• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Орнықты даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Орнықты даму мақсаттары жөніндегі (ОДМ) үшінші ерікті ұлттық шолудың тұсаукесері өтті.

19.05.2025
0
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді
3
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісінің міндетін атқарушы Стивен О’ Малли ұсынылған құжаттың жай ғана есеп еместігін, Қазақстанның БҰҰ-ның 2030 күн тәртібіне шынайы берілгендігінің көрінісі мен барлық әлемге еліміздің ілгерілеуі, сабақтары мен амбициялары туралы айту мүмкіндігі екенін атап өтті.

«Қазақстан – шолуды үш жылда бір рет өткізетін санаулы елдердің бірі. Бұл ОДМ бойынша прогресс мониторингіндегі, ашықтықты ілгерілетудегі нағыз көшбасшылығын айқын көрсетеді. Жақында Алматыда ашылған БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығы Қазақстанның ОДМ-ны елде де, аймақта да іске асыруға бейілділігін көрсетеді. БҰҰ тұрғысынан мұндай шолуларды жүргізу шынайы әріптестік пен іс-қимылға шақыру ретінде бағаланады. БҰҰ Қазақстан үкіметін толығымен қолдайды», — деп атап өтті Стивен О’ Малли.

Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев үшінші құжатта ОДМ-ны жергілікті жерге бейімдеуге, яғни жаһандық мақсаттарды аймақтар мен жергілікті қоғамдастықтар деңгейіне көшіру мәселелеріне ерекше назар аударылғанын айтты. Сондай-ақ Шолу 2025-тің басты ерекшелігі – азаматтық қоғамның, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың жұмысына белсенді қатысу.

«Екінші ерікті ұлттық шолу ұсынылған сәттен бастап ОДМ-ны іске асырудың институционалдық негіздерін жетілдіруде елеулі нәтижелерге қол жеткізілді: 2023 жылы Қазақстанның орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру мониторингі жөніндегі парламенттік комиссия құрылды. 2060 жылға дейін елдің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы қабылданды. Орнықты даму мақсаттарының тиімді мониторингін қамтамасыз ету үшін ОДМ ұлттық индикаторлары өзектендіріліп, жалпы саны бүгінде 200-ге жеткізілді», —  деді Асан Дарбаев.

Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы Әсел Сәрсенбаеваның айтуынша, ОДМ «Ешкімді артта қалдырмау» қағидатына сәйкес дайындалған Үкімет тарапынан да, азаматтық қоғам тарапынан да іске асырылуды бағалауды көрсетеді. Ол жұртшылық пікірін ескере отырып айқындалған басым мақсаттардың орындалуы туралы ақпарат ұсынды.

«Үкімет Орнықты даму мақсаты бойынша және жаһандық сын-тегеуріндерге жауап ретінде еңбек нарығының талабына сәйкес бизнесті қолдау мен кадр даярлау шарасын жүйелі түрде қабылдауда», — деп атап өтті Әсел Сәрсенбаева.

Ол, азаматтық қоғам әлеуметтік кодекс әлеуметтік саясаттың негізін нығайтты деп санайды. Қазақстан ана өлімін тез төмендеткен (ДДҰ бағалауы бойынша) он елдің қатарына кіреді. Гендерлік теңдік саласында мемлекет деңгейінде де, жеке секторда да ілгерілеу байқалады. Онда ірі компаниялар гендерлік стратегиялар мен харассментке қарсы іс-қимыл саясатын енгізеді. Құқықтық мәдениеттің өсуі сот жүйесіне қойылатын жаңа талаптарға әкелуде. Қоғам оны одан әрі жақсартуды күтетіні орынды.

Үйлестіру кеңесін қорытындылай келе, Серік Жұманғарин Орнықты даму мақсаттарының қағидаттарын енгізу бірінші кезекте халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, үздік халықаралық стандарттарды қабылдауға бағытталғанын, бұл тұтастай алғанда елдің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Кеңес қатысушылары Қазақстанның үшінші ерікті ұлттық шолуын мақұлдады. Енді құжат осы шілдеде Нью-Йорктегі жоғары деңгейдегі Саяси форумда ұсынылады.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: ана мен балаҚР Үкіметіөлім-жітімСерік Жұманғарин
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский