Тараз қаласындағы Төле би атындағы №8 гимназиясының 3 сынып оқушысы Қабылбек Інкəр Италия астанасы Рим қаласында өткен әлемдік деңгейдегі «Primavera Romana» музыкалық шеберлік байқауында пианинода ойнау бағыты бойынша жүлделі 3 орынды иеленді деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпараттық агенттігі «Di’nara Di» фэйсбук аккаунтына сілтеме жасап.
— Тараз қаласындағы Төле би атындағы 8 гимназиясының 3 сынып оқушысы Қабылбек Інкəр Италия астанасы Рим қаласында өткен әлемдік деңгейдегі «Primavera Romana» музыкалық шеберлік байқауында пианинода ойнау бағыты бойынша жүлделі 3 орынды иеленіп, еліміздің атын әлемге танытса, өзі білім алатын үздіктер қатарындағы білім ошағының мәртебесін биіктетті. Тараз қаласының кішкентай ғана тұрғыны Інкəр болашақта әлемдік деңгейдегі музыкант болуды армандайды. Музыка əлеміндегі Қазақстанның атын асқақтатуды мақсат етіп қойып отыр. Інкəрға сəттілік тілейміз! — деді Di’nara Di.