Кездесуде тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін білдірді.
Арман Шаққалиев: «Армения нарығы қазақстандық өңделген өнімге қызығушылық танытып отыр. Біз 348 млн АҚШ долларына 70 түрлі шикізаттық емес тауар жеткізуге дайынбыз», – деді.
Кездесу барысында бірлескен өндіріс, экспортты сақтандыру мен қаржыландыру мәселелері де талқыланды. Қазақстан армян әріптестерін осы бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.
Сондай-ақ, наурыз айында өткен бизнес-миссия аясында армян импорттаушылармен келіссөздер өтіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, экспортты қаржыландыру және сақтандыру мәселелері талқыланған болатын. Қазақстандық тарап армян серіктестерін осы бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.
Сауда және интеграция министрлігі