Құрбан айт 2025: биыл қай күндерге түседі?
Биыл қасиетті Құрбан айт мейрамын мұсылмандар 6, 7 және 8 маусым күндері атап өтеді. Осыған орай Алматының жеті ауданында үлкен мешіттерге жақын жерде құрбан шалатын 12 орын ашылды.
6 маусымда таңғы сағат 06:00-де қаланың 56 мешітінде Айт намазы оқылады. Намаздан кейін бірден құрбан шалу рәсімі басталады.
«Құрбан айтта мұқтаж жандарға қол ұшын созып, бауырмал болып, ізгілікке ұмтылған дұрыс», — деді Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан.
Оның айтуынша, жылдағыдай арнаулы орындарда мал сатылып, құрбандық шалынып, ет таратылады. Барлық орын таза, шариғат нормаларына сай келеді. Діни рәсімді мешіт қызметкерлері бақылайды.
Алматы қаласында құрбан шалуға рұқсат етілген орындар тізімі:
Алатау ауданы бойынша:
- Мырзахмет мешіті. Қарасу ш/а, Солтүстік айналма жолы көшесі, 15.
- Әскер ата мешіті. Айгерім-1 ш/а, Бенберин көшесі, 18/4.
- Алғабас мешіті. Алғабас ш/а, Сайгүбе көшесі, 6.
Бостандық ауданы бойынша:
- Бақыткелді мешіті. Хан-Тәңірі ш/а, Дулати көшесі, 27/11.
Медеу ауданы бойынша:
- Омар ибн әл-Хаттаб мешіті. Жуков көшесі, 136 А.
- Аманқұл ата мешіті. Т.Бигелдинов көшесі, 5.
- Фатима мешіті. Ш.Жәнібек көшесі, 148.
- Райымбек батыр мешіті. Думан-1 ш/а, Хан Тәңірі көшесі, 15.
- Арафат мешіті. Ибрагимов көшесі, 5 А.
Наурызбай ауданы бойынша:
- Қалқаман-2 мешіті. Қалқаман-2 ш/а, Аспандияров көшесі, 84.
Түрксіб ауданы бойынша:
- «Қайрат» мешіті. Қайрат ш/а, Сарымолдаев көшесі, 22.
Жетісу ауданы бойынша:
- Әл-Мәдина мешіті. Федоров көшесі, 12.