Тәуелсіздік жолы — Елбасы жолы
Еліміз өз тәуелсіздігін алып, өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасқалы да ширек ғасырдың жүзі болыд. Тәуелсіздік алған жылы дүниеге келген ұрпақ ел тізгінін ұстайтын, еліне адал қызмет етуге дайын азамат болып қалыптасты.
Міне ата-бабамыз армандаған еркін күнде туды. Оның ауасын жұтып, топырағын басып жүргеліде біраз уақыт өтті. Осы тәуелсіздік алған жылдары қазақ елі бір қатар қиыншылықтар мен жаңа тың реформаларды бастан кешірді. Ол әрине «Тәуелсіздік жолы — Елбасы жолы» деп бағалауға болады.
Тәуелсіз алған тұста Қазақстанның қолында ядролық қару болғаны мәлім. Енді ғана тәй-тәй басқан елдің оны игере алмайтыны өз алдына, мұндай қаруы бар елдің үнемі қауіп-қатерде болатыны белгілі. Алпауыт елдердің кепілдігін ала отырып, әлемде бірінші болып ядролық қарудан бас тарттық. Қазіргі таңда әлемде бибітшілік ұранын алғаш көтерген елдер қатарында келеміз.
Елдің ел болуы, қалықтың тату-тәті өмір сүруі оның шекарасының беріктігі, елінің тыныштығы екені сөзсіз. Осы орайда Н.Назарбаев ең алдымен елдің шекарасын нықтап алуға көп күш-жігер жұмсады.. Ал бұл — өте күрделі мәселе. Себебі түстікте күн санап қарасы молайып келе жатқан өзбек ағайынға да әр сүйем жер қымбат. Ал Ресейдің де кеше ғана өзінен «еншісін» алған мемлекетке шекесінен қарағысы келетіні тағы мәлім. Мол газдың арқасында бөркі қоқырая түскен түрікмендерге де жер артықтық етпейтін… Міне, осы мәселелер біржола шешіліп, Қазақстан әлемдік қауымдастық мойындаған халықаралық заңдармен шекарасын бекітіп алды.
Біз, ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның тұяғы талатын ұланғайыр жерімізді ата-бабамыз ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғады дегенді жиі айтамыз. Расында да заманында күллі әлемді тітіреткен Түркі қағанатын айтпағанда, берідегі Қазақ хандығы да ешкімге есесін жіберген жоқ. Алайда біраз уақыт өзгенің боданы болып, соның қас-қабағына қарауға мәжбүр болдық. Сол кезеңде де бабаларымыз қара қазан, сары баланың қамы үшін етігімен су кешіп, қолы жаудың жағасында кетті. Олардың ерең еңбегін, төккен терін жоққап шығаруға болмайды. Заманының заңғар тұлғаларының еңбегін еш уақытта жас ұрпақ естен шығармайтындығы сөзсіз.
Осы орайда, Әбіш Кекілбайұлы жазғандай, жер асты байлығы игеріле бастаған ХХ ғасырда ғана алпауыт елдердің назары байтақ қазақ жеріне шындап ауа бастады. Ал біз басымызға өз бөркімізді киген тұста күллі әлем жаһандану жолына түсті. Сондықтанда біз қанша қалағанымызбен әлемнің алпауыт елдері бізді өз-өзімізбен қалдырмайтыны анық еді. Әрі сонша байлықты өзіміз игере алмайтынымыз белгілі-тін. Сол себепті де Н.Назарбаев әлемнің барлық елдерінен инвестиция тартты. Сарапшылардың пікірінше, соның арқасында экономикамыз аяғына тік тұрып қана қоймай, қауіпсіздігімізді де нығайтып алдық. Өйткені бізде әлемнің «ауа райын» жасайтын елдердің бәрінің де бизнесі бар. Ал қыруар қаржы салып отырған олар біздің елде тыныштық болуына әбден мүдделі – деп айтақаны бар.
«Ханда қырық кісінің ақылы бар» дейді қазақ. Әлемдік тәжірибеде мықты билеушілердің жұрттың пікірімен санаспай, өз дегенін жасап, сонысы кейін дұрысқа шыққанын көрсеткен мысалдар көп-ақ. Экономикамыз ботатірсек боп тұрғанда ел астанасын Арқа төсіне көшіру туралы Елбасы пікірі әуелде жұртқа оғаш көрінгені рас. Тіпті Президенттің сенімді серіктерінің өздері «Бұл қалай…» деп қарағандар болды.
Бірақ Елбасы ешкімнің көңіліне қараған жоқ. Әуелі Парламент депутаттарының көзін жеткізді. Сосын Арқа төсіне ту тікті. Астана — жаңа мыңжылдықтағы тұңғыш қала ғана емес, әлемдегі ең әдемі шаһарлардың біріне айналды. Бір кезде Ресей көз алартқан солтүстік облыстардың қазағы молайды. Әрі ел астанасы мемлекетіміздің қақ ортасына қоныс теуіп, тоғыз жолдың торабына айналды.
Міне қазіргі уақытта Елордамыз талай дүркіреген шаралардың куәсі болды. Жастардың жүрегі мен жастар қаласына айналды. Астанада бүкіләлемдік дәстүрлі діндер басшыларының бірнеше съезі өтті. Демек біздің елордамыз — береке-бірліктің ордасына айналды.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып ЕҚЫҰ-ға, Ислам мемлекеттерінің конференциясына төрағалық етті. Бұл да, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік қауымдастық алдындағы зор беделінің арқасы.
Осы уақыт аралығында Қазақстанда тұңғыш рет қысқы Азия, Дүниежүзілік студенттік Универсиада ойындарын, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі де әсем қаламыз Астанада дүркірете ұйымдастырылды. Ал мұндай шаралар рухы биік елдер ғана ұйымдастыра алатыны белгілі.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Конституциясын АҚШ жазып берген Жапония ең алдымен білім алу үшін жастарын шетелге жіберіпті. «Өнер-білім бар жұрттардың» озық тұсын зерделеген жапон жастары алған білімдерін кәдеге жаратып, Жапонияны әлемдегі ең мықты елдердің біріне айналдырды.
Бізде де жастар Елбасы бастамасымен «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алып жатыр. Бұрын Алматыны алыссынатындардың балалары енді әлемнің түкпір-түкпірінен маржан теріп жүр. Сонымен қатар, әлемге танымал профессор-оқытушылар құрамын Қазақстанға тарта отырып, жастардың өз отанында білім алуы үшін «Назарбаев Университеті» ашылды. Қазіргі таңда алғашқы түлектерін ел болашағы үшін ұшырыпта үлгерді. Болашақта олар да Қазақстанның гүлденуіне ат салысары хақ.
Мен жаспын, ел болашағының жарқын боларына сенемін. Себебі айтылған сөздер, берілген уәделер ақиқатқа айналып келе жатқанына үнемі куә болып келемін. Елбасының мына бір сөзі үнемі жадымда сақталған «Әуелі экономика, сосын саясат» деген қағидасы. Міне экономикамыс тіктеліп, саяси аренада беделіміз артып келеді. Ұлттық қорымыз жасақталып, еліміз де болған бірнеше қаржы дағдарысынан аса қиналмай өтті.
Ендігі кезек жас ұрпақтың рухани жаңғыруына мән беру керек екенін Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап өтті. Біз өз кезегінде екі жаңғыруды сәтті аяқтадық. Ендігі кезек үшінші жаңғыруға аяқ басу. Ол үшін әрбір қазақстандық өзінің санасының, рухының жаңғырту қажет. Ел игілігі үшін аянбай еңбек ету қажеттілігі тууда.
Серікбол БЕРІКҚОЖА
ТарМПИ Ақпараттық-имидждік жұмыс бөлімінің басшысы,
Тараз қалалық мәслихатының депутаты.