Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, Атырау мұнай және газ өңдеу зауыты 2021-2023 жылдар аралығында қызмет бағасын нарықтағы өзге өндірістерден 31 пайызға өсірген. Осылайша, мұнай өңдеуде нарық бағасын ескермей, бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзған.
Агенттік мамандарының айтуынша, бұл тексеріс әлі екі айға созылады, бірақ ол кәсіпорынның жұмысына әсер етпейді, яғни өндіріс жалғаса бермек.
«Тергеу 6 қаңтарда басталып, үш айға созылады. Тергеу қорытындысында заң бұзылғаны анықталады. Тергеу фактісі анықталса, толықтай монополиялық кіріс тәркілене отырып, бес пайыз көлемінде айыппұл салынады», — деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы департаменті басшысының орынбасары Әсел Әдиева.