Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 62,4%-ға дейін өсті – бүгінде 12,6 млн азамат газбен қамтамасыз етілген.
Биыл газбен қамтуды жалғастыру мақсатында республикалық бюджеттен және «Самұрық-Қазына» АҚ қаражатынан 84 жобаны іске асыру үшін 112,5 млрд теңге бөлінді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 71 елді мекенді газбен қамту бойынша 60 жобаны аяқтау жоспарлануда, бұл табиғи газға 218 мың адамға қол жеткізуге мүмкіндік береді немесе жалпы газбен қамтамасыз ету көрсеткішімен қамту 12,8 млн адамды құрайды.
Ел тұтынушыларын газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін ірі стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, оның ішінде «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісінің құрылысы, «Ақтөбе – Қостанай» магистралды газ құбырының құрылысы, «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысыжоспарлануда.
Сонымен қатар Қазақстан транзиттік әлеуетті арттыруда.
2023 жылдың қазан айында Ресей газының Өзбекстан Республикасына транзиті іске қосылды. 2023 жылы 1,28 млрд текше метр, 2024 жылы – 5,6 млрд текше метр тасымалданды. Ал биыл 7,3 млрд текше метрге дейін ұлғайту, әрі қарай 2038 жылға 11 млрд текше метрге дейін ұлғайтуды жоспарлануда.
Сондай-ақ министр биыл түркімен және өзбек газын Қытай Халық Республикасына тасымалдау жоспары шамамен 36,2 млрд текше метрді құрайтынын, бұл өткен жылдың деңгейіне сәйкес келетінін айтты.
Үкіметтің баспасөз қызметі