Бүгінгі таңда Жуалы ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 8 млрд. 693,5 млн. теңгені құраған немесе нақты көлем индексі 101,1 пайызды құраған. Аудан бойынша жалпы ішкі өнімінің көлемі есепті мерзімге 21 млрд. 123,4 млн. теңгені құрап, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,3 пайызға артты. Егін шаруашылығында да өсім байқалады. 2021 жылдың өнімі үшін 58 724 га. алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары себілді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың облысты таңқурай мен құлпынайдың кіші отанына айналдыру тапсырмасына орай Жуалы ауданында 5 гектарға таңқурай мен құлпынай отырғызылған. 2021 жылдың өнімі үшін егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 1 498 гектарға жоғары.
Мал өнімдері бойынша 2021 жылдың 1 шілдесіне ет өндіру тірі салмақпен 6 430,1 тн., сүт өндіру 20 536,1 тн., тұқым 1 956,0 мың дана өнім алып, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 1,4 пайызға, сүт өнімі 0,8 пайызға және тұқым өнімі 0,5 пайызға артқан. 1594 дана ауыл шаруашылығы техникасы, оның ішінде 627-і тракторы болса, 185-сі комбайн, 982-ы ауыл шаруашылығы тіркемелері бар. Өткен жылы 159 803 мың теңгеге 19 дана ауыл шаруашылығы техникасы, көрсеткіш 1,2 пайызға орындалды. Картоптың жаңа тұқымын Қарағанды облысынан сатып алу үшін аудан шаруаларына 128 миллион теңгеге жеңілдетілген несие берілді. Қазіргі таңда 944 тонна тұқым, оның ішінде, 115 тонна элиталы және 829 тонна бірінші репродукциялы, Латона сортты картоп тұқымдары сатып алынып, 240 гектар алқапқа отырғызылды. Облыс тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған пилоттық жоба Ақтөбе ауылдық округінде табысты іске асырылуда. «Атамекен-Бастау» ауыл шаруашылығы кооперативі 13 азаматты тұрақты жұмыспен қамтыды. Бұдан бөлек, 193 ауыл тұрғыны 559 миллион теңге 2,5 пайызбен несие алып, мал шаруашылығын дамытуға өз үлестерін қосуда. Осының есебінен аталған ауылдық округте атаулы әлеуметтік көмек алатын 98 отбасы 14 отбасына азайып, жеке кәсіпкерлердің саны 24-тен 196-ға артты.
Өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 5 862,8 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, нақты көлем индексі 100,2 пайызға орындалған. 2021 жылдың 1 шілдесіне аудан көлемінде статистикалық деректерге сәйкес 4 969 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Кәсіпкерлік субъектілерде барлығы 9 552 адам жұмыс атқарады. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің есепті мерзімге 4 623-і, немесе 93,0 пайызы жұмыс істеуде. 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 1 589,7 млн. теңгенің бөлшек саудасы жасалып, нақты көлем индексі 103,8 пайызға орындалған. Ауданда бүгінгі таңда 4 шағын микрокредиттік ұйым барлығы 1 365 адамға 1 366,8 млн. теңге несие таратқан. «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие алу мақсатында жалпы сомасы 597,8 млн. теңгені құрайтын нақты 23 жобамен жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 20 жоба бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен келісімдері жасалып, жалпы құны 483,3 млн. теңгені құрайтын несиеге толық қол жеткізілді.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды