Отырысқа партияның облыстық филиалының жанынан құрылған Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, Тараз қалалық әкімдігіне қарасты бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде Тараз қаласында жүзеге асырылып жатқан «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы мәселелері қаралды. Осы мәселе бойынша жүргізілген зерделеу жұмыстары туралы комиссия мүшелеріне баяндамалар жасалды.
Сонымен қатар, Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев өзінің есебінде қалада атқарылып жатқан жобалардың барысы туралы толық мәлімет берді.
Жалпы, Тараз қаласы бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасына сәйкес 2024 жылға белгіленген 43 көрсеткіштің 35-і орындалып, 8 көрсеткіш орындалмаған. Орындалған көрсеткіштер арасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен көтерме жеткізушілер арасында меморандумдар жасасу, жұмысқа орналастыру, жаңа туристік маршруттарды әзірлеу сияқты маңызды шаралар бар.
Сонымен қатар, тұрғын алаптарында жеке үй салу үшін жер учаскелерін беру, білім беру нысандарында жөндеу жұмыстарын жүргізу және әлеуметтік осал топтарға гранттар беру бойынша да бірқатар көрсеткіштер орындалмаған. Экологиялық шаралар аясында 55 мың ағаш отырғызу жоспарланғанымен, тек 26,6 мың ағаш отырғызылған.
Жиын соңында комиссия мүшелері Сайлауалды бағдарлама аясында көзделген межелерді орындау бойынша тиісті ұсыныстар берді.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды