Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен полковник Шапағатов Манарбек Қайыргелдіұлы Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды. Оның кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілді.
Шапағатов Манарбек 1975 жылғы 3 ақпанда Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданында туған. 1995 жылы ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін, 2005 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын тәмамдады. Мамандығы өрт қауіпсіздік инженері.
Құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бастап қызмет етеді. Өз қызметін Көкшетау облысының Щучье ауданы мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инспекторы лауазымынан бастады. Қызмет атқарған жылдары әртүрлі басшылық лауазымда болған. 2015 жылдан бастап Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.
Дереккөз-ҚР ТЖМ баспасөз қызметі