Біздің Қоғамда атеисттік көзқарасты ұстанушылар баршылық. Сол адамдардың бұл көзқарасқа, бұл байламға келуіне не түрткі болғанына, олардың қалай өмір сүріп жатқанына қызықтым. Міне осыдан кейін зерттеп көруге тырыстым. Тақырыптың қаншалықты ауыр, тұрпайы екенін біле тұра ұялы телефонмен алып “ Сіз атеистсіз бе?”- деп сұрауым болды. Бұл сұрағым үшін қатты ұяламын, бірақ осы қателігімнен сабақ алдым. Ол адам маған ренжіді. Бірақ сол көзқарастардағы адамдарды қалай табуыма өз көмегін тигізді. Facebook-әлеуметтік желісі арқылы “Атеист” — деп іздеуге салып едім, нәтижесін көріп қатты таң қалдым. Біздің қоғамда осыншалықты ашық адамдарды көремін деп ойламадым. «Атеист»-деген арнайы парақша ашылыпты. Ол парақшадағы адамдардың саны 8,7 мың. Менің көзіме алғаш түскен сол парақшаның ең белсенді адамы болды. Парақшадағы есімі Николай Коперник 1939 жылғы Торунь қаласының тұрғыны болды. Мен ол кісіден алғашында өзін қайдан тапқанымды айтып, содан соң сұхбат алуым үшін рұқсатын алдым.
Солай сұхбатымыз басталды. Алғашқы сұрағым иа дәл сол сұрақтан басталды.
-“Сіз атеистсізбе?”
— Дәл солай.
— Қай уақыттан бастап бұл көзқарасқа тоқталдыңыз?
-Әрдайым, бала кезден.
-Ал сіздің туғандарыңыз осы көзқарасыңызға қалай қарады, олар да осы көзқарасты ұстанадыма?
-Иа олар психикасында ауытқуы жоқ адамдар.
-Сонда дінге сенетін адамдар олар ессіз адамдар ма?
-Заман солай қалыптасқан. Дін — адам миына өте жойқын әсер ететін зиянды вирус. Заңдарына сәйкес қайтарымсыз.
-Сіздің достарыңыз барма? Олар қандай көзқараста?
-Әрине олсыз болама. Олар атеис пен агностиктер. (Агностик-гр.мойындамаушылық)
— Сіздің дінге сенетін достарыңыз болдыма?
-Жоқ маған олармен тілдескен қызықсыз. Олармен тілдесетін ортақ әңгімеміз жоқ.
-Сіздің туысқандарыңыз кішкентай кезіңізде дінге сенгеніңізді қаламадыма? Тыйымдар салындыма?
-Жоқ әрине. Олар КСРО кезінде комунисттер болды.
-Ал сіздің жолдасыңыз, балаларыңыз барма? Олар қандай көзқарасты ұстанады?
-Иа жұбайым, екі балам бар бірі 35 жаста, бірі 10 жаста. Жұбайым, 35 жастағы балам агностик. Ал 10 жастағы балам ол әлі кішкентай, әлі түсіндіру үстіндеміз.
— Сонда балаңызға нені түсіндіресіз?
-Шындығына келгенде әлем қалай қалыптасқанын. Дін дегеніміздің не екенін. Оның құрылысын, зияны мен ақымақтығы жайлы.
-Егер сіздің кіші балаңыз атеист немесе агностик болғысы келмейтінін айтса сіз қарсы келмейсізбе?
-Менің рұқсатым керек емес, адам өзі үшін шешім қабылдайды.
-Сіздерде жерлеу рәсімдері қалай өтеді? Дұғалар оқыладыма?
-Қарапайым. Табыт, гүлдер, қабір немесе колумбарий.(Колумбари-бұл өртенген марқұмның күлімен урналарды сақтайтын арнайы қоймалар)
— Қалай ойлайсыз адамдар қалай осы жер бетінде пайда болған.
-Біздің сол кездегі бабамыз Juramaia sinensis болған.Ол туралы ғылыми және палеонтологиялық кітаптарда. Мұражайдан сүйектерді көруге болады. Айтпақшы, неандертальдықтар біздің ата-бабаларымыз емес. Бұл біздің немере ағаларымыз. Адамзат сәтсіз балама.
Осымен біздің әңгімеміз аяқталды.
Бұл жөнінде мәскеулік теолог Мукиев Ирек Ваккасович Медина қаласындағы «Ислам университетінің» түлегі былай деп сұхбат берді.
Білгім келгені адамдар неге атеисттік көзқарасты таңдайды?
Менің түсінігім бойынша атеист олар осы әлемнен тыс дүниелерге сенбейді, олар құдайлық қағиданы жоққа шығарады, тек материалдық принцип бар деп санайды. Негізінде атеизм адамды Құдайдан бөлу үшін арнайы құрылған. Яғни, менің түсінігімде 18 ғасырдың аяғында крепостнойлық билігі құрылып, өнеркәсіп қарқынды дамып келе жатқанда жұмыс күшіне деген үлкен сұраныс кезінде адамды бақылауда ұстау керек болды. Ал адамның сенім артуға ешнәрсесі болмаған кезде оны басқару оңай еді. Адамдар күшпен діннен бас тартылды. Атеистердің көпшілігі қоғамның балалары. Бірақ атеисттің өзі қиын жағдайға тап болған кезде, ол аспанға қарайды.
-Атеистердің өмірлік көзқарасы қандай болады?
Олар адам қайтыс болғаннан кейін бәрі аяқталады және бұл әлемде жаза жоқ деп ойлайды. Біздің алғашқы тәрбиеміз ол Кеңестік тәрбие, бізге бұл дүниеде материалдан басқа ешнәрсе жоқ деп үйретті.
— Сіз өз тәжірибеңізде атеистермен кездестіңіз бе?
-Бұл өте сирек кездеседі. Қазір Көбіне адамдар Құдайға сенеді,ондай көзқарастағы адамдар сирек кездеседі.
Беркимбаева Индира Шығыс Қазақстан облысының діни мәселелерді зерттеу орталығының директоры, Психолог өз тәжірибиесімен бөлісті
Психологиялық тұрғыдан алғанда адамдар атеисттік көзқарасты неге таңдайды?
Барлық құндылықтар оның ішіндегі діни құндылықтарда кез-келген отбасында қалыптасады. Адам дүниеге келгеннен соң отбасылық құндылықтар сол адамның бойында қалыптасып дамиды. Яғни оның ата-анасы, қоршаған ортасы сол арқылы, одан кейін әрине қазіргі кезде діндар болса да балалары атеисттік бағытты, көзқарасты қабылдап жатыр. Оның барлығы бірте-бірте қоғамдағы пікірлерге байланысты, алған біліміне және айналасындағы қоршаған ортасына да байланысты болып келеді. Енді атеист болу ол ешқандай да бір психикасында ауытқушылық , не болмаса мінез құлқындағы бір кемшілік деп қарауға болмайды. Ол адамның жеке өзіндік жеке бас таңдауы, себебі біздің Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болғандықтан және біздің конституциямыз бойынша әрбір азаматқа сенім жағынан бостандыққа ие сондықтан атеисттік көзқараста болу ол адамның жеке таңдауы болып есептеледі. Ал айналасындағы қоршаған адамдар достары, әріптестері, отандастары оның дәл сондай сезімдерін сыйлауы міндетті. Діндар адамдар атеист адамдарды, қоғамнан шектетіп олардың Пікірлеріне қарама-қайшы көзқарастар айтып жатады. Дегенмен жоғарыда айтып кеткенімдей біз «золотая середина» дейдіғой. Міне осы жерде атеист адамда, діндәр адамда осы тура ортасын ұстай білу керек. Мысалы атеист адам ешқашан діндәр адамның сезіміне оның түсінігіне нұқсан келтіретін, қорлайтын, намысына тиетін ойларын ашық айтуына болмайды. Яғни ол қандайда бір діндәр адамды көргенде сен адасқансың, құдай жоқ деп бір-бірімен қарама — қайшылыққа түспеуі керек. Сондықтан да көбінесе адамдардың егер адам атейстік жолды таңдаса оның психологиялық ауытқуы бар деп есептейтін адамдар жетеді. Ал бұл ол адамның жеке сенімі. Өзінің өмір сүруі.
— СІЗДІҢ ПРАКТИКАҢЫЗДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН КӨМЕК СҰРАП КЕЛГЕН АДАМДАР БОЛДЫ МА ОСЫ КӨЗҚАРАС БОЙЫНША?
— Енді жалпы КИСИ деген Қазақстандық зерттеу институты бар. Бұл жердегі 2019 жылғы зерттеулері бойынша біздің Қазақстанда тұратын халықтың 19%- ы өздерін діндәр емеспіз деп көрсетеді. Оның ішінде 14% ы Қазақстандықтар өздерін атейстпіз деп көрсетеді. Бұл жерде менің жеке тәжірибемде болды 1-2 жағдай. Өздерін атейстпіз деп көрсеткен азаматтардың пікірталаста, жұмыс істеген орнында әріптестерінің тарапынан оны құдай жоқ деген пікірімен келіспей, тіпті онда қысым көрсету, қорлау сияқты жағдайларға жол берген. Осыған сәйкес менен көмек сұрап келген 1-2 тұлға болған. Осыдан 1-2 жыл бұрын. Сол кезде біз ол кісінің жұмыс орнында Қазақстанның дін саясатын түсіндіру және бұл еркінді түрдегі таңдау бостандығын сыйлау біздің Қазақстанның конституциясында талап етілетіндігі жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бұл жерде адамды Алла жаратады деген ге, Алланың қалауымен, Алла қаласа деген сөздерге ол киіпкеріміз қарсы шығып, адам дарвин ілімі бойынша маймылдан жаратылған, құдай бар деген ұғымды адамдар өздері шығарып алған, адамдар санасын басқару үшін қолданыдатын манипуляцияның бір түрі деген сияқты қақтығыс ойлар болған. Бұл қақтығысты екі жақтағы адамдар топтарына да түсіндіру жұмыстары жасалды. Қоғамда қақтығыстар болмауы үшін, біздің конституциямыздың бар екендігін ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар 2017 жылы діни ұйымдар, діни бірлестіктер дін туралы заңда осы мәселелер қарастырылды. Яғни атейстердің құқықтары мен жауапкершілігін қарау мәселесі қарастырылған болатын. Бұл жерде яғни атейстік көз- қарасты ұстануға әр- бір адам құқылы. Және олар бір — біріне екі жақта, екі тарапта бір біріне ар-намысына тиу, қорлау фактілеріне жол бергені үшін жауапқа тартылатыны туралы мәліметтер берілді. Сондықтанда біздің Қазақстандық қоғамда адам қандай сезімге үміт артамын десе де өзі біледі.
Әр адам өз жасаған ісін мойнымен көтереді, қандай көзқараста болса да, қай дінді ұстанса да адамдық қалпымызды сақтай білейік.
Арайлым Болатқызы