Асқар Мырзахметов: «Жолдау талқылау үшін емес, орындау үшін»
Жамбыл облысы әкімі Асқар Исабекұлы Елбасының 10 қаңтар күні халыққа жолдаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайынағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы бойынша облыстық активте «Жолдау талқылау үшін емес, орындау үшін» деп мәлімдеді. Бұл туралы «TURANINFO.KZ» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Актив жиыны облыс орталығындағы «Баласағұн» мәдениет сарайында өтіп, оған облыс азаматтары мен аудан әкімдері, басқармалар мен барлық мекеме басшылары қатысты. Жиында жаңа Жолдаудың ел экономикасы мен болашағы үшін маңызы, өңірдің өнеркәсіп саласы бойынша жеткен жетістіктері, логистика саласы бойынша алға қойылған нақты жоспарлар сөз болды.
— Сіз бен біз Жолдау талқылау үшін емес орындау үшін жарияланатынын жақсы білеміз. Сондықтан бүгін барынша осы Жолдаудан туындаған міндеттерді Жамбыл облысында атқару жолдарын атап өттік. Бұл бірінші пысықтау, атқарылатын жұмысты қарау болғандықтан алда аудандарда, Тараз қаласында елді мекендерде Жолдауды түсіндіру жұмыстары тұрғандығы белгілі. Осыған байланысты кеше облыс әкімінің тиісті өкіміне қол қойылып, ақпараттық топтар құрылды. Аудандарға шығу кестесі бекітілді. Бұл қалыптасқан дәстүр. Ең бастысы біріншіден біз осы Жолдауды халыққа жақсылап түсіндіре білуіміз керек. Бұл Жолдау ғана емес, жалпы барлық Жолдаудың түпкі мақсаты елдің экономикасын дамыту, тұрғындардың әл ауқатын көтеру болып табылады. Қай жолдауды қарасаңыз да бәрі осыған бағытталған. Ал енді оның сол заманға байланысты, сол уақытқа байланысты жолдары, қойылып жатқан міндеттері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ мақсат біреу. Сондықтан да бұл маңызды құжат екені айтпаса да түсінікті. Ендігі жерде атап өткеніміздей Жамбыл облысында осы міндеттерді атқару жөнінен тиісті іс-шаралардың бәрі бекітілетін болады. Айтылғанның бәрі сөз жүзінде қалып қоймауы керек. Облыстағы бірінші кезекте жергілікті атқарушы билік, әкімдіктер, мәслихат депутаттары, басқа да облыстағы мемлекеттік мекемелер мен басшылары осы шараларға атсалысуға міндеттіміз. Тек мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, облыстың зиялы қауымы да, қоғамдық ұйымдар да, басқа да белсенділер бір кісідей атсалысып жолдауды іске асыруға тиісті жұмыс атқарамыз деген сенім бар. Баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді өңір басшысы Асқар Мырзахметов.
TURANINFO.KZ