Бүгін өзінің фэйсбук парақшасында Арман Шораев өзіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылғандығы туралы хабарлады.
Айта кетерлігі, 18 сәуір күні белгілі қоғам қайраткері, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бұрынғы мүшесі Арман Шораев ұсталды деген ақпарат таратылған болатын.
Арман Төлегенұлына Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-тармағында (төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс негіз болған.
Арман Шораев әртүрлі жылдары жекеменшік және мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеді. Ақмола облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы, «Хабар» агенттігі» АҚ бас директорының орынбасары, «Коммерциялық телевизиялық канал» АҚ бас директоры, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
2020 жылдың наурызына дейін президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды.