• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді.

23.05.2025
0
Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады
6
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Сонымен қатар жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшылығы және отандық, халықаралық сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен саланы одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, тау шаңғысы индустриясының әлемдік жетекші компанияларының өкілдері: Horwath HTL (АҚШ) серіктесі Синиша Топалович, Stem International (Франция) бас директоры Винсент Тассар, PGI management (Андорра) президенті Жоан Виладомат  тау туризмін дамыту жоспарларын таныстырды.

Алматы тау кластерін кешенді дамыту мақсатында кешенді жоспар әзірленді, оған сәйкес Түргеннен Қаскелеңге дейінгі келешегі зор 3 басым аймақ – шығыс, орталық және батыс аймақтары айқындалды. Онда әлемдік деңгейдегі инфрақұрылым және халыққа қолжетімді 300-ден 700 шақырымға дейінгі тау шаңғысы трассаларын салу көзделген. Бір ғана орталық аймақта көтергіштер санын 16-дан 58-ге дейін көбейту жоспарланып отыр. Мұндай шаралар нәтижесінде өткізу қабілетін 5,6 есеге – тәулігіне 6 мың адамнан 34 мың адамға дейін арттырып, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу күтілуде. Алматы тау кластері 2029 жылға қарай Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады деп жоспарлануда.

Америкалық Horwath HTL компаниясының серіктесі Синиша Топалович жоспарды жүзеге асыру Алматыны жыл бойына жұмыс істейтін, әлемдегі жетекші курорттармен салыстыруға болатын тау туризмі бағытына айналдыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Стратегиялық мақсат – табиғат, бос уақыт, спорт пен мәдениетті біріктіретін Almaty Mountains Destination бірегей туристік брендін қалыптастыру. Басым бағыттардың бірі – көрнекті туристік объектілер құру, аспалы жолдар жүйесін, қонақ үй және спорт инфрақұрылымын дамыту.


Премьер-министр Шымбұлақ, Ой-Қарағай, Пионер, Қимасар және Бутаковка сияқты орталық аймақты дамыту жоспарларымен танысты. Француздық Stem International компаниясының бас директоры Винсент Тассар қысқы туризммен қатар жазғы инфрақұрылымды дамытуға – вело және жаяу жүргіншілер жолдарын қалыптастыруға, белсенді демалыс орындарын, глампинг, этно-қонақүйлер нысандарын салуға және экологиялық таза көлікті іске қосуға баса назар аударылғанын атап өтті. Орнықты даму стандарттарын, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды және қоршаған ортаның цифрлық мониторингін енгізу жоспарланып отыр.

PGI Management компаниясының президенті Жоан Виладомат жалпы ұзындығы 65 шақырымнан асатын трассалары бар Құмбел шыңы мен «Көк-Жайлау» шатқалын қамтитын тау шаңғысы курорты Almaty SuperSki тұжырымдамасын таныстырды.

Almaty SuperSki жобасының жетекшісі Томас Тор Йенсен барлық трассаның жартысына жуығы шаңғы тебуді бастаған жаңадан үйренушілерге арналатынын, бұл жаппай шаңғы мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайтынын атап өтті. Сонымен қатар құрылыстың экологиялық тазалығы мен инклюзивті инфрақұрылымды қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.

«Тұрақты даму – біздің компанияның маңызды басымдықтарының бірі. Біз табиғат пен экологияны сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан біз қазу жұмыстарын барынша азайтамыз, көтергіштер мен трассалар салу кезінде экожүйені бұзбай, табиғи ландшафтты сақтаймыз. Біз тау шаңғысы курорты баршаға – балаларға, ересектер мен мүгедектігі бар жандарға қолжетімді болуы керек деп есептейміз. Барлық көтергіштер барлық санаттағы адамдар пайдалана алатындай етіп жасалады», — деп атап өтті Томас Тор Йенсен.

Тұсаукесерден кейін Алматы тау кластерінің даму перспективалары бойынша пікір алмасу өтті. Сарапшылар қауымының атынан «Қазақстан Республикасының Ұлттық шаңғы қауымдастығы» ЗТБ бас хатшысы Асқар Уәлиев, «PANA ASIA» ЖШС байқау кеңесінің төрағасы Нұржан Ниязалиев, «ECO Network» негізін қалаушы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің және ECOJER қауымдастығының мүшесі Евгений Мұхамеджанов сөз сөйледі.

Асқар Валеев жұмыс істеп тұрған тау шаңғысы курорттарының, атап айтқанда, Шымбұлаққа келушілер санының шамадан тыс артқанын атап өтті, бұл спортшылардың кәсіби дайындық мүмкіндіктерін шектейді. Халықаралық жарыстарды өткізу және жаттығулар үшін заманауи инфрақұрылым құру қажеттігі атап өтілді.

«Көк-Жайлау жобасы ерекше назар аударуға лайық. Ол экологиялық орнықты даму қағидаттарына, табиғи ресурстарды сауатты пайдалануға негізделген. Бүгінде бүкіл әлем осы бағытта жылжып келеді. Соңғы талқылаудан кейін «Көк-Жайлау» жобасы тоқтатылды, бірақ соған қарамастан біз бүкіл әлемде, әсіресе, біздің өңірде үлкен дамудың жүріп жатқанын білеміз. Шешуші қадам жасайтын уақыт жетті. Шымбұлақ пен Ой-Қарағай тау курорттарын біріктірейік, олардың арасында орналасқан шағын демалыс орындарының барлығын дамытайық. Біз Алматы тау кластерін, оның ішінде «Көк-Жайлау» жобасын дамытамыз», — деп атап өтті Асқар Валиев.

Нұрлан Ниязалиев туристер ағынының артуы экожүйені сақтауға, келушілердің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ табиғи аумақтарға жүктемені біркелкі бөлуге мүмкіндік беретін заманауи және ойластырылған шешімдерді талап ететінін атап өтті.

Евгений Мұхамеджанов тау кластеріндегі жобаларды жүзеге асыру кезінде экологиялық аспектілерді ескеру қажеттігіне тоқталды. Барлық процестің ашықтығын, табиғатты қорғау нормаларының сақталуын және жұртшылықпен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету маңызды.

Жиынды қорытындылай келе, Премьер-министр Алматы тау кластерін дамыту бойынша ұсынылған тәсілдерді де оң атап өтті. Мемлекет құрылыс кезінде, сапа мен бақылауды қамтамасыз ету, оның ішінде экологиялық мәселелер бойынша жауапкершілікті өзіне алады. Инфрақұрылымның инклюзивтілігіне ерекше назар аударылды.

Бүгінгі таңда туризм және саяхат секторының әлемдік ЖІӨ-ге қосқан үлесі 10%-дан асады, ақшалай түрде бұл $11 трлн-нан жоғары. Сондай-ақ 300 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр, яғни, әрбір төртінші жаңа жұмыс орны – осы секторға тиесілі.

«Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізді жаңғырту, оның ішінде экономиканы әртараптандыру, шикізатқа тәуелділіктен арылу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта жоғары деңгейде өңделген өнім өндіру бойынша көптеген өнеркәсіптік ірі жобалар, сондай-ақ ауқымды инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Осыған орай, менің ойымша, туризм саласының қарқынды дамуы байқалады. Қазақстан лайықты туристік бағыттардың біріне айналуға мүдделі. Оның үстіне бізде үлкен артықшылық бар – бұл біздің тауларымыз. Әлемдік сарапшылар Алматының таулары әлемдегі ең үздік таулардың бірі екенін атап өтті. Сондықтан таяу жылдары әлемдік деңгейдегі биік таулы демалыс орнын салу шараларын қолға алуды көздеп отырмыз. Қазір жоспарлар таныстырылды. Кешенді жоспарда Алматы тау кластерін шығыстан батысқа қарай Талғардан бастап Қаскелеңге дейін дамыту көзделген. Жалпы, бұл таулардың әлеуеті бізге 700 шақырымға дейін шаңғы трассаларын салуға мүмкіндік береді. Мемлекет инфрақұрылымды: көлік инфрақұрылымын, жолдар, коммуникациялар, тау шаңғысы инфрақұрылымын салу бойынша шығындарды өз мойнына алады. Сонда дайын инфрақұрылымға бизнес пен инвестиция міндетті түрде келеді. Мамандардың айтуынша, тау инфрақұрылымына салынған 1 доллар курорттық инфрақұрылымға 2 доллар жеке инвестиция тартады. Бұл – экономикамызды әртараптандыруға зор мүмкіндік. Аталған жоба Алматы қаласы мен Алматы облысының ғана емес, бүкіл еліміздің экономикалық ландшафтын түбегейлі өзгертеді. Қазірдің өзінде құрылысты жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар істі инфрақұрылымы барынша дамыған Орталық аймақтан бастаған жөн дейді. Орталық аймақ, өз кезегінде, қазір жұмыс істеп тұрған Oi-Qaragai демалыс аймағынан бастап, Пионер, Бутаковка, Қимасар шатқалы, Шымбұлақпен байланыстыруға мүмкіндік береді. Шымбұлақ дамудың екінші кезеңін бастайды. Біз бұл жұмысты мұздықтарға жақынырақ көтеріліп, батысқа қарай – Құмбел шыңы мен Көк Жайлау шатқалына дейін жеткіземіз. Бұл – өте ауқымды жоба болмақ», — деді Олжас Бектенов.

Бүгінгі таңда туризм Алматының жалпы өңірлік өнімінің 3,9%-ын құрайды, 83 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. 2024 жылы қала 2,3 млн-нан астам туристі қабылдады, оның 680 мыңнан астамы – шетелдіктер. Туризм секторы экономикасында да тұрақты өсім байқалады: туристік қызмет көрсету көлемі 30%-ға, салық түсімдері екі есеге артты. Ауқымды жобаларды жүзеге асыру және заманауи инфрақұрылымды құру қала мен еліміздің өңірдегі жетекші туристік орталық ретіндегі ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді.

Алматы тау кластері жыл бойы жұмыс істейтін туризмнің алғашқы ірі жобасы болмақ. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында тау шаңғысы курорттарын одан әрі дамыту жоспарлануда.

Мұнда Медеу ЭКО паркі кешені тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба Алматының халық ең көп келетін көрікті жерлерінің бірін кешенді абаттандыруға бағытталған. Келушілер санының болжамды өсуін ескере отырып, отбасылық және белсенді демалыс үшін толыққанды инфрақұрылымы бар заманауи ландшафттық саябақ құру көзделген.

Сонымен қатар Олжас Бектеновке заманауи туризм инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған жобалар ұсынылды. «Горельник» келушілер орталығы іске қосылды және Jumbaq Jol жаяу жүргіншілер жолы ашылды. Өткізу қабілеті бар аспалы көпір салу жұмыстары жүргізілуде. Көпірдің жүк көтеру қабілеті 20 тонна, жүргіншілер саны – тәулігіне 10 мың адам. Нысанды осы жылдың шілде айында аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірі бар оқушылардың спорт клубы, автобустармен тасымалдау кешені, ЕСО Resort және қонақ үйлер салынады.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Тегтер: АлматыҚР Премьер-МинистріҚР ҮкіметіОлжас Бектеновтау
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

23.05.2025
Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

23.05.2025
Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

23.05.2025
Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

23.05.2025
Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

23.05.2025
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

23.05.2025
«Әкем – тірегім, анам – жүрегім!»

«Әкем – тірегім, анам – жүрегім!»

23.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты