Полицияның мәліметінше, ол өзін туристік фирманың басшысы ретінде таныстырып, умра қажылыққа жөнелту бойынша қызмет көрсететін жалған келісімшарттар жасаған.
Алдын ала мәлімет бойынша күдіктіге кемінде төрт адам көмектескен.
«Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Күдікті қамауға алынды», — деп хабарлады ведомство.
Полицияға 33 адам ресми арызбен жүгінді. Қылмыстық іс алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр.