• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Атырау облысына жұмыс сапарымен барды

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин жұмыс сапары аясында аймақтағы жалғыз қой және түйе жүнінен өнімдер шығаратын «CaspiyLana Atyrau» ЖШС-ға барды.

13.07.2024
0
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Атырау облысына жұмыс сапарымен барды
59
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

 I кезеңде 100 тонна түйе жүнін және 350 тонна қой жүнін қайта өңделсе, II кезеңде 400 мың қума метр мата және көрпе шығарылады. Ауыл шаруашылығы министрлігі және жергілікті атқарушы органдардың тарапынан бүгінде мекеменін өндірісін қайта жандандыру мәселесі талқыланып, жоспар бекітіліді. Одан әрі жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілетін болады.

Кейін А. Бердалин облыстың 100-ден астам шаруа қожалықтарының басшыларымен және тауар өндірушілермен кездесіп, ұсыныс-пікірлерді тыңдап, бірқатар сұрақтарға жауап берді. Сұрақтардың ішінен ірі сабақты мал азығына берілетін субсидия және су тасқыны салдарынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы құрылымдары мәселелеріне ерекше тоқталып, халыққа түсіндірме жүргізді.

Айта кетейік, Жылыой, Қызылқоға аудандарының 158 тұрғынына су тасқыны салдарынан қаза тапқан малдың шығыны үшін 185,6 млн теңге сомасында өтемақы толық төленді. Оның ішінде 39 шаруа қожалығының басшысы, 19 жеке кәсіпкер, қалғандары-ауыл тұрғындары. Көктемгі су тасқынынан өсімдік шаруашылығымен айналысатын 150-ден астам ШҚ зардап шекті, 6070 гектардан астам аумақты су басқан.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, жиналыс барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстарды, әзірленетін хаттамаға сәйкес қарастырып, жұмыс жүргізетін болады.

Өткізілген жиналыстан кейін, Аманғали Бердалин биылдан бастап 10 шілде сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілген «Ветеринария қызметкері күніне» орай облыстағы ветеринариялық ұйымдарға «Haval» маркалы 34 қызметтік көлік табыс етті.  Жалпы облыста 76 ветеринариялық пункт бар. 2023 жылы – 42-не көлік табыс етілген болатын. Қазіргі кезде облыс әкімшілігінің қолдауымен барлық ұйымдар 100 % авто көліктерімен қамтылған.

— Ветеринария саласын дамыту үшін мемлекеттен жыл сайын қолдау көрсетіліп жатыр. Сіздердің сапалы жұмыс істеуіңізге қажетті барлық материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету үшін жан-жақты шаралар қабылданып жатыр. Бүгін міне, соның куәсі ретінде сапалы қызметтік көліктерді беріп жатырмыз. Бұдан бөлек, ветеринариялық лабораториялар бүгінгі күнгі талаптарына сай жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметі резервінен 3,8 млрд. тенге бөлді, саланы цифрландыру жұмыстарында қарқынды жүргізіп жатырмыз — деп атап өтті А.Бердалин.

Іс-сапар барысында облыс халқын табиғи сүт және ашытылған сүт өнімдерімен қамтитын «Первомайский» тауарлы сүт фермасының жұмыс барысымен танысты. Ферма жылына 6 400 тонна сүт және сүт өнімдерін шығарады. Тауарлар негізінен «Дина» базарының, «Көктем» және «Сарайшық» коммуналдық базарының сөрелеріне қойылған. Вице-министр шығарылатын өнім санын және сапасын арттыруды, сонымен қатар ветеринариялық талаптарды күшейтуді тапсырды.

Жұмыс сапары аясында «Caspian Royal Fish» бекіре өсіру зауытында да болды.  Мекеме еуропалық стандарттарға сай бекіре тұқымдас балықтарды өсіріп, жоғары сапалы қара уылдырық алып отыр. Өндірістік қуаты —  10 тонна. «Caspian Royal Fish» ЖШС мемлекеттік тапсырыспен 2023 жылы Жайыққа 500 мың бекіре шабағын өсімге жіберді.

Сонымен қатар Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының да жұмысымен танысты. Өткен жылы Жайық-Каспий бассейнінен 6 мыңға жуық (5 813 т) тонна балық ауланды. Мың тоннаға жуық балық пен оның өнімдері шет елдерге (Ресей, Словакия, Израиль, Германия, Польша) экспортталды. Зауытты реконструкциялауғажобалық-сметалық құжаттардың дайындалу барысымен танысып, мамандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Вице-министр құжаттардың сапалы әзірленуін мұқият қадағалау керек екенін ескертті.

АШМ баспасөз қызметі

Тегтер: атырау облысыауыл шаруашылығы министрлігівице-министрЖұмыс сапары
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына  қойылған сұрықсыз  ескерткіші сүрілетін болды

Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына қойылған сұрықсыз ескерткіші сүрілетін болды

3
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

3
Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
Түркия азаматтары Қазақстанда 90 күнге дейін визасыз жүре алады

Түркия азаматтары Қазақстанда 90 күнге дейін визасыз жүре алады

29.07.2025
Тоқаев Түркияның ең жоғары мемлекеттік наградасына ие болды

Тоқаев Түркияның ең жоғары мемлекеттік наградасына ие болды

29.07.2025
ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ — ҚОҒАМ ӨМІРІНІҢ ТЕҢДІГІ

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ — ҚОҒАМ ӨМІРІНІҢ ТЕҢДІГІ

29.07.2025
Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

29.07.2025
Қытайдан Қазақстанға 10,2 млрд текше метр су келді

Қытайдан Қазақстанға 10,2 млрд текше метр су келді

29.07.2025
Зиянды жұмыс істеген 4 мыңға жуық адам арнайы төлем алды

Зиянды жұмыс істеген 4 мыңға жуық адам арнайы төлем алды

29.07.2025
Тау-кен ісі және геология мамандықтары ҚР-да танымал бола түсуде

Тау-кен ісі және геология мамандықтары ҚР-да танымал бола түсуде

29.07.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский