• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан мен Ресей ірі қуатты АЭС құрылысы бойынша жұмыстарды бастады

Үлкенде басталған инженерлік іздестіру жұмыстары – заманауи ірі қуатты атом электр станциясын салу жобасының алғашқы кезеңі.

08.08.2025
0
Қазақстан мен Ресей ірі қуатты АЭС құрылысы бойынша жұмыстарды бастады
6
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

2025 жылғы 8 тамызда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылында ірі қуатты атом электр станциясын салу жобасы аясындағы алғашқы жұмыстар – станция құрылысына арналған оңтайлы алаңды айқындау және жобалық құжаттаманы әзірлеу мақсатындағы инженерлік іздестірулер басталды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев және «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв қатысты. «Росатомның» Инжинирингтік дивизионының мамандары алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылап, топырақ сынамаларын алу жұмыстарына кірісті. Бұл зерттеулер аумақтың сейсмикалық тұрақтылығын, гидрогеологиялық ерекшеліктерін және өзге де параметрлерін бағалауға мүмкіндік береді. Мұндай бағалау болашақ станцияның сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады. Осы кезеңде кемінде 50 ұңғыма бұрғыланып, олардың тереңдігі 30-дан 120 метрге дейін жетеді. Алынған деректердің негізінде АЭС-тің нақты орналасу орны айқындалады. Инженерлік іздестірулердің басталуы – АЭС жобасының қауіпсіздігіне, сенімділігіне және экономикалық тиімділігіне тікелей әсер ететін маңызды кезең. Дәл осы жұмыста аумақтың геологиялық, сейсмикалық, гидрологиялық және экологиялық сипаттамалары кешенді түрде зерттеледі. Зерттеу нәтижелері станцияны орналастыру жөніндегі түпкілікті шешім қабылдауға негіз болады. Бұл іздестірулер жобаның халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етіп, экологиялық және техногендік қауіптерді азайтуға, болашақ атом электр станциясын тиімді жобалауға мүмкіндік береді. Алмасадам Сәтқалиев салтанатты шараға қатысушы қонақтар мен жергілікті тұрғындарға арнаған сөзінде:

«Бүгінгі күн – тек алғашқы қадам, бірақ дәл осы қадам Қазақстанның экономикасында жаңа жоғары технологиялық саланы қалыптастыру жолын айқындайды. Біз АЭС құрылысы заманауи инфрақұрылымнан бастап жаңа мектептер, балабақшалар мен әлеуметтік нысандарға дейін өңірдің дамуына қуатты серпін береді деп сенеміз. Бұл жоба – Қазақстанның стратегиялық таңдауы, өңір мен елдің ұзақ мерзімді экономикалық өсімінің драйвері», -деп атап өтті.

«Үлкендегі инженерлік іздестірулердің басталуы – Қазақстанның заманауи тарихындағы алғашқы ірі қуатты атом электр станциясына бастайтын жолдың алғашқы қадамы. Бұл кезеңде біз алаңның болашақ атом станциясы үшін толықтай қолайлы екеніне сенімді болу мақсатында мұқият зерттеуге баса назар аударамыз. “Росатом” Қазақстанның дамуы үшін стратегиялық маңызы зор осы жобаны жүзеге асыруға бар тәжірибесін қолдануға дайын», – деді «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв.

Болашақ станцияның негізінде электр қуаты 1200 МВт болатын III+ буынның заманауи ВВЭР-1200 су-су энергетикалық реакторлары орнатылады. Бұл технология ең қатаң халықаралық қауіпсіздік талаптарына сай және қазіргі уақытта Ресей, Беларусь, Түркия, Бангладеш, Мысыр және Қытайдағы қолданыстағы әрі салынып жатқан нысандарда табысты пайдаланылып келеді. Реактордың қызмет ету мерзімі – 60 жыл, қосымша 20 жылға ұзарту мүмкіндігі бар. Еске сала кетейік, 2025 жылғы маусымда «Росатом» Қазақстандағы АЭС құрылысы жөніндегі халықаралық консорциумның жетекшісі болып айқындалды.

Атом энергиясы жөніндегі агенттік

Тегтер: Алматы облысыатом электр станциясыҚазақстан-РесейЭнергетика
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына  қойылған сұрықсыз  ескерткіші сүрілетін болды

Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына қойылған сұрықсыз ескерткіші сүрілетін болды

3
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

3
Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
Жамбыл облысында 2500 тоннадан  астам жабайы қарасора жойылды

Жамбыл облысында 2500 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

08.08.2025
Қауіпсіздік кеңесі Ахуалдық орталығының жаңа меңгерушісі тағайындалды

Қауіпсіздік кеңесі Ахуалдық орталығының жаңа меңгерушісі тағайындалды

08.08.2025
АЭС құрылысын қай ел жүргізеді?

Алғашқы АЭС құрылысы басталды

08.08.2025
16 қыркүйектен бастап ажырасу ережелері өзгереді

16 қыркүйектен бастап ажырасу ережелері өзгереді

08.08.2025
Алматылықтарға ескерту жасалды

Алматыдан 35 шақырым жерде жер сілкінісі орын алды

08.08.2025
Зиянды жұмыс істеген 4 мыңға жуық адам арнайы төлем алды

Қазақстандықтар «Аяла Голд» пирамидасына 1 млрд теңгеден аса қаражат салған

08.08.2025
Қазақстан мен Ресей ірі қуатты АЭС құрылысы бойынша жұмыстарды бастады

Қазақстан мен Ресей ірі қуатты АЭС құрылысы бойынша жұмыстарды бастады

08.08.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский