Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты «Қалалық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК директоры М. Жүнісовке және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Р. Жапарханға қатысты үкім шығарды.
Олар жануарлардың обасын анықтау үшін тест-жүйелерді нақты жеткізбестен сатып алуға арналған ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Оларға орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі