Ойын Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің қолдауымен «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұйымдастырды.
Зияткерлік жарыстың алғысөзі ақын Сәт Мәлібекұлы және «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» ЗТБ басқарма төрағасы Исламбек Дастан сөз сөйледі.
Шараның мақсаты “Əулиеата кітап оқитын өңір” жобасын жастар арасында танытып, кітап оқу мəдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл іс-шара жастардың алған білімін көпшілікпен бөлісуге, ой-талқы жасауға, білім алу мен білім беру ісін дамытуға арналған тамаша мүмкіндік.
2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшелерінің Ұлттық кітап күнін құру туралы бастамасын қолдап, оқуға деген сүйіспеншілік – қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды қасиеттердің бірі екенін атап өтті.
Ойын нәтижесі бойынша гранд финалға (облыстық ойынға) Шу ауданына атынан І орын Абай орта мектеп (І орын, 500 мың теңге) жолдамаға ие болып, М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі (400 мың теңге), 3 орын Домалақ ене атындағы орта мектебі (300 мың тенге) иеленді.