• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Азаматтық қоғам институттары

Айдос Сарым: «Бүгінгі таңда ең үлкен проблема – жұмыссыздық мәселесі»

12.12.2017
0
Айдос Сарым: «Бүгінгі таңда ең үлкен проблема – жұмыссыздық мәселесі»
387
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Айдос Сарымның есімі өзінің дәйекті пікірлері, ашық көзқарастарымен ел аузында, журналистер арасында жиі аталады. Жуырда ғана өңірімізге арнайы ат басын бұрған қоғам қайраткерімен сұхбаттасып, көкейдегі біраз сұраққа салмақты жауап алуға мүмкіндік туған еді.
— Сіздің есіміңіз еліміздегі ең үздік әрі белсенді қоғам қайраткерлері мен саясаткерлерінің тізімінде алғашқы болып жиі аталады. Ал сауатты саясаткер болам деген адам қандай процестерден өтуі тиіс?
— Саясаткер болу үшін ең алдымен, қоғамдық мәселелерді зерделеуге үлкен ынта ықылас керек. Американдықтарда «political animals» деген сөз бар, яғни «саяси хайуан» деген мағынаны білдіреді. Демек ерте шақтан осы саланы таңдап, осы жолда жүру қажет. Ал, енді, саясаткер болудың ішкі шарттарына келетін болсақ, менің ойымша кез-келген саясаткер ең алдымен көп оқуы керек, көп ізденуі керек. Төл тарихымызды, әлемдік тәжірибені жақсы білуі керек. Ең бастысы осы саяси үдерістерді жіберіп алмай, үнемі қатысып, атсалысып жүруі тиіс. Саясаткер болудың бұдан артық жолы жоқ. Суда жүзу үшін ең болмағанда суға кіру керек қой, міне сол сияқты.
— Сіз бір пікіріңізде «ядролық қарудан да қауіпті нәрсе бар, ол – сөз» деген екенсіз. Осыған байланысты қояр сауалым, біздің елімізде ақпараттық қауіпсіздік жолға қойылған ба?
— Жоқ, өкінішке орай жолға қойылмаған. Біз нақты Қазақстан өзінің ақпараттық тәуелсіздігіне қол жеткізді, өзінің ақпараттық қажеттіліктерін толықтай өтеп жатыр деп айту қиын шығар. Себебін өзіміз көріп отырмыз.Мұның екі жағы бар. Біріншіден, қазір кез-келген арнаны қосып қалсақ, көретін 60-70 телеарналардың кемі 50-і Ресейдікі екенін көріп отырмыз. Айналып келгенде біздің азаматтарымыздың ойын, санасын, әлемге деген көзқарастарын қалыптастырып отырған Ресейдің арналары болып табылады. Екіншіден, ақпаратты алу және іздеу мәселесі.

Журналистеріміздің көбісі ағылшын тілін білмейтіні жасырын емес. Ақпараттардың көбі Ресейдің сайттарына, википедиясына негізделіп жазылады. Ал, тіл – сөйлеудің, ойды жеткізудің құралы емес.

Сол тілдің аясында белігілі бір көзқарастар, өмірлік тәжірибе жинақталады. Бір ғалымның сөзі бар: «тілді үйренген кезде оны құрал деп қарайсың, бірақ ол түбі келешекте сенің қожайыныңа айналып кетуі мүмкін» дейді. Себебі сол тілде қалыптасқан көзқарастар сені билеп алады. Орыс тілінде батысқа болсын, басқаға болсын, кейбір ұлттарға деген көзқарастар жиынтығы қалыптасқан. Ақпараттық қауіпсіздікке қол жеткізгіміз келсе, біздің азаматтарымыздың ой-санасын, пікірін отандық телеарнада, қазақстандық интернет кеңістікте, баспасөзде қалыптастыруды қамтамасыз етуіміз керек. Және соған қажетті ақпараттық өнімді өндіруді қолға алуымыз керек. Мұның бір жақсысы – тілдік мәселенің түйіні шешіледі. Яғни, ақпараттық қауіпсіздікке қол жеткізгіміз келсе, өзімізді қорғағымыз келсе өз тілімізге толығымен өтуіміз керек.

— Сіз үлкен жиындарда, түсіндіру топтарымен бірге елімізге латын әліпбиінің қажеттілігін түсіндіріп жүрсіз. Көп талқыға түскен, қазіргі қабылданған алфавит сіздің көңіліңізден шыға ма?
— Мен өзім латын әліпбиіне өтуіміз қажет деп санаймын. Және бұл ұлт үшін, халық үшін жасалып жатқан нар тәуекел деп есептеймін. Енді сол ел үшін жасалып жатқан нәрсеге олардың көңілінен шығатындай нұсқаны таңдау керек. Біздің тіл мамандары, тіл институты дайындаған нұсқа меніңше, тілдің мүддесіне, техниканың да барлық талаптарына сәйкес келеді. Ал, апостроф деген бөлек таңба және оның көптеген кемшің тұстары бар.

Мысалы google-ға апострофпен мәтін енгізер болсақ қажетті ақпаратты таба алмай қаламыз. Көптеген сауалнамалардың нәтижесі бойынша халықтың 70 проценті бұл нұсқамен келіспейді.

Алдағы уақытта мемлекеттік комиссия құрылады. Осы топтың жұмысының негізінде дұрыс нұсқа таңдалады деп сенемін. Болмаса түптің түбінде еліміз қиындықпен болсын, көп ақшаның шығынымен болсын, басқа да жолмен болсын дұрыс нұсқалы латын әліпбиін қолданатын болады. Негізі осы кезден дұрыс нұсқаны таңдап, көп әуреге түспегеніміз жөн.
— Енді қазақ-қырғыз арақатынасына деген өзіңіздің саяси көзқарасыңызды айтып өтсеңіз
— Менің түсінігімде бұл мәселенің астарына қатысты әртүрлі пікірлер айтуға болады. Бірақ әр нәрсенің астарында экономика жатыр. Мысалы Қырғыстанда екі үлкен қоғамдық келісім бар. Бірінші келісім – гастарбайтерлерге қатысты. Яғни қырғыз үкіметі кезінде «біздің экономикамыз аса жақсы емес, біздің азаматтарымызды шет елдерге барып, жұмыс істеуіне жағдай жасауға тырысамыз» деген. Қырғыстанның экономикасының басым көпшілігі осы гастарбайтерден түскен қаражаттан құралып отыр. Біздің Қазақстанның Қырғыз еліне керек болатыны да осы. Біздің елде 100 мыңға тарта қырғыз азаматы еңбек етіп, нанын тауып отыр. Ресми банктер, басқа да жолдар арқылы бүкіл қырғыз елінің гасторбайтерлері жыл сайын өз елдеріне 1 миллиард доллар қаражат жіберіп отырады екен. Ал бүкіл Қырғыстанның бюджеті 3 миллиард доллар. Ал екінші келісім контрабандаға қатысты. Қырғыздың бүкіл элитасы, тіпті басшылары, өткен президенті де, жаңасы да контрабандалық тауармен байыған адамдар. Белорус елінің президент Лукошенко өз елінің экономикасында бір мәселелер пайда болған кезде Ресейді шулатып алады. Осындай есеппен өздеріне ақша өндіріп алады. Атамбаев сол Лукошенконың рөлін ойнамақшы болған. Бірақ бір нәрседен қателесті. Біз Ресей емеспіз. Бізге Совет одағын жинаудың қажеті жоқ. Қырғызға ерте ме кеш пе, қандай басшы келсе де бізге келеді. Бізден асып, секіріп кете алмайды. Ел деген ұнамаса орнын ауыстырып қоя беретін, ұстайтын ручкасы бар чемодан емес қой. Қалай болғанда да біздің елге қырғыздар тәуелді. Қазіргі таңда қатты ұтылып отыр. Бір Алматының өзінде қырғыздың өнімдері сатылатын. Барлығы дүкен сөрелерінен жоғалды. Нарықты жоғалту оңай, оған қайта ену қиынның қиыны. Олар қазаққа мүлде жоламаймыз, қазақтың бізге қажеті жоқ десе, тауарларын Қытайға шығарып көрсін, Өзбекстанға шығарып көрсін. Өз басым, қырғыздың өнімі тәжікке немесе өзбекке қажет деп ойламас едім. Қытайға өту үшін де, фитосанитарлық және басқа да нормативтерді орындау керек. Біз ет, сүт сынды өнімдерді шет елге шығарған кезде кемі сол елдің бір маманы келіп біздің процестерді өз көзімен көріп шығады. Біздің малымыз қандай шөп жейді, қандай су ішеді, қалай бордақыланады. Бәрін тексеріп шығады. Осы үшін де нарыққа кіру өте қиын шаруа. Ал қырғыздар дайын нарықтан айрылып қалатын болса оған басқалар ие болады. Нарыққа кіруге ендігі талпынғанда көп нәрсеге шығындалатын болады. Демек, қырғыздың басты мәселесі — аталған екі келісімді ұстап тұру. Қырғызстандағы жағдай популизмнің белең алуына алып келді де, жауапкершілік азайды. Барлығы сайлауға қатысады, жақсы адам болып көрінгісі келеді. Ал дәл қазір қырғыздың есі дұрыс саясаткерлері популизмді емес, халыққа ұнамайтын нәрселерді көбірек айтуы керек. Яғни олар өздерінің рахат заманының аяқталғанын ұғып, болашақта дұрыс өмір сүргіміз келсе, мынадай талаптарға сай болуымыз керек деген нәрселерді көптеп айту керек. Қалай болғанда да қырғыз елі бізбен байланыс жасай береді, 1000 шақырымдық шекарамызды айтпағанда, Ресейге не басқа нарықтарға шығу үшін біздің үстімізден өтеді. Сондықтан олар бізден мүлде бөлініп кете алмайды. Біз де Қырғызстан сияқты жағдайдамыз. Билікке кім келсе де, Ресеймен жақсы қарым-қатынас орнатуға біз мәжбүрміз. Абсолютті түрде мәжбүрміз. Осы сияқты қырғыздарда да жауапкершілік пайда болуы тиіс. Кейбір амбицияларды басқа жаққа ысырып қою керек.

— Қазақстанда былтырғы жылы жер дауы көтеріліп, артынша шешімін тапты, биыл универсиада, ЭКСПО-2017 сынды үлкен шаралар өтті. Осы болған ірі оқиғалардан кейінгі еліміздегі саяси ахуал туралы айтып берсеңіз


— Біз көптеген жағдайда осыншама ақша шығардық, тағы да басқа деп сынап жатамыз. Дегенмен біздің елімізде бүгінгі таңда ең үлкен проблема – жұмыссыздық мәселесі, еңбекпен қамту мәселесі. Жақсы болсын, жаман болсын ЭКСПО көрмесі 50 мың адамға жұмыс тауып берді. Универсиада да дәл солай. Біздер амалсыз осындай шараларға баруға мәжбүр боламыз. Себебі жұмыс орындарын құру өте қиын мәселе. Бұл мәселені шешу үшін кемі екі нәрсе керек. Бірі бизнеспен айналысуға мүмкіндік беру керек. Ол үшін шенеуніктеріміз бизнеспен айналысамын деушілерге қолдау көрсетулері тиіс. Яғни шенеуніктердің психологиясы өзгеру керек. Екінші барынша біздің экономикамызда, ғылымымызда алдағы 10-15 жылда бізде қандай проблемалар болады деген сұрақтарға негізделуіміз керек. Қазір мұнайды алып тастасақ жағдайымыз төмендейтіні жасырын емес. Сондықтан мұнайсыз өмір сүрудің тәсілдерін қарастырғанымыз дұрыс. Яғни тағыда тіл мәселесі, еркін пікір алмасы, елге құрметпен қарау, «мен білемін, өзім білемін» деген сияқты философиядан арылу қажет. Сонда ғана дұрыс ел жасай аламыз. Қазіргілер модернизация деген сөзді дұрыс түсінбей жүр. Модернизация деген – бүкіл елдің ертең қалай күн көреміз, қайтсек дұрыс ұлт боламыз деген ойының ми қатпарларында сықыры естіліп тұруы. Сонда ғана қоғамда модернизация жүреді. Біз осыған келуіміз керек және осындай шынайы әңгімені жалғастыра беруіміз керек. Қоғам ашықтықтан қорықпауы керек.

— Дəйекті пікірлеріңіз бен салмақты ойларыңыз үшін көп рақмет!

Сұхбаттасқан: Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ

Тегтер: Айдос СарымбілімдауыЖамбылжерҚырғызстанлукошенкоНазарбаевсаласысаясатсаясиТаразэкспо
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты