• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

АИДА БАЛАЕВА: ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДА ЕРЛЕРМЕН ҚАТАР ЕЛ БАСҚАРҒАН ӘЙЕЛДЕР АЗ БОЛҒАН ЖОҚ

09.03.2021
0
405
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасының кезекті шығарылымында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі еліміздегі әйелдер қауымына қатысты мәселерге тоқталып, мемлекеттік қызметтегі әйелдер рөлі жайлы сұрақтарға жауап берді.

Назарларыңызға Аида Ғалымқызының «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасына берген сұхбатының қысқаша үзіндісін ұсынамыз.

  • 2020 жылы елімізде бала туу бойынша рекордтық көрсеткіштің тіркелгенін былтырғы карантиндік шаралармен байланыстырған дұрыс емес. Ол 2019 жылдың жемісті болғандығының белгісі. Ал карантиннің әсері Қазақстандағы демографиялық жағдайға қаншалықты әсер еткенін биылғы көрсеткішке қарап білуге болады. Жалпы, елімізде көпбалалы әйелдердің қоғамдағы белсенділігі қуантады. Көбі өздерінің жеке кәсіптерін ашып, шаруаларын дөңгелетіп жатыр. Жалпы, Қазақстанда жұмыс жасаймын деген адамға барлық жағдай жасалған.
  • Саясаттағы әйелдер немесе бизнестегі әйелдер деп бөлуге болмайды. Меніңше, мұның бәрі әр адамның жеке қабілетіне байланысты. Жалпы, әйелдердің барлығы еңбекқор, адал, жауапкершілігі мол, бәсекеге қабілетті бола алады.
  • Еліміз Тәуелсіз алған алғашқы күннен бастап Тұңғыш Президентіміз гендерлік саясатқа көп көңіл бөліп келеді. Сондықтан, соңғы кездері елімізде саясаттағы әйелдердің саны артып келе жатқандығы қуантады. Сондай-ақ, кәсіпкерлік саласында да нәзік жандыларымыз көбейіп жатыр. Егер әйел адам өз әлеуетін жүзеге асырғысы келсе және оған отбасының қолдауы қосылса, онда ол мақсатына жетеді. Дегенмен, әр әйел өзінің түпкі миссиясын дұрыс түсініп, дені сау ұлт тәрбиелеу, бала бағудағы міндетін дұрыс ұғынуы керек.
  • Біздің әйелдерге Шығыс менталитеті тән. Саясаттағы болса да, бизнестегі болса да, кез келген әйел үйге кіргенде барлық мәселесін ұмытып, ардақты ана, аяулы жар, ошақ қасына айналады.
  • Қазақ тарихында ел басқарған, ерлермен қатар аттан түспеген әйелдер аз емес. Қазақ ешқашан әйелді кемсітпеген. Кейбір басқа ұлттарда әйелдер ерлермен бір дастарханда отырмайды, ерлерге бет-жүздерін көрсетпейді. Бізде мұндай ешқашан болмаған. Әйел әрқашан отағасының қасында отырған, бетін тұмшаламаған. Отбасын басқаруды да, елді басқаруды да әрдайым ер азаматпен қатар жүргізген. Әйел адам отбасында байланып отыруы тиіс деген нәрсе бізде болған емес.
  • Статистика бойынша Қазақстанда 22 000 үкіметтік емес ұйымдар бар дейтін болсақ, оның 80 пайызын әйелдер басқарады. Саясаттағы әйелдердің де саны артып келеді. 2019 жылдың көрсеткіші бойынша мемлекеттегі әйелдердің үлесі – 55,4%. Соның ішінде орта басшылықтағы әйелдердің үлесі 40 пайызға жуықтайды. Бұл дегеніміз, ертең үлкен саясатта да әйелдердің үлесі көбейеді деген сөз. Өйткені, мұның барлығы үлкен қызметтерге дайын тұрған кадрлар.
  • Әйел заты кез келген нәрсеге мұқият қарайды. Мәселен, мемлекет тарапынан болып жатқан қолдауларды да дұрыс пайдаланып, әрдайым игілігіне жаратып жатады. Сондықтан, Қазақстанда әйелдер арасындағы кәсіпкерлік жақсы дамыған.
  • Еліміздің ауылдарындағы шаруашылық қожалықтарының 50 пайызын әйелдер басқарады. Олардың табандылығы, мақсатына жету жолындағы еңбекқорлығы әрдайым нәтижесін беріп келеді. Олар ешқашан мүмкіндікті мүлт жібермейді.
  • Ауыл шаруашылығы қожалығы кәсіпкерлігінің маңызы өте зор. Өйткені, бұл өскелең ұрпақты еңбекке баулу тұрғысында үлкен рөл атқарады.
  • Бала тәрбиесі, ең бастысы, анаға байланысты. Ұлт тәриесі, адамның ішкі руханиятын қалыптастыруда, тілімізді сақтап қалуда, дәстүрімізді жалғастыруда әйел затының маңызы зор. Әйел адамының қай жерде қызмет еткені маңызды емес. Ең бастысы, әйел өзінің осы бір маңызды миссиясын ұмытпауы керек.
  • Әже тәрбиесін, апа мейірімін көрген бала әрқашан ерекше болады. Менің балаларымның өнегелі болып өсуінде анамның үлесі зор.
  • Мемлекеттік қызмет – әскер сияқты. Мұнда қатал тәртіп, зор жауапкершілік және еңбекқорлық керек.

Сұхбаттың толық нұсқасы төменде:

https://www.youtube.com/watch?v=3vPUASYaXPY

Тегтер: бизнесМИНИСТРсаясат
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

19.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

19.05.2025
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты