Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай облыстағы журналистер мен әлеуметтік желіні белсенді пайдаланушылар арасындағы шығармашылық байқауына қатысуға дайындалған материал. Байқаудың мақсаты Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығы, өмірі мен өсиетін халық арасында тереңірек насихаттап, өскелең ұрпаққа тұлғалардың еңбектерін танып білуге ақпараттық қолдау көрсетуді арттыруға БАҚ өкілдерін тарту болып табылады.
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы жайлы деректерді бізге бүгінгі күнге жеткен қазақ әдебиетінің теңдесіз ЕҢБЕГІ Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” роман эпопеясы орны ерең. Абай Құнанбайұлының еңбектері туралы Мұхтар Әуезов Атырау облыстық «Социалистік құрылыс» газетінің 1945 жылғы 8 тамыздағы санында жарияланған. Абай шығармаларын қазақ халқының көп ғасырлық қасиетін бойына жиған ерекше қазына ретінде зерделеп, ақынның туған халқының және күллі адамзаттың өнер, ой байлығынан алған үш үлкен салалы түп-төркіні, үш қайнар бұлағы бар екендігін жеке-жеке қарастырады:
- Мұның біріншісіне қазақ халқының бағзы заманнан есте сақтап, дамытып келе жатқан ауыз әдебиетінен Абай көп нәр алып, сол арқылы өз поэзиясын көркейтумен қатар, өзіне дейінгі құрғақ насихатқа құрылған ақындар шығармашылығын қатты сынға алғандығын, ескі, зиянды әдеттерден арылып, жаңа қоғамды Еуропа мәдениетінен үлгі алуға шақырғандығын паш етеді, қоғамды қайта құру мен тәрбиелеу арқылы халыққа қызмет етуді өзі негізін салған жаңа поэзияның жоғары мақсаты, тарихи парызы екендігіне оқырман назарын аударады.
- Екінші рухани қайнар бұлақ — Абайдың шығыс поэзиясымен байланысы да өзгеше болып, оған Фирдауси, Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули, Бабыр шығармалары қатты әсер еткендігін, сонымен бірге шығыс әдебиетінің кері бағыттағы ағымдарынан бас тартқандығын айта келіп: «Араб — мұсылман Шығысының әдебиетін де Абай өз шығармаларына тандап енгізгендігін» тілге тиек етеді.
- Ұлы ақын поэзиясының үшінші рухани нәрі — орыс және еуропа әдебиетін, орыс және еуропа әдебиетінің әсері нәтижесінде «Абай қазақ поэзиясына өлеңнің жаңа түрлерін, жаңа тақырыптарын енгізді, жаңа әлеуметтік мазмұн берді. Бұның өзі қазақ поэзиясының сапасын ерекше арттырды» деп, Абай поэзиясының Пушкин шығармашылығымен, Абай сатирасының Салтыков-Щедрин сатирасымен ұқсастық жақтарына талдау жасайды. Абайдың ірі ойшыл, талантты композитор ретіндегі еңбектеріне қысқаша топталып, «Қазақтың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, Қазақтың классикалық поэзиясының биік шыңы»
Абайдың қара сөздерін әр жасымда әртүрлі түсініп оқимын. Осыдан жүз жыл бұрын жазылсада мәні мағынасы әлгі күнге дейін жоғалмады. Абай барша ұғымның шын мәнін ашып беретін бірден бір өлшем — еңбекке көзкарас деп санайды. Алтыншы сөзінен» мына бір үзіндіні келтірейікші: «Қазақ айтады: «Бірлік болмай тірлік болмайды», — деп. Сондағы айтып отырғаны қай бірлік?.. Қазақ ойлайды… ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дөулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік — акылға бірлік, малға бірлік емес… Бірлік малға сатылса, антұрғандық… Ағайын алмай бірлік кылсын… сонда әркім несібесін кұдайдан тілейді, не шаруа іздейді… Әйтпесе, елі біріне бірі пәле іздейді… Мұның қай жерінен бірлік шықты? «Ырыс алды — тірлік» дейміз. Қай тірлік?.. Жаны кеудеден шықпағандық па? Ондай тірлік итте де бар… Ол айтылған тірлік бұл емес. Көкірек, көзіңіз тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсан да, көкірегінің әлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың». Айтудай-ақ айтқан емес пе? Абайды мұқият оқыған адам оньң көзқарастары күні бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ақ, көштің басын баяғыда-ақ жөнге салып алуға болатын еді.