• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Аналитикалық жаңалықтар

Гарвард пен Кембриджден соғылған алғашқы қоңырау

02.09.2017
0
Гарвард пен Кембриджден соғылған алғашқы қоңырау
349
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Гарвард пен Кембриджден соғылған алғашқы қоңырау

Бүгін елімізде тұңғыш рет Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Білім күніне орай «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбындағы #OnlineBell халықаралық ынталандыру шеберлік дәрісі өтті.

Интерактивті дәріс кезінде Harvard, MIT (АҚШ) пен Cambridge (Ұлыбритания) сияқты әлемдегі аса беделді университеттерде оқып жатқан қазақстандықтармен тікелей бейнеқосылым орнатылды.

Тікелей байланысқа Жамбыл облысындағы жалпы білім беретін ауылдық мектептердің және дарынды балаларға арналған білім мекемелерінің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Онлайн-қосылымда сөз алғандар: Қаныш Тілеушин (MBA, Massachusets Institute of Technology), Шыңғыс Мұкан (Harvard Kennedy School), Әсет Әбдуәлиев (Harvard Kennedy School), Кэмбридж университенінен: Нәзипа Аюбаева, Гүлмира Қанаева. Дәріске модератор болған өзіндік қолтаңбасы бар қоғам қайраткері, идея авторы, белгілі журналист-публицист, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері  Қанат Әуесбай. Арнайы шараға облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова, Жамбыл облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Үскімбаева және басқа да лауазымды басшылар қатысты.



Спикерлердің ішінде Жамбыл облысының екі тумасы да болды. Олар: Кэмбридж университетінде дəріс алып жүрген Нәзипа Аюбаева мен Гүлмира Қанаева.

Нәзипа — Жуалы ауданының тумасы. Көп балалы жанұядан шыққан. Ал, Гүлмира — Тараз қаласына жақын орналасқан Жамбыл ауданы Бектөбе аулында туылған. №37 мектептің түлегі.

Спикерлер өзіндік өмір жолдарындағы қиындықтармен бөлісіп, жасөспіраімдерге адал болуға, мақсат қоя білуге, биік шыңдарға ұмтылуды тілге тиек етті.

Harvard Kennedy School’дан Шыңғыс Мұкан өз сөзінде: «Ауылда мектепті бітіріп, Алматыға келдім. Өзіме қажетті мамандық бойынша тек орыс тілінде оқытады. Қатты намыстандым. Тәуелсіздік ала тұрып, өз тілімізде оқи аламағандығым үшін қатты қынжылдым» деді.

Сонымен қатар, шет елдегі отандастарына Астана қаласындағы №82 «Дарын» лицейі мен Жамбыл облысының оқушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қазақ тілі мен ағылшын тілінде қойды.

Тікелей байланыста болған қазақстандықтар əлеттегі қоңырау сыңғырын естірте, Шыңғыс Мұқан сонау шет елден киелі домбыра үнімен алғашқы қоңырауды соқтырды.

Білім күніне орай «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбындағы #OnlineBell халықаралық ынталандыру шеберлік дәрісі өтуде

Опубликовано Исламбеком Дастаном Суббота, 2 сентября 2017 г.

#onlinebell жалғасуда…

Опубликовано Исламбеком Дастаном Суббота, 2 сентября 2017 г.

Фото мен видео автордікі.
Исламбек Дастанұлы арнайы TURANINFO.KZ ақпараттық агенттігі үшін.

Тегтер: onlinebellӘсет Әбдуәлиевбілім басқармасыгарвардГүлмира ҚанаеваЖамбылкембриджҚаныш ТілеушинНәзипа АюбаеванишТаразШыңғыс Мұкан

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты