Бүгін “Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» ЗТБ Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысымен және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырған «Өңірлік ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасының қорытынды шарасы«Үкіметтік емес ұйым және қоғам» атты нетворкинг алаңы өтті.
Нетворкинг алаңының мақсаты – үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қоғамның назарын аудару, жас және кәсіби ҮЕҰ-ға қолдау көрсету, азаматтық сектор, ҮЕҰ өкілдері мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту үшін тәжірибе алмасу, сондай-ақ серіктестік орнату.
Аталған шара аясында “Баспа ісі, авторлық құқық”тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Сондай-ақ, «Қазақша Quiz» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды
Шара соңында 3 үздік әлеуметтік идея жеңімпаздары марапатталды. Әр жобаға 100 000 тенге көлемінде сыйлықақы берілді.