Су-тіршілік көзі.
Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі.
Онсыз адам баласының өмір сүруі мүмкін емес. Әлемнің жартысынан көп бөлігін су қоршап тұр. Ғарыш әлемінен қарасаңыз да, жердің көк түспен көмкеріліп жататыны сол себепті. Күнделікті қолданып жүрген суымыз қарапайым әрі қажетсіз болып көрінуі мүмкін, дегенмен оның да сұрауы бар.
Жамбыл шаруалары ағын су жұмыстарына көңіл толмайтындықтары туралы ақпарат агенттігіне хабарласқан болатын. Нәтижесінде фэйсбук әлеуметтік желісінде тікелей эфирлер жүргізіліп, ютубқа видеолары салынған. болатын.
Енді рет ретімен келейік, ағын сулардың шығындарын азайту Еуропалық даму банкінен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Т60 млрд қарыз алған болатын. Оның Жамбыл облысына тиесілі Т26 млрд астам қаражат.
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, «Досым» шаруа қожалығының басшысының айтуынша, мәселе біріншіден жоба дұрыс емес, шлюздерміз жоқ, каналды шөп басып жатыр қайта, жыл сайын қазылады, қайтадан баяғы қалпына түседі. 20 га жерге шлюз қойды, ал 100 га жерге қолдан шлюз жасап алдық деді.
Қаракемер ауылы тұрғындарының көп жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселесін айтты. Жеріміз далада құр жатыр, шаруа қожалық бар, жыл сайын аударамыз да тастаймыз, ешқандай су жоқ әшейін қалады. Су ағып жатыр, бірақ Қаракемер ауылына жетпейді. Қаракемер жеріне ешқандай су бармайды. Қаракемер ауылында 3000 гектар жер жатыр. Онда тек қана ақ егіс егеміз де отырамыз болды. Оның өзін жауын-шашынды берсе сол судың арқасында ғана шөбімізді орып аламыз. Ал енді ары қарай бірдене жасайық десек Жамбыл каналының осындай бетондап су әкеп берсе біз еңбек жасар едік деді.
Ал, Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылының тұрғындары «Бесағаш» пен «Мерхалық» каналдарының басына орнатылған құрылысқа наразылықтарын білдірді. Кішкентай орнатылған құбыр ауылдын суармалы жерлерін қамти алмайды, ал үлкен екі құбыр Бесағаш, Түркісіб ауылдарының шаруаларына қарау қажетілігін баса айтты.
Жоғарыда айтылған мәселелерді жинақтай келе «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сұрау хат жіберілген болатын. Нәтижесінде вице министр С.Громовтан төмендегідей жауап келді.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі — Министрлік), Сіздердің ағымдағы жылдың 18 желтоқсан күні ютуб желісіндегі islambekdastan каналында Шаруалардан ешкім сұрамайды. «Ауыл шаруаларын ешкім тыңдамайды» атты видеоларда көрсетілген мəселелер бойынша, қандай жұмыстар атқарылған жөнінде келесіні хабарлайды.
Ютуб желісіндегі көрсетілген 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Еуропа қайта құру және даму банкі» арқылы қаржыландырылатын қайта қалпына келтіру жұмыстары Жамбыл облысы 5 ауданда жүргізілуде, атап айтсақ Жамбыл, Байзақ, Меркі, Қордай және Жуалы аудандарында.
Тікелей эфирде айтылған 21 млрд. 525 млн теңгеге Жамбыл облысының жоғарыда аталған аудандарында жалпы көлемі 51271 гектар суармалы жерді сумен қамтитын 264 су шаруашылығы нысандарында қайта қалпына келтіру құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, эфирде аталған Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалына қарасты Исмайл, Қуат, Жамбыл магистралды каналдары, Дунгановский, Бесағаш, Мерхалық шаруааралық каналдарына аталған бағдарлама аясында қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу барысында, жасалған жобадан кемшіліктер анықталып, 2020 жылдың 24 қарашасында авторлық қадағалау және техникалық қадағалау өкілдері бірлесіп, арналарды көзбен көріп, тексеру актілерін жасады.
Осы аталған акт «Қазсушар» РМК-ның орталық аппаратында өткізілген ғылыми-техникалық кеңесте талқыланып, оның нәтижелері бойынша жобаға өзгерістер мен түзетулер енгізіліп, кейіннен мемлекеттік сараптамадан өтетін болды.
Каналдарды бетондау бойынша қаражат қарастыру мәселесі Министрліктің қадағалауында.
Қаракемер ауылының тұрғындары эфирде сұхбат беру барысында 3 мың гектар жерге су жеткізе алмай жүргендігіне қатысты пікір білдірген болатын, алайда Қаракемер ауылдық округіне су жеткізетін Жамбыл каналының астында іс жүзінде бар болғаны 1600 га жер, оның 916 га пайдаланылмайды, осы жоғарыда аталған бағдарлама аясында қайта қалпына келтірілетінін хабардар еткіміз келеді.
Өтінішті қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Сіз «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес органның әрекеттеріне, шешімдеріне жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.
Вице-министр С. Громов
Айта кететін жәйт, қараша айында Жамбыл ауданы, Бәйтерек ауылында тұрған көпірді алып тастап, орнына ыңғайсыз өте икемсіз көпір жасап қойған болатын. Ол туралы видео жарық көріп, артынан сол көпір қайта жөнделген.
Халықпен ақылдаспай, жер жерлерді араламай жобаны жасаған «Казюжгипроводстройпроект» ЖШС, елдің ашу ызасын көтеретін жобаны МЕМЛЕКЕТТІК САРАПТАМА қалай өткізіп қойды екен. Осы сұрақтармен құзырлы органдарға айналысса екен ой білдіргіміз келеді. Ары қарайда қарызға алынған қаражаттын жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізе беретін боламыз.
TURANINFO.KZ