Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында елімізге танымал балалар хирургы, педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының хирургия бөлімінің меңгерушісі Мөлдір Қалабаева мен балалар хирургы Нұржан Афлатоновтың қатысуымен шеберлік сыныбы өтті.
Онда асқазан-ішек жолдарының және аноректальды аймақтың ауыр патологиялары бар бес кішкентай балаға оталар жасалды.
Аноректальды ақау және тік ішек атрезиясы диагнозы қойылған 2023 жылы туылған жасөспірімдерге ректовестибулярлық фистулаға байланысты аноректопластика жасалып, олар хирургиялық емдеуден сәтті өтті.
Бүгінде жағдайлары қанағаттанарлық деңгейде. Үйге шығарылу жоспарлануда.
Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы