Аcқар Исабекұлы Жуалы ауданында бой көтеріп жатқан жоба құны 3,4 миллиард теңге болатын «Қаралма» таулы сауықтыру базасына барып, құрылыс жұмыстарын барлады.
Шақпақ ата ауылдық округіне қарасты Т.Дүйсебайұлы атындағы ауыл аумағындағы тау-шаңғы базасының құрылысының басым бөлігі аяқталған. Бүгінде тиісті жұмыстар қызу жүргізілуде. Онда сауықтыру, тынықтыру мақсатында қыс мезгілінде қысқы спорт түрлері, тау шаңғысы, сноуборд, жаз мезгілінде велотуризм, жылқымен серуендеу және тағы басқа қызметтер көрсетілмек.
Демалыс базасы бір мезгілде 2500-3000 адамды қабылдауға қауқарлы. Орнатылатын арқан жолдарының саны – 4, тау шаңғы жолдарының ұзындығы – 9150 метрді құрайды.
Ақпарат Біржан Сартбек фейсбук аккаунтынан алынды.