• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Алматыда Kitap Fest Kids 2022 кітап фестивалі өтті

11.11.2022
0
Алматыда Kitap Fest Kids 2022 кітап фестивалі өтті
211
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

2022 жылы 5 қарашада Алматыда BAURZHAN foundation қоры ұйымдастырған KITAP FEST кітап фестивалі өтті. Қазақстанның жалғыз кітап фестивалі болып табылатын ауқымды шара  Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2013 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.

Биылғы KITAP FEST балалар жылына сәйкес келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Балаларға ерекше көңіл бөлу керек. Олардың әл — ауқаты-мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі». Қазақстандағы балалар жылына арналған жобаның басты мақсаты да-оқырман мәдениетін дамытып, жазушылар мен олардың оқырмандары үшін бірыңғай алаң құрып, балалар мен жастар арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыру.

«8 жыл ішінде Kitap Fest Алматының кітап сүйер қауымы үшін ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін сүйікті алаңға айналды.  2019 жылы біз фестивальді елордада өткіздік және жыл сайын мүмкіндіктер шекарасын кеңейтіп, үздіксіз дамуға ұмтыламыз. Жақын арада кітап фестивалін еліміздің басқа қалалары мен өңірлерінде де өткізуді жоспарлап отырмыз, өйткені оған үлкен қызығушылық пен сұраныс бар», — деді Kitap FEST кітап фестивалінің бас үйлестірушісі Майра Әлжанова. 

10 сағаттық Kitap FEST фестивалінің мәдени бағдарламасында — фестиваль қонақтары әкелінген кітаптармен өзара алмасуға, ұнаған кітаптарды жеңілдікпен сатып алуға немесе оларды толығымен тегін алуға мүмкіндік алды. Биылғы кітап фестивалінде әр түрлі жанрдағы 3000-нан аса кітап тегін таратылды.

Фестивальде 30-ға жуық жазушылар олардың ішінде: Ақберен Елгезек, Гүлжан Амангелдіқызы, Досхан Жылқыбай, Мақсат Мәлік және басқа да көптеген авторлар өздерінің жаңа кітаптарын таныстырды. Қаламгерлер қазіргі әдебиеттегі өзгеріп жатқан тенденция туралы өз ойларымен бөлісті. «Офлайн кітаптар туралы» шатырда танымал балалар жазушылары және блогерлер қауымы өз тәжірибелерімен бөлісті. Кітап жәрмеңкесінде кітап дүкендері, баспагерлер және интернет-дүкендері өз өнімдерін көрмеде 20% — ға дейінгі жеңілдікпен сатты. Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы аясында аниматорлар, театр қойылымдары, шеберлік сыныптары, аквагрим мен түрлі қызықты байқаулар келген қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ, фестивальде алғаш рет «Ауылға кітап» акциясы өтті, нәтижесінде 600-ге тарта кітап жиналды. Алдағы уақытта олар Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсырылады.

Белгілі қазақстандық жазушы «18:47» кітабының авторы, «Алтын тобылғы» байқауының жеңімпазы Досхан Жылқыбай жылсайын аталмыш кітап фестивалі шығармашылық кездесулер үшін беделді және қуатты алаңға айналғанын атап өтті.

«Бұндай шаралардың ұйымдастырылып тұрғаны өте жақсы. Әдетте, жазушылар өз аудиториясымен тек кітапханаларда немесе басқа да кішігірім жиындарда кездесіп жатады. Ал осындай кітап фестивалінде кез-келген кітапқа қызығатын адам өз сүйікті жазушыларымен тікелей жүздесіп, пікір алмасып кітабын алуға мүмкіндігі бар. Сондықтан мұндай шаралар авторлардың аудиториясын кеңейтеді деп ойлаймын»- деді жазушы.

Фестивальде «Мама, қазақша сөйлеші» орыс-қазақ сөздігінің және қазақ тіліндегі балаларды дамыту кітаптарының авторы Әсел Сапақова баланың жеке басының дамуындағы әдебиеттің рөлі туралы айтып берді.

«Ұйымдастырушыларға осындай керемет іс-шара үшін алғыс айтқым келеді.Биыл  фестивальде халық саны көп болды,біздің мақсатты аудиториямыздың көп бөлігі келді десек те болады. Барлық кітаптар дерлік сатылды. Осындай шаралардың өркендеуін және кітапсүйер қауымның қатары артсын деп тілеймін»,- деп атап өтті жазушы.

Kitap FEST фестивалі Алматыда 8 жыл қатарынан өткізіліп келеді. 2019 жылы ол алғаш рет бас қала Астана қаласында өтті. Ұйымдастырушылар фестивальді Қазақстанның барлық ірі қалаларында өткізуді жоспарлап отыр.

Анықтама үшін:

Kitap fest кітап фестивалі-2014 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан мәдени-бұқаралық іс-шара. 8 жыл ішінде ол шығармашылық кездесулердің негізгі алаңына айналды, онда авторлар мен баспалардың қатысуымен 200-ге жуық кітап ұсынылды, жәрмеңкелерге 150-ге жуық кітап дүкені қатысты. Жыл сайын кітап фестиваьль барысында 3000 мың кітап тегін таратылады. 

Көркем әдебиет жанрлары бойынша 2021 жылы Қазақстанда қазақ әдебиеті бойынша 814 кітап шығарылды, оның ішінде балаларға арналған әдебиет -27, балаларға арналған әдебиет (проза)-77, балаларға арналған басқа да әдебиет түрлері-3. ҚР Кітап палатасына өздерінің кітап өнімдерін республиканың 266 баспасы мен баспа ұйымдары тапсырды. Өткен жылдармен салыстырғанда кітаптардың саны 437-ге (+8,3% — ға) өсті, ал басылымдардың таралымы 953 данаға артқан. Дәстүр бойынша баспалар мен баспа ұйымдарының аумақтық орналасуы бойынша Алматы қаласы 152 (54,2%) мен Астана қаласында 30 (10,7%) көш бастап тұр.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
13 қаңтар Қазақстанда қаңтардағы ҰБТ басталды

ҰБТ-ның барлық бейнежазбасы қазан айына дейін тексеріледі

03.06.2025
Қолдауға мұқтаж адамдардың жалақысынан 5,5 миллион теңге заңсыз ұсталған

Қайтарылған активтер бойынша 5 млрд теңгеден аса қаражат қайда жұмсалады?

03.06.2025
Қырғызстанда бір сағат ішінде екі жер сілкінісі тіркелді

Түркияда ауыр жер сілкінісі болды

03.06.2025
Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

Сарысу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

02.06.2025
Бектенов пен Нигерия королі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бектенов пен Нигерия королі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

02.06.2025
«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысты

«Қазақстан балалары» онкүндігіне 5 миллионнан астам бала қатысты

02.06.2025
Жамбылдық оқушы «Жұлдызай» республикалық фестивалінің жеңімпазы атанды.

Жамбылдық оқушы «Жұлдызай» республикалық фестивалінің жеңімпазы атанды.

02.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты