• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қожамжарова дүркіретіп той өткізді

22.10.2017
0
Қожамжарова дүркіретіп той өткізді
345
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдық мерейтойына орай аталып өтті. Мерекелік жылмен ортақтаса институтқа университет мәртебесі берілгендігі туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев таныстырды.
Кішкене тарихқа жүгінетін болсақ, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің 1967 жылғы 13-мамырдағы №340 Қаулысына сәйкес ҚазССР Жоғары және арнайы орта білім беру министрлігінің №401 бұйрығымен Октябрьдің 50 жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институты ашылды. 2004 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің №128, 2004 жылғы 3-ақпандағы шешімдерін жүзеге асыру туралы» №174, 2004 жылғы 4-наурыздағы бұйрығына сәйкес Тараз мемлекеттік педагогикалық институты болып қайта құрылды.
Екі күндік мерейлі той ТарМПИ Музейінің ашу лентасын Аягүл Миразова мен институттың экс – ректоры, математик, академик Мұхтарбай Өтелбаев кесті. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы мәжіліс залының арнайы шақырылған қонақтарға тыныстырып «Түркі әлемі/ Тюркский мир» халықаралық ғылыми журналын шығару туралы меморандумға Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, т.ғ.д., академик, профессор Д.Қожамжарова, Қарабюк университетінің профессоры (Түркия) Е.Капаганның, Джиззак мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры (Өзбекстан Республикасы) А.Мамадов қол қойды.

Ректорлар Аллеясының салтанатты ашылу рәсімі және «Болашаққа хат» капсуласын мемориалды тақтайшаның астына бекіту рәсімдерін Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, т.ғ.д., профессор, ұлттық ғылым академиясының академигі Д.Қожамжарованың және институтың студенттік ректоры Д.Бәйдібектің қолымен салынып 2067 жылы ашылатын болды.


Мерейтойдың басты бөлімі «Баласағұн» орталық концерт залында «Заманауи білім беру тенденциялары: болашаққа көзқарас» тақырыбында І Халықаралық ғылыми Конгрессі өткізілді. Конгресте ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің, облыс әкімі К.Көкірекбаевтың, Ұлттық ғылым академиясының президенті, химия ғылымдарының докторы, профессор, академик М.Жүріновтың, Қазақстанның Еңбек Ері, ТарМПИ түлегі А.Миразованың, Қарабюк университетінің профессоры (Түркия) Е.Капаганның, Томаш Бати университеті Ph.D докторы (Чехия) К.Немчкованың құттықтаулары мен баяндамалары тыңдалды. Конгресс соңы «Ұрпақтар сабақтастығы» атты ТарМПИ түлектерінің слеты, институттың жұлдызды түлектерінің қатысуымен гала-концерті өтті.

Институттың өсіп-өркендеуі үшін еңбек еткен, шәкірт тәрбиелеудегі елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен, «Ы.Алтынсарин», «ҚР Білім беру құрметті қызметкері», «ҚР ғылыми дамуына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және Жамбыл облысы және Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатымен, облыстық және қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Құрмет грамотасымен, облыстық Кәсіподақ ұйымының грамотасымен үздік қызметкерлер марапатталды.

«Рухани жаңғыру: Ұлттық код», «Рухани жаңғыру: ХХІ ғасыр ұстазының келбеті», «Рухани жаңғыру: латын әліпбиіне көшудің тарихи тағылымдары, жаңа белестері», «Білім берудің Қазақстандағы тренді» және «Білім беруді интернационализациялау» тақырыптарында мастер-кластар өткізілді.
Университет түлектері А.Миразова (Қазақстанның Еңбек Ері), Г.Исимбаева (Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары), М.Сарыбеков (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университет ректоры), Е.Саурықов (Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры), Г.Мұхтарқұлова (Жамбыл облысы ІІД баспасөз хатшысы), Б.Мөрбеков («Панорама» ақпараттық орталығының төрағасы), У.Болатбек (Жамбыл облысы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы), Т.Камал (Жамбыл облысы Жастар мәслихатының төрағасы); Қазақстан эстрадасының әншілер Д.Таңатаров, Қ.Махан, Т.Әшімбекова, С.Бәкір, Б.Сейдуалиева. Д.Маханбаева, Ә.Уашева және облыстағы мектептердің 70 пайыз директорларын айта аламыз.






Суреттер Тараз педгогикалық университетінің ақпараттық-имидждік қызметінен алынды.
TURANINFO.KZ

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты