• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 20:35
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

2018 жылы жоспарланған сәулет жобалары туралы

turan_admin turan_admin
31.03.2018, 22:47
Облыс жаңалықтары, Саясат
269
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жасау керек екендігі көрсетілген. Аталған идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейтінін атап кеткен.
Тараз қаласы еліміздегі ең ежелгі, тарихы мол шаһар екені бәрімізге мәлім. Қаланың бұрыннан келе жатқан көне тарихы, ерте заманнан қалыптасқан бет-бейнесі, сәулеті қалыптасқан жасыл қалалардың бірі екеніне ешкімнің дауы жоқ. Тараз қаласының тарихи құндылығын негізге ала отырып 2010-2025 жылдарға арналған қаламыздың бас жоспары дайындалған. Бас жоспар бойынша қала орталығында бұрынғы ескі қала аумағынан «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени орталығын орналастыру бойынша тарихи-мәдени аумақты қайта құрудың концепсиясы бекітілген болатын.
Сол концепсия негізінде орталық аумақты тарихи қалыптасқан көшелер жүйесін ескере отырып, тиімді етіп қайта жобалау жұмыстары жүргізілуде. Қайта жобалау жұмыстары барысында қала орталығындағы бұрыннан қалыптасқан көшелер жүйесін ескере отырып, Қарахан баба, Дәуітбек кесенелерін, «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени орталығын, Тектұрмас әулие кесенесін жалғастыратын біртұтас туристік жолдар концепциясы қарастырылуда.
Қала орталығының «Көне Тараз» тарихи-мәдени аумақ ретінде қайта құру жұмыстарына сәйкес, негізгі туристік бағыттағы қала көшелерінің бас жоспарға сәйкестендірілген, сәулеттік келбеті нақтыланған, толыққанды егжей-тегжейлі жобалары дайындалуда.
Дайындалып жатқан жобаларда қаламыздың негізгі магистралды көшелерінің сәулеттік келбеті, көше бойындағы құрлыстардың орналасу тәртібі, құрылыстардың нысаналы мақсаты, құрылысты реттеу «қызыл сызықтары» нақтыланып, көшені кеңейту, велосипед жолдарын орнату, қасбеттерінің әрлеу шешімдері көрсетілетін болады. Сонымен қатар аталған көшелердің қайта құру аумағына кіретін жерлердегі болашақта салынатын құрылыстардың келбеті мен орналасу көлемі анықталып, аталған аумақтағы бұзылуға жататын нысандар нақты белгіленеді. Сондай-ақ осы көшелердің бойында демалыс аумақтарын орналастыру, саяжайлар мен скверлерді қайта жаңғырту, көше бойындағы сәулеттік-көркемдік нысандарды орнату бойынша жобалық ұсыныстар бекітіледі. Мысалы: Жамбыл даңғылы жоспарлау жобасы қалаға кіре беріс шығыс қақпа мен кіре беріс аумақты, автобекет аумағын және Қонаев көшесіне дейінгі аумақты қамтиды. Жоба құрамында қаланың кіреберісіндегі аумақтың бет-бейнесі, автобекет маңынан Алматы және Сарыкемер бағытындағы жол торабынан жолайрық салу жобасы, Жамбыл даңғылы бойындағы ғимараттардың сәулеттік жобасы қарастырылады. Төле би көшесінің жоспарлау жобасы әуежайдан бастап Бектұрғанов көшесіне дейінгі аумақты қамтиды. Сонымен қатар Абай даңғылы, Комратов кошесі, Сүлейменов, Пушкин көшелерінің жоспарлау жобалары да осы бағытта жүргізіледі.
Осы жобалар құрамында Талас өзенінің бойына үш жерден демалыс орындарын орналастыру жобасы жасалып жатыр. Олардық біріншісі қаланың солтүстік-шығыс шекарасындағы «Қазақ ауылы» мен «Аю тропик» демалыс орталығының аралығында, екіншісі 14 шағын аудан жанында, үшіншісі Талас өзенінің «Тектұрмас әулие» бөлігінде жобалануда.
Сонымен қатар аталған жобалау жұмыстарында қаланың шығыс бөлігінде орналасқан «Тектұрмас» таулы аумағын жаздық мезгілде этнографиялық-экологиялық демалыс орталығы мен қыстық мезгілде шаңғы тебетін, шанамен сырғанайтын демалыс орталығына айналдыру қарастырылмақ. Бұл жоба «Тектұрмас» аумағының экологиялық тұрақтылығын сақтауға және осы аумақтағы зираттарды реттеуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыстардың барлығы қаламызды дамытуға және адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бойынша жасалған Тараз қаласының Бас жоспарының негізінде жүргізілуде.

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ж.Өмірзақов

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.