Ағымдағы жылдың наурыз айының 28 мен 29 күндері аралығында Орал қаласында өткен математика пәні мұғалімдерінің республикалық «Математикалық регата» олимпиадасында Жамбыл облысының 4 ұстазы жеңімпаз атанды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен білім додасы педагогтардың кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру мақсатында өтті.
Республикалық деңгейде алғаш рет өткен білім сайысына барлық облыстар мен Астана, Алматы қалаларынан 18 команда қатысып, бақ сынады. Әр команда құрамында төрт ұстаздан болды.
Төрт кезеңнен тұрған олимпиаданың бірінші кезеңі математикалық анализ негіздері, екінші кезеңі геометрия, ал үшінші кезеңі логика бойынша өткізілді.
Сайыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысының командасы жеңіс тұғырынан көрініп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.