Бұл шарада уәкілетті органдардың өкілдері мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, сондай-ақ ардагерлер мен аналар өз пікірлерін білдіріп, аудандық мәселелерді талқылады.
Презентация барысында Жуалы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Жумашев өңірдегі ардагерлердің әлеуметтік жағдайы туралы пікірін айтып, ауданның дамуына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, ол өңірде шешілуі тиіс маңызды сұрақтарға жауап беріп, қоғамның осы санаттағы мүшелерінің қажеттіліктерін ескерудің маңыздылығын атап өтті.
Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы А. Налекова аймақ бойынша ардагерлерге көрсетілетін әлеуметтік қызметтер туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, қазіргі таңда аудан аумағында 102 жалғызілікті қартқа әлеуметтік көмек көрсетілуде. Бұл көмек ардагерлердің тұрмысын жақсартып, олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Бұл шара ардагерлер мен қарттарды қолдау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын тағы бір рет көрсетті. Алдағы уақытта да мемлекет тарапынан ардагерлерге көрсетілетін қолдаудың жалғасатыны белгілі болып отыр.