• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қайнар Алагөзов: «Өлеңді сатқан емеспін»

11.03.2018
0
Қайнар Алагөзов: «Өлеңді сатқан емеспін»
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Әңгіменің не туралы болатынын іші сезіп отыр… Артық сұрақ керек емес. Сұхбатты менен алып отырсың, демек оқырман мен туралы оқуы тиіс дейді. Төреғали досым, бауырым. Мен ол туралы басқа әңгіме айтпаймын қарындасым, соны бірден келісіп алайық деп кесіп айтты. Келістік. Артық сөз қозғалған жоқ. Ендеше, бірнеше «хит» әндердің авторы Қайнар Алакөзовпен болған сұхбатты назарыңызға ұсынамыз, құрметті оқырман.
— Сәлеметсізбе, аға! Сұхбатымызды бастамас бұрын кешегі Қайнар мен бүгінгі Қайнарды салыстырыңызшы. Осыдан он жыл бұрынғы Қайнар мен дәл қазір журналистке сұхбат беріп отырған Қайнардың арасында көп өзгеріс байқала ма? Жалпы өзіңізге баға бере аласыз ба?
— Әрине, он жыл бұрын он жетідегі бозбала едім. Жыл өткен сайын адам өзінің бойынан көптеген өзгерістерді байқағыш келеді. Сол сияқты, одан бері көп нәрсе өзгерді. Үйлендім, әке болдым. Ақыл тоқтаттым, қоғамға деген көзқарасым да басқа арнаға бұрылды. Қазір де салмақтылығым артып, біреуге ақыл айтып отыратын жасқа жеттім деп айта алмаймын. Десе де, қоғамға бір пайдам тисін деген жолда жүрмін. Жасаған қателіктерімді де түзететін уақыт келген сияқты…
— Көп қателік жасадыңыз ба?
— Қателеспейтін адам жоқ. Мен де осы уақытқа дейін ерке болдым. Халықтың алдында жүрген соң бір жасаған қателігіңді барлығы естуі мүмкін. Ел естімегендері де бар. Кейде жасамаған ісің үшін де жазғырып жататындар кездеседі. Не десек те, халқым кешірімді ғой…
— Түсінікті. Көптеген хит әндерге сөз жаздыңыз. Тапсырыс көп түсе ме?
— Иә, әнші бауырларымыздан сұраныс көп түседі. Құрал Молжанов деген бауырым бар. Көбіне екеумізге өтініш жасайды. Ол жағынан сұраныс бар, Аллаға шүкір. Үлгермей жатырмыз (күлді).
— Бір сұхбатыңызда айтыпсыз, әнге сөзді тегін жазамын деп. Сонда еңбегіңіз үшін ақы алмайсыз ба?
— Тегін жазамын деген сөз болған емес. Ақша сұрамаймын дегенімді өзің сияқты журналистер қате түсініп қалған болуы керек. Мына әнге жазылған сөзімді мыншаға сатамын деп саудаға салған емеспін. Еңбегіме қарай ақысын да аламын. Оны әншілер өздері ұсынады. «Аққулар, алдыңда арым таза» деп Мұқағали айтқандай, менің де әнші бауырларымның арасында арым таза. Өлеңге баға қойып, оны сатқан емеспін.
— Мысалы хит әннің сөздері үшін кім қанша ұсынды?
— Біреу жүз доллар берді, біреу жүз мың берді, біреуі одан көп берді. Атын атап, түсін түстемей-ақ қойсақ….
— «Жүрсіннің Жүйріктерінің» бірісіз. Бұл қатарға қалай қосылдыңыз?
— Қызылордалық Мұхтар Ниязов деген ақын ағам осы қатарға қосылуыма себеп болды. Ол кісіге Алла разы болсын. Бірде Семей қаласында Жүрсін ағамның ұйымдастыруымен айтыс өтетін болды. Мен ол кезде он бес жастамын. Мұхтар аға сол айтысқа қатысуымды қалап, мені Жүрсін Ерманмен таныстырды. Алғаш айтысқа шыққан кезім. Өзім қалап тұрсам да көп қобалжулар болды. Бірақ сол айтыста үшінші орын алып, көзге түстім. Содан бері осы қатардамын.
— Қателеспесем, айтысқа шықпағаныңызға екі жыл болған. Осыншама уақыттан кейін Жамбылда өткен айтыста төбе көрсеттіңіз. Сахнаны сағынған шығарсыз?
— Аттың баптауда жүруі керектігіндей, ақын да додада жүруі тиіс. Аз уақыт айтысқа шықпай қалсақ, қатарымыздан қалып қойғандай сезімде боламыз. Ал екі жыл деген ақын үшін аз уақыт емес. Айтысқа шығатын күні ауырып қалып, қалай болар екен деген уайым қосылып әбден қобалжыдым. Сахнамен сағынып көріскеннен кейін бұлардың бәрі байқалмай қалды. Екі жыл ешкіммен айтыспаған адам мені түсінер. Көрерменнің алдындағы жауапкершілік үлкен ғой. Кейде жаттап шыққан сөздеріңді ұмытпай айтып шығудың өзі ерлік. Әртүрлі жағдайлар болады. Екі жыл айтысқа қатыспай келіп, бірден суырып салып айтудың өзі біраз қиындықтар тудырады. Сөзге тоқтағанда ұятқа қалмайын деп барынша тырысасың. Міне, сондай кезде бағасын беріп отыратын халқыңды ойлап көңілің барынша жай тапқандай болады. Сахнаны сағынғаным рас енді.
— Артыңыздан еріп келе жатқан жас айтыскерлерге көңіліңіз тола ма?
— Ұлттық өнеріміз жыл өткен сайын дамуда. Жүрсін ағамыздың жүйріктерінің ізін жалғап көптеген іні-қарындастарымыз өсіп келеді. Болашағынан үміт күттіретін жастар көп бізде. Жастар бүйтсе, жастар осылай жасаса деп айтатындай, өзім де сол жастардың қатарында жүрмін. Десе де, айтысқа өзіңнен кейін шыққан айтыскерлердің бар екенін, өнерлі екенін көріп іштей қуанасың. Артымнан ереді-ау деп емес, алдымда жүреді-ау деп сенетін інілер бар. Рай Дөңбай, Дархан Әбдіманатты айта аламын. Аруна Керімбек қарындасымды атамай кетсем ұят болар. Осындай талантты жастар Қазақстанның әр облысынан шығып келе жатыр. Оларды айтып тауыса алмаймын. Менің бір ақындар туралы айтқаным бар:
Ақындығым, адамдығым-қос жүлдем,
Бәрі өзімдей және бірдей жоспары-
Ақындардың барлығымен доспын мен
Өлеңім де, өлеңнің достары. Сол айтқандай, ақындардың барлығымен жүрегім бір.
— Сізді айтысқа тәрбиелеген ұстаздарыңыз туралы айтыңызшы?
— Мен Ақтөбе қаласы, Шалқар ауданында дүниеге келгенмін. Мектеп қабырғасында ұстаздарым айтысқа шығуыма көп ықпалын тигізді. Директорымыз Марта Малайдарова, Айсұлу Қалдина, Сәбира Аяуова сияқты аяулы апайларым менің бойымдағы өнерге көп көңіл бөлді. Жан-жақты дайындайтын. Бірі тарих пәнінің, бірі география, бірі қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері болса да, менің сахнаға шығуыма барынша жағдай жасады. Аян Сейтов деген бауырым бар. Екеуміз бір мектепте оқығанбыз. Біздің бойымыздағы таланттың ұшталуына сол ұстаздарым көп көмегін тигізді деп айтуыма болады. Аудандық айтысқа бесінші сынып оқып жүргенде шықтым. Алтыншы сыныпта облыстық айтысқа қатыстық. Республикалық ақындар айтысында сегізінші сыныптан бері өнер көрсетіп келем. Алғашқы жүлдемді де мектеп қабырғасында оқып жүргенде иелендім. Он алты жасымда Шалқарда Республикалық ақындар айтысы өтетін болып, мен сол айтыстан көлік міндім. Сондықтан менің қандай да болсын жетістікке жетуім-мектептегі мұғалімдерімнің жемісі.
— Өзіңізге көңіліңіз тола ма?
— Адамның өзіне көңілі толған кезі болған ба? Пенде болған соң мына жерде былай айтуым керек еді, ана жерде басқаша жасауым дұрысырақ болар еді деген түрлі ойлар келеді. Дегенмен елдің ықыласы, қошеметі мен сенімі өнер адамдарын құлаған орнынан тұрғызатын алапат күш екені рас. Мен де сондаймын.
— Әңгімеңізге рахмет!!!

Сұхбаттасқан Мөлдір Қуатқызы

Тегтер: қайнар алагөзовмөлдір қуатқызы
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

20.05.2025
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты