікті) осы Заңның 24-бабының 2-тармағында көзделген есептік тіркеуден шығарса, уəкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куəлікті кері қайтарып алады.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шетелдік теле-, радиоарна Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайларда уəкілетті орган есепке қою туралы куəлікті кері қайтарып алу үшін сотқа жүгінеді.
5. Егер шетелдік теле-, радиоарнадан есепке қою туралы куəлік кері қайтарып алынса, уəкілетті орган телерадио хабарларын тарату операторларына Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарнаның трансляциясын жəне (немесе) ретрансляциясын шектеу бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама шығарады.
6. Сот шетелдік теле-, радиоарна тарататын ақпаратты Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына қайшы келеді деп таныса, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарнаны тарату тоқтатыла тұрады не тоқтатылады.
3-тарау. ЖУРНАЛИСТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
26-бап. Журналистің құқықтары мен міндеттері
1. Осы Заңда журналистің кəсіби қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар қамтамасыз етілетін оның ерекше мəртебесі танылады.
2. Адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен кəсіби қызметін жүзеге асыруы жəне бұқаралық ақпарат құралының редакциясымен еңбек қатынасында немесе өзге де шарттық қатынаста болуы кезеңінде журналист мəртебесіне ие болады.
3. Журналистiң: 1) хабарлар мен материалдарды жинауды, өңдеуді, дайындауды жүзеге асыруға, ақпаратты сұратуға, алуға жəне таратуға;
2) мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысанындағы ұйымдарға баруына жəне өзiнiң қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық іс-шара өткiзу туралы шешiм қабылданған жағдайларды қоспағанда, өзiн аккредиттеген мемлекеттік органдар жəне (немесе) ұйымдар өткiзетiн барлық іс-шараларға қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, оның iшiнде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалана отырып жазбалар жүргізуге, кино- жəне фототүсiрілім жасауға;
4) журналист куəлігін, айырым белгісін көрсету арқылы дүлей зілзалалар ауданында, бейбіт жиналыстарда, сондай-ақ қоғамдық, топтық жəне жеке мүдделерді білдірудің өзге нысандары кезінде болуға;
5) мемлекеттік құпияларды жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтерді қоспағанда, құжаттармен жəне материалдармен танысуға рұқсат алуға;
6) алынатын ақпараттың анықтығын тексеруге;
7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге;
8) өзi əзірлеген хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға;
9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке сеніміне қайшы келсе, оны өз қолын қойып жариялаудан бас тартуға;
10) авторлық құпия жəне ақпарат көздерінің құпиясы соттың талап етуі бойынша жария етілетін жағдайларды қоспағанда, осы құпиялар мен ақпарат көздерін сақтауға құқығы бар.
4. Журналист:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып, өзi еңбек қатынасында немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;
2) таратылатын ақпараттың анықтығын тиісті жеке жəне (немесе) заңды тұлғаларға сұрау салулар жіберу арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тəсілдермен тексеру бойынша шаралар қабылдауға;
3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтініштерді қанағаттандыруға;
4) шындыққа сай келмейтiн ақпаратты таратпауға;
5) егер мəліметтер ресми хабарларда көрсетілген жəне (немесе) оларды жеке жəне (немесе) заңды тұлғаның өзі не олардың өкілдері қолжетімділігі шектелмеген дереккөздерде таратқан жағдайларды қоспағанда, жеке жəне (немесе) заңды тұлғадан не олардың өкілдерінен бұқаралық ақпарат құралында жеке басының, отбасылық, дəрігерлік, банктік, коммерциялық жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияларын таратуға келісімін алуға;
6) жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн құрметтеуге;
7) аса маңызды мемлекеттік жəне стратегиялық объектілерге бару кезінде кіру режимінің жəне объектішілік режимнің белгіленген талаптарын сақтауға;
8) кəсіби əдеп (əдептік мінез-құлық) нормаларын сақтауға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
27-бап. Журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) кəсіби қызметінің құқықтық кепілдіктері
1. Журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) міндеттерін денсаулығы мен өмірі үшін жоғары қауіптілікпен ұштасқан жағдайларда орындаған кезде бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі оны қажетті жабдықпен жəне киім-кешекпен қамтамасыз етуге міндетті.
2. Журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) өз міндеттерін орындауына байланысты өміріне жəне (немесе) денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі оған келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көлемде жəне тəртіппен өтеуге міндетті.
28-бап. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу
1. Бұқаралық ақпарат құралдары ақпарат иеленушілердің жəне ұйымдардың келісімі бойынша олардың жанына өз журналистерін аккредиттей алады. Аккредиттеудің оңайлатылған тəртібі жағдайында журналистерге (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне) аккредиттеу карталары беріледі. Аккредиттеу картасы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен бірыңғай медиаплатформа арқылы беріледі. Журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидаларын уəкілетті орган əзірлейді жəне бекітеді. Ақпарат иеленушілер, ұйымдар журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидалары негізінде журналистерді аккредиттеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді.
2. Журналист аккредиттелген мемлекеттік органдар жəне (немесе) ұйымдар өткізілетін отырыстар, кеңестер жəне өзге де іс-шаралар жөнінде оған алдын ала хабарлауға, стенограммалармен, хаттамалармен жəне өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті.
3. Жабық іс-шара өткізу туралы шешімдер қабылданған жағдайларды қоспағанда, аккредиттелген журналистің өзін аккредиттеген мемлекеттік органдар жəне (немесе) ұйымдар өткізетін отырыстарға, кеңестерге жəне басқа да іс-шараларға қатысуға құқығы бар.
4. Егер журналист аккредиттеу қағидаларын бұзса не өзін аккредиттейтін мемлекеттік органдардың жəне (немесе) ұйымдардың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, шындыққа сай келмейтін мəліметтерді таратса, егер бұл заңды күшіне енген сот шешімімен танылса, аккредиттеуден айырылады.
29-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын шет елдерде аккредиттеу Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралының меншік иесiнің Қазақстан Республикасының жəне болу мемлекетінің заңнамасында көзделген тəртiппен басқа мемлекеттерде тілшілер қосынын ашуға, журналистердi аккредиттеуге құқығы бар.
30-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң қызметi
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi өзі белгілеген тəртіппен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдiктерiн жəне олардың журналистерiн аккредиттеуді жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдіктерінің жəне олардың журналистерінің тізілімін жүргізеді.
2. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік журналистердің жəне басқа да шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң құқықтық жағдайы мен кəсiби қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасымен жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен реттеледi.
3. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралының Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін жəне Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзатын ақпаратты қамтитын өнімі Қазақстан Республикасының аумағында оның таралуы тоқтатыла тұрып не тоқтатылып, сот тəртібімен заңсыз деп танылуға, ал интернет-ресурстар болып табылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары үшін Қазақстан Республикасының аумағында аталған интернет-ресурстарға қолжетімділікті тоқтата тұруға жатады.
4. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жəне шетелдік журналистердің тиісті аккредиттеусіз кəсіби журналистік қызметпен айналысуына тыйым салынады.
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін жəне олардың журналистерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес аккредиттеуден бас тартуға құқылы.
6. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктері мен журналистерін аккредиттеуден бас тарту, оны тоқтата тұру жəне кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ 31-бап. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс
1. Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен орналастырылады.
2. Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен орналастырылады.
32-бап. Мемлекеттік ақпараттық саясат мəселелері жөніндегі комиссия
1. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу кезінде қоғамдық мүдделерді ескеру жəне қорғау, сондай-ақ халықтың ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уəкілетті орган жанынан Мемлекеттік ақпараттық саясат мəселелері жөніндегі республикалық комиссия құрылады. Мемлекеттік ақпараттық саясат мəселелері жөніндегі республикалық комиссияның негізгі функциялары мыналар болып табылады:
1) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарын бекіту;
2) уəкілетті орган айқындайтын тəртіпке сəйкес өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесін қарау жəне ұсыныстарды тұжырымдау;
3) республикалық жəне өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сəйкес республикалық жəне өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі, оның ішінде балаларға арналған контентті жасауға жəне өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарын дамытуға бағытталған мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау жəне ұсыныстарды тұжырымдау;
4) республикалық деңгейде мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттардың тақырыптық бағыттарын жəне олар бойынша қаржыландыру көлемдерін айқындау жəне бекіту;
5) Мемлекеттік ақпараттық саясат мəселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Мемлекеттік ақпараттық саясат мəселелері жөніндегі республикалық комиссияның құрамына мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірін құрайтын арақатынас негізінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері тартылады.
3. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу кезінде қоғамдық мүдделерді ескеру жəне қорғау, сондай-ақ халықтың ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар жанынан мемлекеттік ақпараттық саясат мəселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар құрылады. Мемлекеттік ақпараттық саясат мəселелері жөніндегі өңірлік комиссиялардың негізгі функциялары мыналар болып табылады:
1) республикалық жəне өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сəйкес өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі, оның ішінде балаларға арналған контентті жасауға жəне өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарын дамытуға бағытталған мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау жəне ұсыныстарды тұжырымдау;
2) республикалық жəне өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сəйкес өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін Мемлекеттік ақпараттық саясат мəселелері жөніндегі республикалық комиссияның қарауына жəне ұсынымдар алу үшін жіберу;
3) мемлекеттік ақпараттық саясат мəселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
33-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар
1. Гранттар мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына (бұдан əрі – гранттар) отандық контентті дамытуға, Қазақстан Республикасының ақпараттық егемендігін нығайтуға жəне қорғауға беріледі. Гранттар мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде: балаларға арналған контентті жасауға; өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарын дамытуға беріледі.
2. Мемлекеттік тілдегі гранттардың көлемі гранттардың жалпы жылдық көлемінің үштен екісінен кем болмауға тиіс.
3. Гранттар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қысқа мерзімді гранттар – іске асырылуы бір жылға дейінгі мерзімді құрайтын гранттар;
2) ұзақ мерзімді гранттар – іске асырылуы бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімді құрайтын гранттар.
4. Гранттар конкурстық іріктеу негізінде беріледі. Гранттарға арналған конкурсты уəкілетті орган жариялайды жəне хабарландыру уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
5. Мемлекеттік ақпараттық саясат мəселелері жөніндегі республикалық комиссия Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатының басым бағыттарына сəйкес гранттардың тақырыптық бағыттары мен көлемдерін бекітеді жəне олар белгіленген тəртіппен Республикалық бюджет комиссиясында қаралуға тиіс.
6. Гранттар беру мен олардың іске асырылуын мониторингтеу уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен бірыңғай медиаплатформада жүзеге асырылады. Уəкілетті орган Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасына сəйкес гранттар беру жəне оларды іске асыру рəсімдерінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді.
7. Тəуелсіз сараптама комиссиясы тиісті біліктілігі бар сарапшылардан тұрады. Тəуелсіз сараптама комиссиясының құрамы мен ережесін уəкілетті орган бекітеді. Уəкілетті орган жанындағы гранттар бөлу жөніндегі комиссия тəуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысы негізінде уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен гранттар беру туралы шешім қабылдайды.
8. Осы баптың күші «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен (Салық кодексі) жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттелетін, гранттар беру процесінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.
9. Уəкілетті орган, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреттері шегінде гранттардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
10. Гранттарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Гранттар беру үшін көзделген бюджет қаражаты осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, грант беруге жəне оның іске асырылуына арналған шартта белгіленген мақсаттарда жəне тəртіппен оларды іске асырудың бүкіл мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге пайдаланылады.
11. Гранттар шеңберінде жасалған өнімге айрықша авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі.
5-тарау. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ АЗАМАТТАРМЕН ЖƏНЕ ҰЙЫМДАРМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ МƏСЕЛЕЛЕРІ
34-бап. Авторлық туындылар мен хаттар
1. Редакция, масс-медианың меншік иесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес зияткерлік меншiкке авторлық құқық пен өзге де құқықтарды қоса алғанда, зияткерлік меншік құқығының пайдаланылатын объектілеріне, сондай-ақ дербес деректерді өңдеуге жəне қорғауға құқықтарды сақтауға мiндеттi.
2. Пайдаланушылар масс-медиада орналастыратын ақпаратты қоса алғанда, оқырман хаттарын жариялау кезінде олардың мəтінін мазмұнының мағынасын бұрмаламай қысқартуға жəне редакциялауға жол беріледі.
3. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, бұқаралық ақпарат құралының редакциясын ол қабылдамай тастаған материалды жариялауға міндеттеуге ешкім құқылы емес. Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған мəліметтерді қамтитын, интернет-ресурста пайдаланушылар орналастыратын ақпаратты қоса алғанда, оқырман хаттарын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға жол берілмейді.
35-бап. Ресми хабарлар
1. Ресми хабар ауызша немесе жазбаша нысанда, оның ішінде электрондық құжат нысанында таратылуы мүмкін. Ресми хабарды ауызша нысанда тарату ақпарат иеленушінің басшысының немесе осыған уəкілеттік берілген лауазымды адамының көпшілік алдында сөз сөйлеуі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Ресми хабарды жазбаша түрде, оның ішінде электрондық құжат нысанында таратқан кезде оған ақпарат иеленушінің басшысы немесе осыған уəкілеттік берілген лауазымды адамы қол қоюға (электрондық құжат жағдайында – электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландырылуға) тиіс.
2. Ресми хабар бұқаралық ақпарат құралдарына олардың меншік нысанына жəне тиесілілігіне қарамастан, тең шарттарда беріледі.
3. Бұқаралық ақпарат құралының берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі жазбаша сұрау салуына ақпарат иеленуші сұрау салу тіркелген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен жауап ұсынуға не оны ұсыну мерзімін немесе уəжді бас тартуды көрсете отырып жауап беруге міндетті. Ақпарат иеленушінің басшысы қосымша зерделеу мен тексеруді талап ететін, берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі жазбаша сұрау салуды қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, ол жөнінде бұқаралық ақпарат құралына қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабар беріледі.
4. Қойылған мəселелерді шешу құзыретіне кірмейтін ақпарат иеленушіге бұқаралық ақпарат құралынан берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі жазбаша сұрау салу келіп түскен жағдайда, осы сұрау салу екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті органдарға жіберіліп, ол жөнінде бұқаралық ақпарат құралына хабар берілуге тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдарының жазбаша жəне (немесе) электрондық құжат нысанында берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салулары бас редактордың (редактордың), уəкілетті тұлғаның немесе аккредиттелген журналистің қолы қойылып жіберіледі жəне (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландырылады.
5. Жазбаша немесе электрондық құжат нысанында берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салуларға жауаптар жолданым келіп түскен тілде ұсынылады. Берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салуларға жауаптар, егер сұрау салудың өзінде өзгеше көрсетілмесе, келіп түскен сұрау салу нысанында ұсынылады.
6. Бұқаралық ақпарат құралының өкілі сұратылатын мəліметтерді беруден бас тарту бойынша жоғары тұрған органға, лауазымды адамға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасай алады.
36-бап. Ресми хабарларға кірмейтін ақпаратты беру туралы сұрау салулар
1. Бұқаралық ақпарат құралы ақпарат иеленушіге ресми хабарға кірмейтін ақпаратты беру туралы сұрау салулармен жүгінуге құқылы. Бұқаралық ақпарат құралының журналисі ақпарат иеленушіге телефон арқылы ауызша сұрау салумен жүгінген кезде өзін таныстыруға жəне əңгіменің аудиожазбасы жүргізілген жағдайда, ол жөнінде хабарлауға міндетті. Бұқаралық ақпарат құралдарының жазбаша жəне (немесе) электрондық құжат нысанында берілген ақпаратты беру туралы сұрау салулары бас редактордың (редактордың), уəкілетті тұлғаның немесе аккредиттелген журналистің қолы қойылып жіберіледі жəне (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландырылады. Сұрау салуға жауап, егер сұрау салудың өзінде өзгеше көрсетілмесе, ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, келіп түскен сұрау салу нысанында жəне тілінде ұсынылады. Сұратылатын ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін жəне жазбаша сұрау салуға жауап беру кезінде өзге ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, ақпарат иеленушінің басшысы қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, ол жөнінде бұқаралық ақпарат құралына қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабар беріледі.
2. Сұрау салу бойынша ақпарат беруден:
1) егер сұрау салудың мазмұны сұрау салу жіберілген ақпарат иеленушінің құзыретіне кірмесе;
2) егер сұрау салу осы Заңның талаптарына сəйкес келмесе;
3) егер сұратылатын ақпарат қолжетімділігі шектелген ақпаратқа жататын болса;
4) мемлекеттік бақылау нəтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін;
5) ведомствоаралық жəне ведомствоішілік хат алмасу немесе мемлекеттік органдардағы кеңесулер негізінде тұжырымдалатын түпкілікті шешім қабылданғанға дейін;
6) шет мемлекеттерден немесе халықаралық ұйымдардан келіп түскен құжаттарды ашу шарттары туралы өзара келісім қабылданғанға дейін бас тартылады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуына жауап ұсынбағаны немесе уақтылы жауап ұсынбағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Бұқаралық ақпарат құралының өкілі мемлекеттік басқару органдарының жəне лауазымды адамдардың азаматтар құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз əрекеттеріне шағым жасау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен сұрау салынған ақпаратты беруден бас тартуға шағым жасай алады.
37-бап. Міндетті хабарлар
1. Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде тиісті саланың уəкілетті мемлекеттік органдары өз құзыреті шеңберінде жəне (немесе) жергілікті атқарушы органдар оқиға басталған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей, уəкілетті орган айқындайтын тəртіпке сəйкес бұқаралық ақпарат құралдарына ағымдағы ахуал туралы ресми хабарлар беруге міндетті. Ресми хабарларды бермегені немесе уақтылы бермегені үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары өтеусіз негізде мыналарды:
1) заңды күшіне енген сот шешімін, егер онда осы сот процесі бойынша жауапкер болып табылған бұқаралық ақпарат құралында жауапты немесе теріске шығаруды жариялау туралы талап қамтылатын болса;
2) «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сəйкес төтенше жағдайды енгізу туралы ресми хабарларды;
3) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында көзделген уəкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын;
4) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағында көзделген уəкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын;
5) осы баптың 1-тармағында көзделген уəкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын жариялауға міндетті.
3. Міндетті хабарларды:
1) эфирге күн сайын шығатын теле-, радиоарналар – бір тəулік ішінде;
2) жарыққа (эфирге) шығу кезеңділігі немесе уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдары – осындай жарияланымдар үшін уəкілетті мемлекеттік органдар не сот белгілеген мерзімде жариялайды.
38-бап. Теріске шығару немесе жауап беру құқығы
1. Азамат немесе заңды тұлға бұқаралық ақпарат құралдарынан осы бұқаралық ақпарат құралында таратылған, шындыққа сай келмейтін жəне оның арнамысына, қадір-қасиетіне жəне іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мəліметтерді теріске шығаруды талап етуге құқылы. Мұндай құқыққа азаматтың немесе заңды тұлғаның өкілдері де ие болады. Азамат немесе заңды тұлға теріске шығаруға жүгінген жағдайда бұқаралық ақпарат құралында таратылған мəліметтердің шындыққа сай келетіні жөнінде дəлелдемелері болмаған осы бұқаралық ақпарат құралының редакциясы оларды нақ сол бұқаралық ақпарат құралында теріске шығаруға міндетті. Осы бапта көрсетілген құқықтардың бұзылуына байланысты бұқаралық ақпарат құралдарына қойылатын талаптар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі осындай мəліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап бір жылды құрайды.
2. Теріске шығару туралы талап шындыққа сай келмейтін мəліметтер осы бұқаралық ақпарат құралында олардың таратылған уақыты мен тəсілі көрсетіле отырып, жазбаша ресімделуге тиіс. Мерзімді баспасөз басылымдарында теріске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған жерде нақ сол қаріппен жариялануға жəне «Теріске шығару» тақырыбымен орналастырылуға тиіс. Телевизия жəне радио арқылы теріске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты нақ сол тəулік уақытында жəне нақ сол теле-, радиобағдарламада, ал көрсетілген теле-, радиобағдарлама жабылып қалған жағдайда оған сəйкес келетін тақырыптық бағыттағы өзге теле-, радиобағдарламада берілуге тиіс. Интернет-басылымдарда теріске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал жарияланған бөлімде нақ сол қаріппен жəне «Теріске шығару» тақырыбымен жариялануға тиіс. Теріске шығарудың көлемі теріске шығарылатын хабардың немесе материалдың көлемінен екі жəне одан да көп есе аспауы керек.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін өзіне қатысты мəліметтер жарияланған азаматтың немесе заңды тұлғаның нақ сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауабын тегін жариялауға құқығы бар. Мерзімді баспасөз басылымдарында жауап теріске шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған жерде нақ сол қаріппен жариялануға жəне «Жауап» тақырыбымен орналастырылуға тиіс. Телевизия жəне радио арқылы жауап теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты нақ сол тəулік уақытында жəне нақ сол теле-, радиобағдарламада, ал көрсетілген теле-, радиобағдарлама жабылып қалған жағдайда оған сəйкес келетін тақырыптық бағыттағы өзге теле-, радиобағдарламада берілуге тиіс. Интернет-басылымдарда жауап теріске шығарылған хабар немесе материал жарияланған бөлімде нақ сол қаріппен жəне «Жауап» тақырыбымен жариялануға тиіс. Жауаптың көлемі теріске шығарылатын хабардың немесе материалдың көлемінен екі жəне одан да көп есе аспауы керек. Азаматтың немесе заңды тұлғаның не олардың өкілдерінің жауабы: жарыққа (эфирге) күн сайын шығатын бұқаралық ақпарат құралдарында – азаматтан немесе заңды тұлғадан не олардың өкілдерінен жауап беруге құқық беру туралы талап алынған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде; жарыққа (эфирге) шығу кезеңділігі не уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдарында – жуық арада жоспарланатын шығарылымда жарияланады немесе беріледі. Бұқаралық ақпарат құралы, егер азаматтың немесе заңды тұлғаның не олардың өкілдерінің жауабында таратылуына Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін өзгеше түрде бұзатын ақпарат қамтылса, жауапты жариялаудан бас тартуға құқылы.
4. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат құралы мұндай жарияланымнан бас тартқан не бiр айдың iшiнде теріске шығаруды немесе жауапты жарияламаған жағдайда, сондай-ақ осы бұқаралық ақпарат құралы таратылған жағдайда, сотта қаралады.
5. Заңды күшіне енген сот шешімін орындау үшін таратылатын теріске шығару не жауап:
1) жарыққа (эфирге) аптасына кемінде бір рет шығатын бұқаралық ақпарат құралдарында – егер өтініш беруші өзгеше белгілемесе, теріске шығару туралы талап алынған күннен бастап екі тəулік ішінде;
2) жарыққа (эфирге) шығару кезеңділігі не уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдарында – егер өтініш беруші өзгеше белгілемесе, жуық арада жоспарланатын шығарылымда жарияланады.
6. Өзіне қатысты шындыққа сай келмейтін жəне ар-намысына, қадiр-қасиетiне жəне iскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн мəлiметтер таратылған азамат мұндай мəлiметтердi терiске шығарумен қатар олардың таратылуынан келтiрiлген залалды жəне моральдық зиянды өтеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тəртіппен талап етуге құқылы. Өзіне қатысты іскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн мəлiметтер таратылған заңды тұлға мұндай мəлiметтердi терiске шығарумен қатар олардың таратылуынан келтiрiлген залалды өтеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тəртіппен талап етуге құқылы.
39-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара ісқимыл жасау жөніндегі уəкілетті тұлға (бөлімше)
1. Орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдарда, орталық атқарушы органдардың ведомстволарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдарда (Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда) мемлекеттік органның құзыретіне, сондайақ оның қызметіне жататын мəселелер бойынша ақпарат таратуды жүзеге асыратын, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уəкілетті тұлға тағайындалады не уəкілетті бөлімше құрылады. Дербес құрылымдық уəкілетті бөлімше жəне (немесе) штаттық лауазым Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бекітілген штат саны лимиттерінің шегінде құрылады, сондай-ақ мемлекеттік органның (арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) бірінші басшысына тікелей бағынады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, штат саны жиырма бес адамнан аз мемлекеттік органдарда осы баптың 2-тармағында белгіленген функциялар мемлекеттік орган қызметкерлерінің біріне негізгі функционалдық міндеттерінен босатылмай жүктеледі.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара ісқимыл жасау жөніндегі уəкілетті тұлға (бөлімше) өз қызметін арнаулы мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, уəкілетті орган бекіткен үлгілік ереженің негізінде əзірленген ереже негізінде жүзеге асырады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уəкілетті тұлға (бөлімше) уəкілетті орган айқындайтын тəртіпке сəйкес уəкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уəкілетті тұлға (бөлімше) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тəртіппен біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара ісқимыл жасау жөніндегі уəкілетті тұлға (бөлімше) мемлекеттік орган жойылған (таратылған) немесе қайта ұйымдастырылған жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік органның штат саны бойынша (штаттық кестесінен) алып тасталуға жатпайды.
40-бап. Масс-медиада балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мəселелері бойынша өтініштер
1. Балаға қатысты кибербуллинг фактілері анықталған жағдайда азамат не баланың заңды өкілі құқыққа қайшы əрекеттер орын алған масс-медианың атауын көрсете отырып, балаға қатысты жасалып жатқан кибербуллинг фактілері туралы өтінішпен уəкілетті органға жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жүгінуге құқылы. Жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында берілген өтініштер қол қойылып жіберіледі жəне (немесе) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландырылады. Балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті сараптама тобы ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды. Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау тəртібін уəкілетті орган айқындайды. Жауап мемлекеттік тілде немесе жүгіну тілінде ұсынылады. Сұратылатын ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін жəне өтінішке жауап беру кезінде өзге ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, уəкілетті орган қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, ал өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабар беріледі.
2. Егер өтініш мазмұнында балаға қатысты кибербуллинг фактілері жасалып жатқан масс-медиа көрсетілмесе, өтінішті қараудан бас тартылады.
3. Кибербуллинг фактілері бойынша азаматтың не баланың заңды өкілінің өтінішіне жауап ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін уəкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Өтінішті қараудан бас тартуға азамат не баланың заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасай алады. Ескертпе. Осы баптың мақсатында кибербуллинг деп масс-медиа пайдаланыла отырып жасалған, балаға қатысты қорлау сипатындағы жүйелі (екі жəне одан да көп) əрекеттер, баланы қудалау жəне (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір əрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мəжбүрлеуге бағытталған əрекеттер түсініледі.
41-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мəселелері жөніндегі қоғамдық-кəсіптік кеңестер
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзінөзі реттеу мəселелері жөніндегі қоғамдық-кəсіптік кеңес медиасаланы дамыту мақсатында ерікті негізде құрылады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзінөзі реттеу мəселелері жөніндегі қоғамдық-кəсіптік кеңес өз қызметін уəкілетті орган бекіткен үлгілік ереже негізінде жүзеге асырады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мəселелері жөніндегі қоғамдық-кəсіптік кеңестер республикалық деңгейде де, өңірлік деңгейде де ұйымдастырылуы мүмкін.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзінөзі реттеу мəселелері жөніндегі республикалық қоғамдықкəсіптік кеңес бұқаралық ақпарат құралдарының кəсіптік қоғамдастығы өкілдерінен қалыптастырылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мəселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық-кəсіптік кеңестер жергілікті кəсіптік қоғамдастықтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен қалыптастырылады.
5. Журналистердің əдеп кодексін əзірлеу бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мəселелері жөніндегі қоғамдық-кəсіптік кеңестердің негізгі функциясы болып табылады.
6. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мəселелері жөніндегі қоғамдық-кəсіптік кеңестердің ұсынымдары мемлекеттік органдардың міндетті түрде қарауына жəне ден қоюына жатады.
6-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
42-бап. Телерадио хабарларын тарату субъектілері Телерадиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары, теле-, радиобағдарламаларды жасаушылар мен дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылар Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын тарату субъектілері болып табылады.
43-бап. Телерадиокомпания
1. Телерадиокомпания теле-, радиоарналарды қалып тастырып, оларды телерадио хабарларын тарату желілерінде одан əрі тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
2. Телерадиокомпаниялар:
1) уəкілетті органда теле-, радиоарнаны бұқаралық ақпарат құралы ретінде есепке қоюды жүзеге асырады;
2) қалыптастырылатын теле-, радиоарналардың техникалық параметрлерінің телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондайақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сəйкес сақталуын қамтамасыз етеді;
3) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу, телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларына жəне телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сəйкес теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларды беру сапасын қамтамасыз етеді;
4) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес берілген сəйкестік сертификаттары бар теле-, радиоарналарды қалыптастырудың техникалық құралдарын пайдаланады.
44-бап. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, акциялар пакетінің жүз пайызы мемлекетке тиесілі, телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін күтіп-ұстау мен дамыту жөніндегі міндеттер жүктелген заңды тұлға телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы болып табылады.
2. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес телерадиокомпаниялармен жəне телерадио хабарларын тарату операторларымен жасалған шарттардың негізінде телерадиокомпаниялар мен телерадио хабарларын тарату операторларына телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін пайдалануға тең құқық береді;
2) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісінің біртұтас мүліктік кешенінің сақталуын қамтамасыз етеді;
3) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін күтіп-ұстау мен пайдалануды жүзеге асырады;
4) заманауи озық технологиялар негізінде телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін дамыту мен жаңғыртуды жүзеге асырады;
5) міндетті теле-, радиоарналарды жəне еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды жүзеге асырады;
6) жасалған шарттар негізінде цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінде еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды белгіленген тарифтерге сəйкес жүзеге асырады;
7) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тарифтерді өзінің интернет-ресурсында жариялайды;
8) цифрлық эфирлік хабар тарату желісінің цифрлық жəне аналогтік эфирлік хабар тарату желілерінде міндетті теле-, радиоарналарды таратуға арналған спутникте спутниктік ресурсты резервке қоюды қамтамасыз етеді. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы телекоммуникация желілерінде телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде уəкілетті орган телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі бойынша мемлекеттік емес теле-, радиоарналардың трансляциясын жəне (немесе) ретрансляциясын аналогтік жəне цифрлық телерадио хабарларын тарату арқылы қамтамасыз ету жөніндегі шығындарын өзге қаржыландыру көздері болмағанда төтенше жағдайдың бүкіл қолданылу мерзімінде ұлттық оператор белгілеген тарифтерге сəйкес өтейді. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толық көшкеннен кейін телерадио хабарларын тарату желілерін өз қаражаты есебінен одан əрі дамытуды жүзеге асырады.
45-бап. Телерадио хабарларын тарату операторлары 1. Телерадио хабарларын тарату операторлары телекоммуникация желілерінде:
1) теле-, радиоарналар топтамаларын трансляциялау жəне (немесе) ретрансляциялау;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес телерадиокомпаниялармен жасалған шарттардың негізінде теле-, радиоарналарды трансляциялау жəне (немесе) ретрансляциялау;
3) егер телерадио хабарларын тарату операторлары мен телерадиокомпаниялар арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, теле-, радиоарналарды теле-, ра диобағдарламаларының мазмұнын өзгертпей ретрансляциялау арқылы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Осы тармақшаның ережесі осы Заңның 58-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды;
4) осы Заңның 22-бабына сəйкес есепке қою рəсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын тарату операторы мен шетелдік телерадиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тəртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шарттардың негізінде трансляциялау жəне (немесе) ретрансляциялау;
5) міндетті теле-, радиоарналарды, еркін жəне шартты қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялау жəне (немесе) ретрансляциялау арқылы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Телерадио хабарларын тарату операторлары телекоммуникация желілерінде телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.
2. Телерадио хабарларын тарату операторлары: «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес берілген сəйкестік серти фикаттары бар техникалық құралдарды теле-, радиоа рналарды тарату үшін пайдалануға; трансляциялауды жəне (немесе) ретрансляциялауды телерадио хабарларын таратудың техникалық пайдалану қағидаларына жəне телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына сəйкес жүзеге асыруға; цифрлық форматта сигнал алу жəне контентті жеткізудің цифрлық технологияларын пайдалану кезінде цифрлық телерадио хабарларын тарату стандарттарына сəйкес бағдарламалық лек жылдамдығымен цифрлық форматта өзі пайдаланатын барлық желідегі теле-, радиоарналар сигналдарын трансляциялауды қамтамасыз етуге; телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сəйкес отандық теле-, радиоарналарды трансляциялауды жəне (немесе) ретрансляциялауды жүзеге асыруға міндетті.
46-бап. Теле-, радиобағдарламаларды жасаушы
1. Теле-, радиобағдарламаларды жасауға маманданған жеке немесе заңды тұлға теле-, радиобағдарламаларды жасаушы болып табылады.
2. Теле-, радиобағдарламаларды жасаушылар мен телерадиокомпаниялар арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес реттеледі.
47-бап. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мəселелері жөніндегі комиссия Телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру жəне қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уəкілетті орган жанынан уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен консультативтік-кеңесші орган – телерадио хабарларын таратуды дамыту мəселелері жөніндегі комиссия құрылады.
48-бап. Телерадио хабарларын тарату желілері
1. Телерадио хабарларын тарату желілері Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сəйкес біртұтас телекоммуникация желісінің құрамдас бөлігі болып табылады жəне Қазақстан Республикасының жəне шет мемлекеттердің аумағында теле-, радиоарналарды тарату жəне трансляциялау үшін пайдаланылатын жерүсті жəне спутниктік хабар тарату жүйелерінің біртұтас өндірістік-технологиялық кешенін құрайды.
2. Мемлекеттік теле-, радиоарналарды тарату жəне трансляциялау үшін телерадио хабарларын тарату операторларының техникалық құралдары мен арналары пайдаланыла отырып, біртұтас телекоммуникация желісіне негізделетін республикалық жəне өңірлік телерадио хабарларын тарату желілері құрылады.
3. Телерадиокомпаниялар жəне телерадио хабарларын тарату операторлары теле-, радиоарналарын тарату жəне трансляциялау үшін қазіргі бар телекоммуникация желілерін жасалған шарт талаптарымен пайдалануға құқылы.
4. Телерадио хабарларын тарату желілері меншік нысанына қарамастан, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер жəне қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тəртібі туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік жəне құқықтық тəртіпті қорғау мүдделерінде пайдаланылады. Телерадио хабарларын тарату желілерін көрсетілген мақсаттарда пайдалану тəртібін азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті орган айқындайды.
5. Телерадиокомпаниялар жəне телерадио хабарларын тарату операторлары табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер жəне қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тəртібі туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік жəне құқықтық тəртіпті қорғау мүдделерінде халықты құлақтандыруды меншік нысанына қарамастан міндетті түрде жүзеге асырады.
6. Егер техникалық жағдайлар мүмкіндік берсе, тұрғын үйлерде кəбілдік желілерді тарту үшін инженерлік инфрақұрылым объектілері барлық кəбілдік телерадио хабарларын тарату операторларына бірдей шарттармен беріледі.
49-бап. Телерадио хабарларын тарату қызметтеріне арналған тарифтер Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, телерадио хабарларын тарату операторлары көпарналы хабар таратуда жəне телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердi негiзделген шығындар негiзiнде өз бетінше белгiлейдi.
50-бап. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық мүдделерін қорғау
1. Отандық телеарналардың телерадио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде жарнаманы қоспағанда, отандық телебағдарламалар саны:
1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – кемінде елу бес пайызды;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде алпыс пайыз ды құрауға тиіс. Осы тармақтың талабы халықаралық келісімдер негізінде хабар тарататын телеарналарға қолданылмайды.
2. Отандық радиоарналардың радио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде жарнаманы қоспағанда, қазақстандық авторлардың не орындаушылардың музыкалық туындылары мен отандық радиобағдарламалар саны: 1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – кемінде елу бес пайызды; 2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде алпыс пайыз ды құрауға тиіс.
51-бап. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялау тəртібі
1. Жеке немесе заңды тұлғаларды отандық спутниктік құрылғыларды сатып алуға ынталандыру спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялаудың мақсаты болып табылады.
2. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау бюджет қаражаты есебінен уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
3. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялау мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:
1) аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде тұратын тұрғындардың спутниктік қабылдау құрылғыларын сатып алуы;
2) телерадио хабарларын тарату операторының теле-, радиоарналарды байланыс спутниктерінде орналастырылатын ретрансляторлар арқылы таратуы;
3) «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы лицензияның болуы;
4) елу мыңнан аспайтын тұрғыны бар кемінде он елді мекенде меншік немесе пайдалану құқығында меншікті сату желісін иелену.
4. Уəкілетті орган спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларынан келіп түскен өтінімдерді қарау үшін шығындарды субсидиялау не одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құрады.
5. Субсидиялар алған спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары жыл сайын субсидияларды іске асырудың тиімділігіне талдау жүргізеді жəне оны уəкілетті органға жібереді.
6. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялауды ұсыну, бақылау, мониторингтеу жəне оның тиімділігін бағалау уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
52-бап. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру
1. Жеке тұлғалардың ақпаратқа, сөз бостандығына, пікірлерді білдіру жəне пікірлердің əралуандығын дамыту құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігін сақтау жəне қамтамасыз ету, мемлекеттің əлеуметтікэкономикалық саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты жария ету, елдің мəдени мұрасын сақтау жəне дамыту мақсатында мəдени, ғылыми-білім беру, танымдық-ағарту жəне басқа да əлеуметтік маңызы бар жəне Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылуға міндетті ақпараттың жиынтығын құрайтын міндетті теле-, радиоарналардың тізбесі қалыптастырылады.
2. Міндетті мемлекеттік емес теле-, радиоарналардың тізбесі уəкілетті орган айқындаған тəртіппен конкурстық негізде қалыптастырылады. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мəселелері жөніндегі комиссияның ұсынымы бойынша міндетті мемлекеттік теле-, радиоарналардың тізбесі конкурс өткізілмей қалыптастырылады жəне оны уəкілетті орган бекітеді.
3. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру жылына бір реттен асырмай жүзеге асырылады. Теле-, радиоарнаның меншік иесі теле-, радиоарнаны көрсетілген тізбеге енгізуден ерікті түрде бас тартқан немесе одан алып тастаған жағдайда, ұлттық мүдде лерді қамтамасыз ету мақсатында уəкілетті органның шешімі бойынша бос орынға қайта конкурс өткізіледі.
53-бап. Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру
1. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесі:
1) осы Заңның 69-бабының 4-тармағына сəйкес цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарататын теле-, радиоарналар топтамасына енгізілген теле-, радиоарналардан;
2) осы баптың 2-тармағына сəйкес айқындалған теле-, радиоарналардан қалыптасады.
2. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мəселелері жөніндегі комиссияның ұсынымы бойынша телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру уəкілетті орган айқындаған тəртіппен конкурстық негізде жүзеге асырылады.
3. Телерадио хабарларын тарату операторлары еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды телерадиокомпаниялармен жасалған шарттардың негізінде таратуға құқылы.
54-бап. Телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялау Уəкілетті орган телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялауды «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырады.
55-бап. Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін радиожиілік спектрін пайдалану
1. Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен конкурстық негізде жүзеге асырылады.
2. Байланыс саласындағы уəкiлеттi орган телерадио хабарларын таратуды дамыту мəселелерi жөнiндегi комиссияның шешiмi негiзiнде телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшiн жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) пайдалануға арналған рұқсатты бередi. Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналған рұқсатта техникалық құралдардың орналасқан жері, оның ішінде типтері, географиялық координаттары, сондай-ақ пайдаланылатын таратушы радиоэлектрондық құралдардың нақты қуаты көрсетілген антенна құрылғыларының орналасуы көрсетілуге тиіс.
3. Байланыс саласындағы уəкiлеттi орган телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшiн радиожиiлiктердi есептеудi, оны радиожиiлiк органдарымен келiсудi жəне халықаралық үйлестiрудi жүргiзедi. 56-бап. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарына қойылатын талаптар 1. Теле-, радиоарналарды қалыптастырудың, трансляциялаудың, ретрансляциялаудың жəне (немесе) қабылдаудың техникалық құралдарының «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сəйкестігі расталуға жатады.
2. Өзге радиотаратқыш жəне (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына бөгеуілдер жасайтын жəне мəлімделген техникалық параметрлерге сəйкес келмейтін, телерадио хабарларын тарату сигналын қабылдайтын жəне беретін радиоэлектрондық құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
57-бап. Қосымша ақпаратты тарату
1. Қосымша ақпарат мазмұны телерадио хабарларын тарату сигналының құрамында берілетін негізгі телебағдарламаның мазмұнына байланысты емес, бір жиілік жəне (немесе) эфир уақыты пайдаланыла отырып, негізгі бағдарламамен бір уақытта трансляцияланатын əріптік, цифрлық, графикалық ақпаратты білдіреді.
2. Коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпараттың мөлшері кадр алаңының жиырма бес пайызынан аспауға жəне телебағдарламалардағы мəтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиіс.
58-бап. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялау
1. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялау, егер телерадио хабарларын тарату операторлары мен құқық иеленуші – теле радиокомпания арасында жасалған шартта өзгеше көзделмесе, сондай-ақ осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мазмұнына өзгерістер енгізілместен жүзеге асырылады.
2. Телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялау кезінде:
1) əлеуметтік жарнаманы;
2) тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталама жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы;
3) тек жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға маманданған шетелдік теле-, радиоарналар тарататын жарнаманы қоспағанда, жарнаманың таратылуына жол бермеуге тиіс. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялау кезінде үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайтын теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды) таратуға жол беріледі.
3. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялауға телерадио хабарларын тарату операторы мен телерадиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тəртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шарттың негізінде ғана жол беріледі.
4. Теле-, радиоарналарды, теле-, радиобағдарламаларды ретрансляциялауға байланысты құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
5. Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің он пайызынан аспауға тиіс.
59-бап.
Теле-, радиоарналарды көпшілікке көрсету үшін тарату Мемлекеттік органдар жəне (немесе) ұйымдар ғимараттарының күту залдарында көпшілікке көрсету үшін тек отандық теле-, радиоарналар таратылады.
7-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ТҮРЛЕРІ
60-бап. Аналогтік эфирлік телерадио хабарларын тарату
1. Аналогтік эфирлік телерадио хабарларын тарату сигналды өңдеудің аналогтік əдістері пайдаланылатын теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді. 2. Аналогтік эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды тарату осы Заңның 55-бабына сəйкес берілген, жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналған рұқсат жəне теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия болған кезде жүзеге асырылады.
61-бап. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату
1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату бірегей сигналды цифрлау (жинау) əдістемесін пайдалана отырып, жер үстіндегі хабар беруші станциялар арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
2. Телерадио хабарларын тарату операторларының цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы осы Заңның 55-бабына сəйкес берілген, жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналған рұқсаты жəне теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.
62-бап. Спутниктік телерадио хабарларын тарату
1. Спутниктік телерадио хабарларын тарату байланыс спутниктерінде орналастырылатын ретрансляторлар арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
2. Спутниктік телерадио хабарларын тарату Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында телерадио хабарларын тарату сигналдарын таратуға арналған.
3. Телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналған рұқсаты жəне теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.
4. Телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды жəне телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ жəне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радио сигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықты таратуға тыйым салынады.
5. Телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ жəне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне төлем жасауға тыйым салынады.
6. Дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылардың қызметі телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалатын тəртіппен жүзеге асырылады.
63-бап. Кəбілдік телерадио хабарларын тарату
1. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету үшін абоненттік желілерді қоспағанда, кəбілдік телерадио хабарларын тарату кəбілдік жəне эфирлік-кəбілдік желілер арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
2. Телерадио хабарларын тарату операторларының кəбілдік жəне эфирлік-кəбілдік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия негізінде жүзеге асырылады.
3. Телерадио хабарларын тарату операторларының эфирлік-кəбілдік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы осы Заңның 54-бабына сəйкес берілген, жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналған рұқсаты болған кезде жүзеге асырылады.
4. Кəбілдік телерадио хабарларын тарату операторлары міндетті теле-, радиоарналардың трансляциясын жəне (немесе) ретрансляциясын кəбілдік телерадио хабарларын тарату операторлары мен міндетті теле-, радиоарнаның құқық иеленушісі – телерадиокомпания арасындағы өзара есепке жатқызу негізінде жүзеге асырады.
64-бап. Телекоммуникация желілерін пайдаланып телерадио хабарларын тарату
1. Телекоммуникация желілерінде телерадио хабарларын тарату телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялардың техникалық құралдары мен байланыс желілері пайдаланылатын теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
2. Телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналарды тарату теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия негізінде жүзеге асырылады.
65-бап. Дара спутниктік қабылдау
1. Жеке жəне заңды тұлғалардың теле-, радиоарналарды дара спутниктік қабылдауы одан əрі ретрансляциялау құқығынсыз жүзеге асырылады.
2. Телевизиялық сигналдың дара спутниктік қабылдауын қамтамасыз ету үшін «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сəйкестігін растаудан өткен дара спутниктік қабылдау құрылғылары пайдаланылуға тиіс.
66-бап. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесі
1. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесі – бір ғимарат жəне (немесе) бірнеше ғимарат шегінде теле-, радиоарналарды қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені.
2. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі коммерциялық мақсаттарды көздейтін қызмет кəбілдік телерадио хабарларын таратуға теңестіріледі жəне теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиялануға жатады.
3. Коммерциялық мақсаттарды көздемейтін, бір ғимарат шегіндегі ұжымдық қабылдау жүйесі ғимараттың меншік иелерінің жазбаша келісімімен ғана орнатыла алады. Егер осы ғимараттардың меншік иесі бір ғана жеке немесе заңды тұлға болып табылса, коммерциялық мақсаттарды көздемейтін, бірнеше ғимарат шегіндегі ұжымдық қабылдау жүйесі орнатыла алады.
4. Ұжымдық қабылдау жүйелері телерадио хабарларын таратудың басқа операторларының хабар тарату сапасына əсер етпеуге тиіс.
8-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
67-бап.
Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
2. Азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе ұйымның (мемлекеттiк органның, азаматтардың қоғамдық, шығармашылық, ғылыми, дiни не өзге де бiрлестiгiнiң жəне заңды тұлғалардың) іскерлік беделіне нұқсан келтiретiн, шындыққа сай келмейтiн мəлiметтердi тарату, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сотқа ықпал жасау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
3. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттiк органдардың жəне өзге де ұйымдардың оған кiнəлi лауазымды адамдары, сондай-ақ масс-медианың меншік иесi, бұқаралық ақпарат құралының таратушысы, бұқаралық ақпарат құралының бас редакторы (редакторы), таратылған хабарлар мен материалдардың авторлары жауапты болады.
4. Масс-медианың меншiк иесi, бұқаралық ақпарат құралының бас редакторы (редакторы) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, əлеуметтiк, нəсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық жəне рулық астамшылықты, есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді жəне пре курсорларды, жарылғыш заттар мен жарғыш құрыл ғыларды, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды жəне порнографияны насихаттайтын немесе үгіттейтін хабарлар мен материалдарды таратқаны үшін, олардың алынған дереккөздеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Масс-медиа, егер мұндай ақпаратты тарату ауыр жəне (немесе) аса ауыр қылмыстар жасауда сот кінəлі деп таныған кəмелетке толмағандарды қоспағанда, құқыққа қайшы əрекеттер (əрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен кəмелетке толмаған адамның жəне əкімшілік жəне (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген жəне (немесе) айып тағылған кəмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, таратылатын хабарлар мен материалдарда олардың атааналары жəне өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, осы Заңның 14-бабының 5-тармағында көрсетілген ақпаратты жария етуге құқылы емес. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпарат:
1) құқыққа қайшы əрекеттер (əрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен он төрт жасқа толған кəмелетке толмаған адамның жəне оның заңды өкілдерінің;
2) құқыққа қайшы əрекеттер (əрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен он төрт жасқа толмаған кəмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің;
3) əкімшілік жəне (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған он алты жасқа толған кəмелетке толмаған адамның жəне оның заңды өкілдерінің келісімімен масс-медиада таратылуы мүмкін. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың бірі масс-медиада ақпарат таратуға өз келісімін бермеген жағдайда, мынадай:
1) он төрт жасқа толған жəне құқыққа қайшы əрекеттер (əрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен кəмелетке толмаған адамның немесе егер заңды өкіл осы құқыққа қайшы əрекеттердің (əрекетсіздіктердің) жасалуына күдікті немесе айыпталушы болып табылса, оның заңды өкілдерінің келісімінсіз;
2) зардап шеккен кəмелетке толмаған адамның бір заңды өкілі Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде болған жəне оның келісімін алу мүмкін болмаған жағдайда екінші заңды өкілінің келісімімен болатын жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты таратуға тыйым салынады. 6. Масс-медиа қылмысты тергеп-тексеруге, қылмыс жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, жоғалған кəмелетке толмағандарға іздеу салуға жəрдемдесу мақсатында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті көлемде жəне Қазақстан Республикасының Қылмыстықпроцестік кодексінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, қылмыстық процесті жүргізетін органдардан алынған процестік құжаттар негізінде осы баптың 5-тармағының екінші бөлігінде белгіленген адамдардың келісімін алмай, кəмелетке толмаған адамға қатысты мəліметтерді таратуға құқылы.
7. Журналистiң (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) заңды кəсiби қызметiне кедергi жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа алып келеді.
68-бап. Шындыққа сай келмейтін мəліметтерді таратқаны үшін жауаптылықтан босатылатын жағдайлар
Бұқаралық ақпарат құралы, сол сияқты оның бас редакторы (редакторы), журналисі шындыққа сай келмейтін мəліметтерді таратқаны үшін, егер олар:
1) ресми хабарларда қамтылса;
2) бұқаралық ақпарат құралының журналистік сұрау салуына берілген жауапта қамтылса немесе бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уəкілетті тұлғаның (бөлімшенің) материалдарынан алынса;
3) жарнама берушілерден жəне жарнама жасаушылардан алынса;
4) таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты таратуды қоспағанда, өкілді органдар депутаттарының, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды немесе уəкілетті адамдарының, жеке жəне заңды тұлғалардың ресми сөйлеген сөздерінің сөзбе-сөз қайталанып берілуі болса;
5) алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде не осы Заңға сəйкес редакциялауға жатпайтын мəтіндерде қамтылса;
6) таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйы м салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты таратуды қоспағанда, өз хабарында осы хабарды таратқан бұқаралық ақпарат құралына сілтеме көрсетілген жағдайда уəкілетті органда есепке қойылған басқа бұқаралық ақпарат құралы таратқан хабарларда, материалдарда немесе олардың фрагменттерінде қамтылса;
7) осы Заңның 37-бабына сəйкес белгіленген міндетті хабарларда қамтылса, жауапты болмайды.
9-тарау.
ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
69-бап.
Өтпелі ережелер
1. Уəкілетті органның цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу жөніндегі актілерінде айқындалған əкімшілік-аумақтық бірліктерді қоспағанда, цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін аналогтік эфирлік телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
2. Уəкілетті орган цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшудің уəкілетті орган айқындаған тəртібіне сəйкес цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу мерзiмдерiн оған көшкенге дейін кемiнде алты ай бұрын белгілейді. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін мемлекеттік емес еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды тарату бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшудің уəкілетті орган айқындаған тəртібі мен мерзімдеріне сəйкес жүзеге асырылады.
3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін телеарналар үшін барлық бұрын берілген телевизиялық хабарларды таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензиялар мен жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналған рұқсаттар қолданылады. Бұл ретте телерадиокомпаниялар осы Заңның талаптарына сəйкес цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкеннен кейінгі бір жыл ішінде телеарналарды есепке қоюды жүзеге асыруға міндетті.
4. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу кезінде əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аналогтік жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) арқылы таратылатын телеарналар осы жиіліктерді, радиожиі ліктерді (радиожиілік арналарын) босатады. Əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аналогтік жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) арқылы таратылатын телеарналарды уəкілетті орган нақ осы əкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында конкурс өткіз бестен цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісіндегі еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне міндетті түрде қосады. Телеарна еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың бекітілген тізбесінде болмаған жағдайда телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы техникалық мүмкіндік болған кезде хабар таратудың цифрлық эфирлік желісі арқылы таратылатын теле-, радиоарналар топтамасының құрамына оны өз бетінше қосуға құқылы. Осы теле-, радиоарналарды тарату жасалған шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сəйкес жүзеге асырылады.
5. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкеннен кейін уəкілетті орган айқындаған тізбе бойынша цифрлық эфирлік телеха бар тара тумен қамтылмайтын əкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағындағы аналогтік жиіліктер белдеу лерін, радиожиіліктерді (радио жиілік арналарын) қоспағанда, аналогтік телерадио хабарларын тарату кезінде телеарналарға берілген радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқ саттар мен теле- , радиоарналарды тарату жөнін дегі қызметпен айналысуға арналған лицензиялар өз қолданысын тоқтатады.
6. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансля циялауды қамтамасыз ету мақсатында телерадио хабар ларын таратудың ұлттық операторы жиіліктер белдеу лерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналған рұқсатты конкурс өткізілместен алады.
7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Жалғамалармен қамтамасыз ету жеке өзінің атынан немесе отбасының жəне өзімен үнемі бірге тұратын басқа да адамдардың атынан жүгінген бір мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек алушыға бір жалғама деген есеппен жүргізіледі. Жалғамалармен қамтамасыз ету біржолғы болып табылады, жалғамалар алушыға, оның отбасы мүшелеріне жəне онымен үнемі бірге тұратын басқа адамдарға қайта берілмейді.
70-бап.
Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі
1. Осы Заң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11) тармақшасын, 7-баптың 5) тармақшасын, 32-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасын, 33-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 35) тармақшасының күші 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «35) республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс – бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын, бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған тапсырыс;».
3. Мыналардың:
1) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының;
2) «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 19 маусым № 93-VIІІ ҚРЗ