Қазақ сайттары редакторларының форумы басталды
Форумның алғы сөзін «QAZAQSTAN” ұлттық арнасының басқарма төрағасы Ерлан Қарин алды.
Форум Қазақстандағы АҚШ елшілігі, Қазақстан баспасөз клубының қолдауымен өтуде. Төрт бөлімнен құрылған форумда бүгінгі қазақ сайтының келбеті жайында танымал журналистер мен сарапшы мамандар маңызды ой өрбітуде. Нақтырақ, бірінші бөлімінде — Қазақ сайттары: контент сапасы және оқырман талабы, екінші бөлім — Бәсеке, жарнама, қаржыландыру және монетизация, үшінші бөлім — Жаңа медиа және дәстүрлі БАҚ, төртінші бөлім — Қазіргі трендтер және жаңа технологиялар.
Форумның спикерлері: Бэлла Орынбетова — el.kz порталының бас редакторы; Қайрат Матреков — 365info.kz сайтының шеф-редакторы; Ербол Серікбай — «Baribar.kz» жобасының негізін салушы; Мұрат Жұманбай — «Азаматтарға арналған үкімет» МК өкілі және т.б.
Форумға Астана, Алматы қалаларының және республиканың əр аймағынан сайттардың бас редакторлары қатысуда.
Фото: Ерлан Қариннің жеке парақшасынан алынды.
TURANINFO.KZ