• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 19:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қатаң шара қолданамыз – Б. Сапарбаев Тараздың автотасымалдаушыларына ескерту жасады

Қоғамдық көлік Тараз қаласы тұрғындары үшін өзекті әрі жиі талқыға түсетін тақырыптарының бірі болып қалып отыр. Әлеуметтік желілерде қалалықтардан автобус маршруттарына қатысты көптеген шағымдар түсуде десек, әсіресе, мереке күндері қоғамдық көлік қозғалысының айтарлықтай қысқартылғанын жеткізген. Осы мәселеге айрықша көңіл бөлген Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев автобус парктерін аралап, олардың жұмысымен танысты.

turan_admin turan_admin
25.03.2020, 11:29
Облыс жаңалықтары
Қатаң шара қолданамыз – Б. Сапарбаев Тараздың автотасымалдаушыларына ескерту жасады
3.3k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Нақтырақ айтсақ, аймақ басшысы облыс орталығындағы маршруттардың 40 пайызына қызмет көрсететін «Әулиеатранспасс» ЖШС-де болып қайтты. Күн сайын серіктестікке тиесілі 162 автобус 17 бағыт бойынша қатынайды. Мұнда жыл сайын жаңа техникалар қатары толықтырылып, GPS жүйесі енгізілген десек те, тұрғындар көрсетіліп отырған қызметтердің сапасына көңілі толмайды.

— Соңғы бірнеше күн ішінде азаматтардан шағымдар көп түсуде. Автобустар өте сирек жүргені мереке күндері тұрғындарға айтарлықтай қиындықтар туғызған. Автопарктер Тараз қаласы әкімдігімен жасалған шартқа қол қойған. Ол сіздерді қоғамдық көлікті таза ұстауға, тасымал кестесін  және халықпен қарым-қатынас жасасу мәдениетін барынша сақтауға міндеттейді. Бүгінгі таңда автобус паркінің барлық пункттері бойынша наразылық бар, — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі қала әкімдігіне автопарктер басшылығымен бірлесе кездесіп отырған мәселелерді шешуді тапсырды. Сондай-ақ, аймақ басшысы бұл секілді келеңсіздіктер  қайталанатын болса, тасымалдаушы компанияларға қатаң шаралар қабылданатынын атап өтті. Ол кезде ескертумен шектелмейді.

«Әулиеатранспасс» ЖШС директоры Рашид Пірмановтың ұжыммен түсіндіру жұмыстары жүргізілгендігін жеткізіп, бұл күндері кіріс жоспары бекітілмейтініне сендірді. Алайда, жүргізушілер алынған түсім тіпті жанар жағармай шығындарына да жетпейтінін айтып шағымдануда. Осыған ұқсас көрініс «СапарТранс 2012» ЖШС-нде де кездеседі.

         Тасымалдаушылар ертеңнен бастап қоғамдық көлік қозғалысын жолға қою және жүру кестесін бұзбауға уәде берді. Олардың айтуынша, автобустардың тозуы өткір мәселеге айналған. Нашар жолдардың салдарынан қолдағы бар техникалар тез жарамсыз күйге түсуде. Қала әкімі Айтқазы Қарабалаев облыс орталығының көшелерін жөндеу жұмыстары  көп ұзамай басталатынын тілге тиек етті.

— Тағы бір өзекті мәселе кәсіби жүргізушілердің жетіспеушілігі болып отыр. Бізге жұмыс істеуге көп адамдар келе бермейді, — дейді «СапарТранс 2012» ЖШС директоры Бауыржан Әділов.

Тасымалдаушы-компаниялар өз жұмыстарының сапасын жақсарту үшін жергілікті биліктен тарифті көтеруді немесе субсидиялау арқылы қол ұшын беруді сұрап отыр.

— Тарифті көтеру мәселесі мұқият қарауды талап етеді. Себебі ол қала тұрғындары үшін, әсіресе әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтар үшін оңай соқпасы анық. Менің ойымша, қызмет көрсету сапасын арттыруға қол жеткізбей тұрып, тарифті арттырған дұрыс емес. Оның үстіне мынандай қиын уақытта оған жіті мән беру керек, — деп жауап берді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, автобус парктерін аралау барысында Бердібек Сапарбаев қалалық автобустарды дезинфекциялау шаралары қалай жүргізіліп жатқанын тексерді. Таразда коронавируспен күресу үшін санитарлық жұмыстармен айналысатын төрт компания бар. Бұл ретте қоғамдық көлік пен аялдамалар күніне екі рет дезинфекциялануда.

Бұдан соң аймақ басшысы «Nur Otan»облыстық партия филиалына ат басын бұрды. Бүгінде 60 мыңнан астам жамбылдық партия мүшесі болып табылады. Бердібек Сапарбаев партиялықтардың санын арттырып, өндіріс қызметкерлерін, шаруаларды, жастар мен қоғамдық пікір көшбасшыларын тарту қажеттігін атап өтті. Ол нұротандықтарды Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау танытқан «Бейбітшілік пен келісім» жобасын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуға шақырып, бастауыш партия ұйымының рөлін күшейту керектігін жеткізді.

— Халықпен кері байланыс орнату қажет. БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы атқарылған жұмыс туралы тұрғындарды кеңінен ақпараттандыру маңызды. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне түскен барлық шағымдар назардан тыс қалмауы тиіс. Тұрғындар өз сауалдарына қысқа мерзімде жауап ала білуі керек, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы «Jas Otan» жастар қанатына түрлі бағыттар бойынша еріктілікті дамытуға атсалысуды тапсырды.

 Облыс әкімі барған келесі нысан – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы болды. Бүгінде облыстың 51 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Ағымдағы жылы 48 мың тұрғынды қамтитын 35 елді мекенге газ тарту жұмыстары жоспарлануда. Аймақ басшысының назарына  облысты одан әрі газдандыру бойынша жоспарлы шаралар ұсынылып, компанияның баға саясаты туралы баяндалды.

Айта кету керек, қызметкерлердің дені қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысқанына қарамастан, халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеуде. Сол арқылы тұрғындар коммуналдық қызметтерді төлей алады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.